место в рейтинге
  • 121132
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МОНАРХИЯЛЫҚ КАПИТАЛ (2 бөлім)

ІІІ. Үшінші кезең: 2002-2007 жж.

 

Бұл кезеңде Қазақстанда қарқынды экономикалық өсу мен ұлт әл-ауқатының артуы байқалды. «Қазақтың экономикалық ғажабының» негізгі себебі – шикізат сатудан түскен табыстың өсуі мен шетелдік несиелер тарту болды. 2002-2007 жылдар аралығында мұнай бағасы барреліне $26-дан $72-ға дейін немесе үш есе өсті. Мұнайды экспорттаудан түскен табыс шамамен бес есеге, яғни $7 млрд.-дан $32 млрд.-ға дейін өсті.

 

Қазақ банктері сол кезең ішінде сыртқы елдерден $50 млрд. ақша тартты. Егер 2006 жылы тартылған ақшаның жалпы көлемі  $15 млрд. құраса, 2007 жылдың соңына қарай бұл сома $45 млрд. құрады. Басқаша айтқанда, біздің банктер Қазақстан экономикасына екі жыл ішінде $30 млрд. құйды.

 

Қазақстандағы таптарға және олардың нақты қатаң бағытта әрекет етуіне әсер еткен себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін экономиканың ақшамен қалай толыққандығын, яғни бюджет өсуі ненің негізінде жүзеге асқандығын және ұлттың әл-ауқатының қалай көтерілгендігін қарастыру қажет.

 

Кез келген саяси өзгерістер негізінде экономикалық базистің жататынын ұмытпайық. Банктік несиелерден бастайық. Банктің тартқан ақшалары қалайша экономиканың өсуіне алып келгенін бақылап көрейік.

 

Банктер шетелден ақша тартқаннан соң, бұл қаржыны Қазақстан экономикасына бірнеше негізгі бағыттар бойынша құя бастады.

 

Біріншіден, құрылыс компаниялар арқылы құйды. Ал сол құрылыс компаниялары банк қаржысын алғаннан кейін, жергілікті өндірушілер мен импорттаушы компаниялардан құрылыс материалдарын сатып алуды арттырды. Сәйкесінше, құрылыс материалдарын өндіру және жеткізу бизнесінде жұмыс жасайтындар қосымша табыс тауып, сол табысты не жеке қажеттіліктеріне, не бизнесін кеңейтуге жұмсады. Бұл компаниялардың бизнесті кеңейтуі жалақының өсуіне және осы саладағы жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

 

Бұдан бөлек, құрылыс компаниялары жер қожайындарынан үлкен көлемдегі жер телімдерін сатып ала бастады. Осылайша түрлі жылжымайтын мүлік объектілерінің иелері өз мүліктерін сатып, ақша алды және оны өздерінің жеке тұтынуларына жұмсады.  Тұтынушылық тауарларды жеткізу және сатумен айналысатын барлық компаниялар өз кезегінде осы қосымша сұранысты сезініп, оларда өз бизнестерін кеңейте бастады. Олардың бизнесінің кеңеюі де жалақының өсуі мен жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

 

Құрылыс компанияларының жер телімін сатып алу, объектілердің құрылысы және сатылымы бойынша жұмысы түрлі делдал компанияларының қызметтеріне, яғни риэлторлар, нотариустар, консультанттарға сұранысты арттырды, ал бұл өз кезегінде штаттың ұлғаюына және осы салаларда жұмыс жасайтындардың жалақысының өсуіне алып келді.

 

Екіншіден, банктер ақшаны экономикаға импорттық тұтынушылық тауар жеткізетін сауда компаниялары арқылы құйды. Мысалы, «Астана Моторс» және «Планета электроники». Сауда компаниялары банктерден алған ақшаны өз бизнестерінің кеңеюіне жұмсады. Бұл жаңа сауда алаңдарының құрылысына, сатып алынуына, сонымен қатар штаттың өсуіне алып келді. Осы әрекеттердің барлығы аталмыш саладағы кірістің, жалақының өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

 

Үшіншіден, банктер ақшаны экономикаға түрлі жылжымайтын мүлік иелері, яғни кіші және ірі жер телімдерінің, пәтерлердің, базалардың, үйлердің иелері арқылы енгізді. Өздерінің мүліктерін кепіл ретінде пайдалынып, олар банктерден несие алып, әлдеқашан бар бизнестерін қаржыландыруға немесе жаңадан ашуға жұмсады. Олардың осындай жұмысы өз кезегінде тағы да жалақының өсуіне және жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

 

Жоғарыда аталған үш салада жұмыс істеген немесе жаңа жүмыс орындарына ие болған тұрғындар бөлігі бұрынғыға қарағанда көбірек табыс таба бастады. Яғни, осы салаларда жұмыс істеген тұрғындардың жалпы табысы жоғағарыда аталған себептерге байланысты өсті. Осы табыстың өсіп жатқандығын көрген банктер Қазақстан экономикасына ақша құюдың тағы да екі арнасын ойлап тапты.

 

Ипотекалық несиелер төртінші бағыт болып табылды және халық тарапынан жылжымайтын мүлікке деген қосымша төлеуге қабілетті сұраныс тудырды. Құрылыс компаниялары жаңадан салынған жылжымайтын мүліктерін сату арқылы қосымша табыстарын тапты, ал екінші нарықта үйлерді сату кезінде жылжымайтын мүліктің барлық басқа иегерлері де табыс табуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, риэлторлар, нотариустар және консультанттар сияқты делдал компаниялар да табыс тауып отырды.

 

Бесіншіден, банктер ақшаны экономикаға халық тұтынушылық несиелендіру арқылы енгізді. Алдыңғы кесте бойынша банктен ақша алған халық тұтынушылық мақсатта жұмсады. Сәйкесінше, тұтынушылық тауар сататын және халыққа қызмет көрсететін компаниялардың барлығы қосымша табыс тапты. Қызмет көрсететін компанияларға жөндеу-құрылыс, сауда, транспорттық компаниялар мен мейрамханалар жатады, олар да өз кезегінде жұмысшылардың жалақысын арттырып, адамдарды жаңадан жұмысқа алды.

 

Банктердің түсінбеген жалғыз нәрсесі, - тұрғындар қаржысы – банктердің жәй ғана айналым жасаған ақшасы екенін түсінбеді. Халықтың қолындағы ақшаны көрген банк иелері, халықты несиелендіруді көбейту туралы шешім қабылдады. Алайда олар халықтың қолындағы ақшаның пайда болуы тек банктердің алдыңғы кезеңде құрылыс, сауда компанияларына, сонымен қатар түрлі жылжымайтын мүлік иелеріне несие бергендеріне байланысты екенін ойланбады. Бейнелеп айтар болсақ, ит өз құйрығын өзі тістеді. Міне бұл дегеніміз елге келетін ақша көлемінің елден кететін ақша көлемінен көп болғанға дейін жұмыс істейтін қаржы пирамидасының жұмыс істеу принципі. 2007 жылы батыстан келетін несие ағымы тоқтады, соңынан «қазақ экономикасының ғажабы» да аяқталды.

 

Банк несиелері экономикамыз бен ұлт әл-ауқатының өсуіне қалай алып келгенін біз көрдік. Енді еліміздің бюджеті қалай және не арқылы қалыптасқанын қарастырайық.

 

Мемлекет экономикалық қызметтегі барлық агенттерге салық салды. Яғни, құрылыс және сауда компанияларының, түрлі жылжымайтын мүлік иелерінің, делдалдық ұйымдардың жасаған барлық келісімдеріне тура және жанама салық салынды. Жаңа жұмыс орындарына тұрған жұмысшылардың жалақысына да салық салынды. Шын мәнінде мемлекет банктердің шетелден тартқан ақшасынан салық арқылы өз үлесін алып отырды. Осы кезеңде мемлекет бюджеті 60%-ға банктердің тартқан ақшасынан, яғни шетелдік инвесторлар ақшаларынан құралды.

 

Осыны растау үшін елге келетін ақшаны, яғни мұнайды сатудан түскен табыс пен банктерден келетін ақша көлемін салыстырайық (4-кесте). Кестені қарастырмастан бұрын, мұнайдан түсетін табыстың барлығы Қазақстанға келмейтінін бізге түсініп алу қажет.  Шикізатты сатудан түскен табыстың бір бөлігін дивиденд ретінде біздің кен орындарымыздың шетелдік иелері алып кетеді. Енді бір бөлігін біз өзіміз экономикаға құймаймыз, оны біз Ұлттық қорда, яғни шетел банктерінің шотында сақтаймыз.

 

Мұнайдан түсетін ақшаның тағы бір бөлігі мұнай жабдықтарының және кен орындарындағы жұмыстардың бағасы аса қатты қымбат болғандықтан және кен орындардың шетелдік иелері елден капиталды алып кету мақсатында пайдаланатын басқа да инвестициялық шығындар болғандықтан біздің елге түспейді. Мұнайдан түсетін жалпы кірістен Қазақстанға тек өндірудің өзіндік құны ғана келеді. Өзіндік құнға салықтың барлық түрі, барлық қызметкерлердің жалақысы, транспорттық шығындар, ағымдағы жөндеу шығындары, сонымен қатар энергетикалық, газ, жылу және су шығындары кіреді.

 

4 КЕСТЕ.

2002-2006 жылғы ҚР қаржы ағынының салыстырмалы анализі, жылына $

2002

2003

2004

2005

2006

Мұнай экспорты

7,160,259,750

9,161,317,500

14,495,566,200

22,846,003,350

29,396,282,400

Шетелдіктердің алатын дивидендтері

1,014,000,000

1,448,000,000

2,376,000,000

4,795,000,000

7,887,000,000

Салықтарды қоса алғандағы мұнайдың толық өзіндік құны

4,297,875,000

5,080,800,000

7,577,400,000

9,210,410,000

9,473,940,000

Ұлттық Қорға жіберілген ақша

675,000,000

1,713,000,000

1,482,000,000

2,947,000,000

6,645,000,000

Қазақстан экономикасына мұнайдан түскен ақшалар

4,297,875,000

5,080,800,000

7,577,400,000

9,210,410,000

9,473,940,000

Қазақстан экономикасына банктерден түскен ақшалар

2,114,000,000

4,099,000,000

7,698,000,000

18,007,000,000

12,623,000,000

Қазақстан экономикасына мұнайдан және банктерден түскен ақшалардың жалпы көлемі

6,411,875,000

9,179,800,000

15,275,400,000

27,217,410,000

22,096,940,000

Банктер арқылы экономикаға енген ақша үлесі, %

32.97

44.65

50.39

66.16

57.13

Мемлекеттік бюджет

5,357,254,697

10,099,317,500

8,677,300,794

15,792,686,635

18,542,582,282

Кесте мәліметтері Қазақстан экономикасында дағдарысқа дейінгі уақытта банктен келген ақшаның көп болуын көрсетеді. Сол кезеңде елге келген ақшаның жалпы көлемін 50%-60%-ға дейін банктің үлесі құрады, демек мемлекеттік бюджет көбіне осы ақшалар негізінде құрылды.

 

Енді Қазақстандағы билік үшін күресетін негізгі таптардың кіріс көздерімен не болғанын қарастырайық (5-Кесте).

 

5-КЕСТЕ. 2007 жылғы таптардың жағдайы

Тап

Кіріс көзі

Саны

Доллармен есептегенде таптың жалпы табысы (жылына)

Доллармен есептегенде 1 адамның орташа табысы (жылына)

Монархиялық капитал (басқарушы тап)

Шикізатты сатудан түскен табыс

6

2 665 245 952

444 207 659

Феодал-шенеуніктер

94 804

11 308 790 201

1. тендерден түскен табыс

Тендерден 10%, ал жер сатудан 50%

2 244

5 766 979 568

2 569 955

Департамент бастықтарынан премьер-министрліктерге дейін

1 832

«Самрұқ-Қазына» жетекшілері

412

710 063 151

Ірі компаниялардың бірінші жетекшілері

48

461 541 048

9 615 439

Қалған жетекшілер

364

248 522 103

682 753

2. пара ретінде алған табыстары

Заң актілерін пара алу мақстанда қолдану

92 560

4 831 747 482

52 201

Капиталистер

Бизнестен түскен табыс

172 630

36 905 295 385

Қалалық

164 115

35 055 711 507

1. ірі

11

1 334 721 030

121 338 275

2. орташа

5 064

24 094 228 421

4 757 944

3. шағын

159 040

9 626 762 056

60 530

Ауылдық

8 515

1 849 583 878

1. ірі

3

218 408 896

72 802 965

2. орташа

641

906 024 235

1 413 454

3. шағын

7 871

725 150 747

92 129

Пролетариат

Жалақы

1 596 000

6 197 100 800

1. Қалалық

1 474 400

5 921 190 400

4 016

2. Ауылдық

121 600

275 910 400

2 269

Қызметкерлер

Жалақы

3 377 500

14 448 534 100

1. Зиялы қауым

1 367 800

4 352 339 600

3 182

2. Жалдамалы жұмысшылар

1 666 000

8 561 574 000

5 139

3. Мемлекеттік қызметкер

343 700

1 534 620 500

4 465

Өзін-өзі қамтамасыз ететіндер

Өзіндік табыс

2 657 600

29 904 959 516

1. қалалық

Жалақы

708 479

13 269 103 191

18 729

2. ауылдық

Жалақы

1 776 481

16 635 856 325

9 365

Люмпен пролетариат

Тұрақты емес табыс

775 507

Зейнеткерлер

Зейнетақы

1 635 033

1 706 974 452

1 044

Студенттер

Шәкіртақы

768 400

474 102 800

617

1-17 жас аралығындағы балалар

4 319 420

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ХАЛЫҚ САНЫ

15 396 900

Кесте мәліметтері монархиялық капиталдың кірісі осы кезең ішінде 15 есе, яғни $200 млн.-дан $3 млрд.-ға дейін өскенін көрсетеді, себебі олардың кірісі көбіне шикізатты сатудан құралады және ешкіммен бөліспейді.

 

Феодал-шенеуніктер кірісінің екі негізгі көзі болды – мемлекеттік бюджетті тонау және пара. Мемлекеттік бюджет осы кезең ішінде тұрақты түрде өсіп отырды, яғни 2002 жылы

$5 млрд.-дан 2007 жылы $19 млрд.-ға дейін өсті. Сәйкесінше, феодал-шенунітердің «азық базасы» 4 есеге дейін өсті. Естеріңізде болса, мемлекеттік бюджет көбіне шетелдік инвесторлардың ақшасына құрылған кәсіпкерлікке салынатын салық негізінде құрылады. Осыған байланысты бюджетті тонаған феодал-шенеуніктер, шын мәнінде шетелдіктердің ақшасын тонады. Мұндай іс-әрекеттер Қазақстандағы қандай да бір таптың мүддесіне қайшы келмеді.

 

Феодал-шенеуніктердің алатын пара көлемі 2002-2007 жылдар аралығында едәуір өсті. Экономиканың өсуі - бизнестің кеңеюін, жаңа құрылыстың, Қазақстанға жаңа тауардың жеткізілуін білдірді.  Ұлттық кәсіпкерлер кәсіпорындар, мейрамханалар, дүкендер ашып, сонымен қатар импорттық тауар әкелу кезінде кеден алымдарын төлеп отырды. Осы қызметтердің барлығы шенеуніктер тарапынан көптеген рұқсат алуды талап етті, осыған баланысты шенеуніктер қажет қағаздарды беру негізінде қосымша табысқа ие бола алды. Капиталисттер табыстары жедел өскендіктен, бұл жағдайда олар үшін салыстырмалы түрде үлкен қиындықтар әкелмеді, сондықтан да екі тап арасында айтарлықтар қарама-қайшылықтар болмады. Шенеуніктердің жалпы табысы 2002 жылы $500 млн.-дан 2007 жылы $11 млрд.-ға дейін, яғни 22 есе өсті.

 

Осы жылдар аралығында капиталистердің табысы банктердің шетелден тартқан ақшасы негізінлде артты - $2,5 млрд.-дан $37 млрд.-ға дейін немесе 15 есе өсті. Кірістің осыншама өсуі бизнесмендерге шенеуніктер тарапынан қойылған ауыр алым-салықтарды сабырлы қабылдауына, тіпті монархиялық капитал алаңына кіруге мүмкіндік берді. Дәл сол кезеңде жеке кәсіпкерлер мемлекетке Қазақстанның шикізат компанияларын сатып алу туралы ұсыныстар жасай бастады.

 

Осылайша біз мемлекеттегі билікке ұмтылып отырған негізгі таптардың табысы дағдарысқа дейінгі уақыттарда әрқашанда өсіп отырғандығын көріп отырмыз, сондықтан да таптар өз араларында өзара қарама-қайшылықтарды сезбеді.



 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
17 февраля 2012, 17:28
734

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Вы ошибаетесь. Могу отстоять свою позицию. Пишите мне в PM, поговорим.
hp color laserjet cp1515n картридж

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13751
  • 29
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10929
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10875
  • 17
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 10006
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8535
  • 34
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4056
  • 9
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3328
  • 62
Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

У него нет растяжек на теле, его не тошнит и не рвет, у него не расходятся кости таза, нет тяжести при ходьбе, его по органам никто изнутри не пинает. Как тяжело выдержать 9 месяцев мужику, бедные...
idol_true
26 мая 2017 / 16:52
  • 3451
  • 95