место в рейтинге
  • 131065
  • 96
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МОНАРХИЯЛЫҚ КАПИТАЛ (5 бөлім)

VII. Жетінші кезең: 2025-2035 жж.

Бұл кезең Орта Азиядағы үлкен құрылымдық өзгерістерінің  бастауы болып табылады. Бүкіл өңір – Ауғаныстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан түрлі деңгейдегі күшпен жана бастайды. Осы мемлекеттер тұрғындарының кедейлене беруі мен экономикаларының күйреуіне байланысты түрлі діни ағымдардың бірден радикализациялануы басталады.

 

Егер осы кезең ішінде біз ұлт ретінде өз мемлекетіміздің экономикалық тұғырнамасын өзгертпесек, онда 2035 жылға қарай Қазақстан Қытай Халық Республикасының бір бөлігіне айналады. Қазіргі мемлекет басшысының президент қызметінен кеткеннен кейінгі 5 жылдан соң Қазақстан фазалық ауысу нүктесіне жақындайды. Біздің алдымызда елдің ары қарай дамуының екі жолы ашылады, оған қоса бұл екі жол да революциялық жол болып табылады. Енді сол жолдардың әрқайсысы бізді қайда алып келетінін қарастырайық.

 

Ең алдымен революцияның экономикалық базасы қайдан шығатындығын анықтап алайық, себебі онсыз барлық пайда болған шиеленістер ішкі жүйе ішінде сөніп, өз кезегінде қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге алып келмейді. Революция базасы өндіріс күштер өндіріс қарым-қатынасты асып түскен сәтте туындайды. Атап өтейік, өндіріс күштер дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде ұлттың жасап шығара алатын барлық тауарлар саны.  Өндіріс қарым-қатынас деп жасап шығарған тауарды ұлттың барлық таптары арасында бөлуді айтамыз.

 

Кез келген қоғамда тауар өндіруші таптар  болады, олар – ұлтты азық-түлікпен қамтамасыз ететін шаруалар, өнеркәсіп тауарларын өндіретін жұмысшылар және өндіріс иелері – капиталистер болып табылады. Аталған таптар көбірек тауар өндіре алып, ал қоғамда қалыптасқан тауар бөлінісі бұған кедергі болса, революцияның экономикалық базасы туындайды. Басқаша айтқандай қоғамдағы басқарушы тап шаруалардың, жұмысшылардың, капиталистердің иелегінде олар өндірген тауарлардың аз бөлігін қалдырады. Ал тауарлардың көп бөлігін басқарушы тап өзіне алады. Оған қоса тауар өндіретін тапқа қалдырылған тауар көлемі жалпы тауарды өндіруге кеткен шығынды ақтамайды, осы себепті де өндірістік күштер мен өндірістік қарым-қатынас арасында қақтығыс пайда болады. Өндірістік қарым-қатынас тауар өндірісінің көлемі мен ұлт байлығын арттыру жолында  тежегіж болады.

Өндірістік күшке еркіндік беріп, қоғамның ары қарайғы экономикалық өсуі үшін елде қалыптасқан саяси-экономикалық жүйені жою қажет. Кез келген революция дәл осылай жасайды. Енді революцияның қандай түрлері бар екенін қарастырайық.

 

Аграрлы революция – басқарушы тап шаруалардан олар өндірген тауарды оларға ешқандай тепе-тең айырбасты ұсынбастан, тартып алған кезде немесе ауыл шаруашылығындағы қалыптасқан жағдай ірі жер иеленушілер қолына жердің шоғырланып, шаруалардың басым бөлігі кедейленген сәтте пайда болады.

 

Буржуазиялық (капиталистік) революция – феодалдардың тауар өндіруші актив иелерінен (капиталистерден) олардың табысының өте көп бөлігін тартып алып, ал оның орнына айырбас ретінде ештеңені де ұсынбаған кезде пайда болады. Яғни, капиталистер өздерінің зауыттарында көп тауарларды шығара алады, алайда феодалдар бәрібір де олардың көп бөлігін тартып алады және шын мәнінде айырбас ретінде ештеңені де бермейді. Аталған жағдайда тепе-тең айырбас ретінде капиталистердің қолына саяси билікті беру болар еді.

 

Пролетарлық  (социалистік) революция – тауар өндіруші актив иелері (капиталистер) жұмысшы жасап шығарған өнімнің қосымша құнының өте көп бөлігін тартып алып, оларды кедейлікте ұстаған кезде пайда болады. Билікте капиталистер табы отырған кезде ғана социалистік революция болуы мүмкін.

 

Революцияның экономикалық базасы түсінігі мен оның қайдан пайда болатындығын қарастырып болғаннан кейін, біздің мемлекетте болуы мүмкін революцияның екі жолын қарастыруға көшейік.

 

Бірінші жол тауар өндіруші актив иелері – капиталистерге саяси билікті беру арқылы дамыған капиталистік мемлекет құруды болжайды. Егер Қазақстан осы жолмен барса, елде буржуазиялық революция орын алады. Біз экономикалық тұғырнамамызды өзгертіп, өндірісті ұлтқа айналамыз, ал біздің ел даму деңгейі бойынша қазіргі Швейцария еліне айналады. Қазақстан Орта Азиядағы қирап жатқан елдер үшін жауапкершілікті өз мойына алып, экономикалық интеграция арқылы Европа одағы секілді экономико-саяси бірлестік құрады.

 

Буржуазиялық революция бейбіт жолмен және күш қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бірінші жол бойынша өткен мемлекеттер: Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және Чили. Осы мемлекеттердегі монархиялық капитал барлық қажетті өзгертулерді «жоғарыдан» жасады, кейін өзі капиталистер табымен аралысып кетті.

 

Өз уақытында күш қолдану арқылы жүзеге асатын жолды Түркия мен Қытай таңдады. Түрік немесе Кемал революциясы Түрік сұлтаны мен елді шетелдік бақылауға алған Англия, Франция және Италия елдеріне қарсы бағытталды. Қытай революциясы Қытай императоры мен Қытай елін шетелдік бақылауға алған Англия, Франция және Жапонияға қарсы болды. Ұлттық буржуазия, жұмысшылар мен феодалдардың прогрессивті бөлігінен құралған одаққа негізделген революция екі елде де жеңіске жетті.

 

Енді біздің елде бейбіт революцияның болу мүмкіндіктерін қарастыруды бастайық. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл жағдайда басқарушы тап саяси билікті өз еркімен капиталистер табына беруі қажет. Осы жағдайдың орын алуы үшін революцияның экономикалық базасы қажет, яғни өндірістік күштер өндірістік қарым-қатанысқа қарсы шығуы керек. Осы нұсқа бойынша Қазақстанның жағдайын  қарастырып көрейік.

Біздің ұлт шартты түрде 100 бірлік тауар тұтынады делік. Осы 100 бірілік тауардың біз тек 10-н ғана өзіміз өндіреміз, ал қалған 90-ы шикізатты айырбастау арқылы импорттан келеді. Сонымен қатар, шикізатты адам өз еңбегімен жасамағанын түсінген жөн. Мұнайды сатудан түскен кіріс тек табиғи рента ғана. Осылайша біз Қазақстанда буржуазиялық революцияның болу алғышарттарының жоқ екенін көріп отырмыз.

 

Жағдайдың өзгеруі үшін, өндірістік күштер өндірістік қатынаспен қақтығысқа түсуі қажет. Яғни біздің өндірушілер 100 тауардан көбірек өндіре бастауы тиіс. Ал бүгінгі күні олар 10 есе төмен өндіреді, сәйкесінше, Қазақстандағы таптардың басым бөлігі біздің капиталистердің табысының бір бөлігін тартып алған ақшаға емес, ал мұнайды сатудан түскен табысқа өмір сүреді. Осы арқылы тауар өндіруші таптар мен қоғамның басқа бөліктерінің арасында аса қатты қайшылықтың жоқ екендігі дәлелденеді.

 

Сонымен қатар әзірше бізде тауар өндірісін 10 есе арттыратындай және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арқылы ұлттың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай қабілеттіліктің жоқ екені айдан анық. Міне сондықтан да қазіргі Қазақстандағы революциялық өзгерістер тек жоғарыдан болуы мүмкін және толығымен басқарушы таптың ынтасына байланысты.

 

Бейбіт революцияның жолы монархиялық капиталдың табиғи рентадан түскен табысты өз еркімен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықты қайта жабдықтауға жұмсауын болжайды. Осыдан кейін отандық өндірушілер ұлттың тауарға деген барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете бастайды. Біздің мысалда олар 100 бірлік тауар өндіреді. Осы кезде революциялық жағдай туындайды: капиталистер тауар өндірісін 110 тауарға дейін өсіруі мүмкін, осылайша ұлттың тұтынуы артады, бірақ оларға қайтадан тауар өндіру үшін ынталанатын тепе-тең айырбас қажет. Осы жағдайда саяси билікті беру революциялық жағдайдың шешімі және қажетті деңгейдегі тепе-тең айырбас болып табылады.

 

Капиталистер мен қоғамның арасындағы келісім жасалғандай көрініс болады. Бизнестер ұлтты қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алады, ал ұлт оларға билік етуге құқық береді. Ұлттық байлықтың артуы – капиталистердің билік үшін берген төлемі.

 

Бірақ, әуелі Қазақстанның билік етуші табы (монархиялық капитал) келесі шараларды жасауы қажет екендігін қайталайық:

 
  1. Шикізатты сатудан түскен барлық табысты мемлекет меншігіне қайтару. Яғни кен орындардың қазіргі иелеріне ақшалай өтемақы төлеу арқылы 100% мемлекеттендіру жүргізу.
  2. Мемлекеттендірілген кірісті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықты қайта жабдықтауға бағыттау.
  3. Шикізаттан түскен кірісті тауар өндірушілерге беретін тура және жанама субсидияға бағыттау.
  4. Экономиканың тауар өндіру салаларынан барлық әкімшілік кедергілерді алып тастау.
  5. Жабық тәуелсіз қаржы жүйесін құру.
  6. Экономикалық қайта жаңару кезінде мемлекеттен капитал шығаруға тыйым салу.
  7. Қазақстанда өндірілетін тауарлар санаты бойынша ішкі нарықты квота арқылы жабу.
  8. Инфрақұрылым, электроэнергетика, коммуналды шаруашылық және т.б. сияқты экономиканың монополиялық салаларын мемлекет меншігіне қайтару.
  9. Мемлекеттік органдардың тауар өндіруші кәсіпорындарды сот шешімінің қаулысынсыз немесе қылмыстық іс қозғалмай жатып тексеруіне тыйым салу.
 

Аталған шаралар тауар өндірісін 10-нан 100-ге дейін (шартты түрде) артуына алып келгеннен кейін, монархиялық капитал саяси билікті капиталистерге беріп, өзі солардың арасына сіңіп кетеді. Осы сәттен бастап, ұлттың қажеттіліктері табиғи рента арқылы емес, ішкі тауар өндірісі арқылы қамтамасыз етіле бастайды. Әрине, бізге қажетті тауарлардың барлығын біз өндіре алмаймыз, сонымен қатар халықаралық еңбек бөлінісін ешкім жоққа шығармайды. Осыған дейін Қазақстан ұшақты мұнайдан сатудан түскен табысқа сатып алса, енді оны ауыл шаруашылық тауарын экспорттаудан түскен табысқа сатып алады.

 

Енді Қазақстанда күш қолдану арқылы болатын революцияны қарастырайық. Оның да экономикалық базасы өндірістік күштердің өндірістік қарым-қатынаспен қақтығысқа түсуінде болады, алайда бейбіт революция қарағанда ол мұнайдан түсетін табыстың күрт төмендеп кетуінен болады. Бұндай жағдайдың орын алуы, біріншіден, егер әлемдік нарықта мұнайдың бағасы өзіндік құнға дейін төмендеп кетіп, сол бағада екі жыл бойы сақталса болады. Екіншіден, егер мұнайдан түсетін табыстың көп бөлігін шетелдіктер алып кетуін жалғастырса орын алады.

 

Екі жағдайда да Қазақстанға шикізатты сатудан түсетін және қоғам ішінде бөлінетін ақшаның көлемі жоқтың қасы болады. Бұндай жағдайда монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктер тауар өндіруші тап – шаруалар, жұмысшылар және тауар өндіруші актив иелереі (капиталистер) кірісінің көп бөлігін тартып ала бастайды.

 

Қайтадан шартты мысалымызға оралайық. Ұлт тұтынуының жалпы көлемі 100 тауарды құрайды. Олардың 10 бірлік өнімін біз өзіміз өндіреміз, ал қалған 90-нын біз шетелдіктерден шикізатқа айырбас арқылы аламыз. Егер мұнайды сатудан түскен табыс болмаса, біз тек 10 отандық тауар ғана сатып аламыз, сәйкесінше Қазақстандағы тұтыну деңгей 90%-ға дейін төмендейді. Сонымен қатар, монархиялық капитал және феодал-шенеуніктер өндірушілер кірісінің  көп бөлігін тартып алып, қоғам ішінде бөле бастайды. Әрине бұндай жағдайда осы әрекеттер тепе-тең айырбастың (капиталистерге билікті беру) болмау себебінен тауар өндіруші таптың наразылығын тудырады.

 

Енді Қазақстандағы күш қолдану арқылы болатын революцияға қажет базаның пайда болуының келесі бір себебіне көшейік. Оның қалыптасуының бастауы біздің шикізат ресурстарын Қытайға беру болып табылады. Себебі қытайлық мұнай компаниялары батыстық компанияларға қарағанда қазақстан мұнайынан алатын аз дивидндтке келісуі мүмкін. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қытайда мұнай тұтыну көлемі артып келеді, ал Европа және АҚШ елдерінде керісінше төмендеп келеді. Осыған байланысты Каспийде (Қашаған) өндірілетін қазақстандық мұнайдың жаңа көлемі тұтынуы төмендеп келе жатқан европа нарығының орнына тұтынуы артып келе жатқан қытай нарығына барады.

Монархиялық капитал мен Қытайдың одағы осыған негізделетін болады. АҚШ-пен салыстырғанда аз дивидентке Қытайдың келісуі монархиялық капиталға түсетін дивидендтер көлемі, табиғи рента бірден артады. Пайда болған қосымша ресурсты монархиялық капитал халықтың тұтыну деңгейін сақтап қалу үшін жұмсай алады, ал бұл өз кезегінде революциялық жағдай туындауының алдын алады.

Алайда Қытай біздің мұнайға деген жеткілікті кең көлемдегі бақылауды иеленгеннен кейін өз экспансиясын басқа бағыттар бойынша жүргізе бастайды. Темір жолдарды, құбыр желілерін, жарық және газбен жабдықтаушы компанияларды сатып ала бастайды. Бізге қажет тауарлардың барлығын толығымен тек Қытайдан сатып алынуы туралы Қазақстанмен келісімшарт жасасады. Осыдан кейін отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарды сатып алады. Кейін қытай жұмыс күшінің еш кедергісіз Қазақстанға енуін  талап етеді. Ақырында Қазақстанның қаржы жүйесін өзіне бағындырады.

 

Осыдан кейін Қытай Қазақстанның бюджетіне мұнайдан түсетін табысты азайтады. Бұл мемлекетіміздің шикізат кен орындарын игеру кезіндегі Қытайдың тым көп инвестициялық шығындары негізінде орын алады. Немесе біздің шикізатты сатудан қытай компаниялары алатын дивидендтер сомасының өсуі арқылы болады. Яғни Қытай монархиялық капиталмен жасаған келісімшартын өз пайдасына орай қайта қарастырады. Осының барлығы біздің мұнайдан алатын табысымыздың азаюына алып келеді және Қазақстанда революциялық жағдайдың туындауына әсер ететін бірінші фактор болып табылады.

 

Монархиялық капиталдың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына құйған шикізат ақшаларының төмен деңгейлі немесе мүлдем тиімсіз болуы екінші фактор болып табылады. Зауыттарды салуға жұмсалатын инвестициялық ақша өндірген тауарды сатудан түскен ақшаға қарағанда аса көп болады. Қайтадан салынған кәсіпорындардың бір бөлігі ашылғаннан кейін өз тауары үшін өткізу нарығын таба алмай, өндірісті тоқтатады. Басқалары біраз уақыт жұмыс істей алады, бірақ кейін өз тауарларының сапасы және бағасы бойынша тұтынушылар сенімін ақтай алмай, өмір сүрулерін тоқтатуға мәжбүр болады.

 

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықта еңбек өнімділігі төмендей береді, себебі қалыптасқан экономикалық тұғырнама уақыт бірлігіне келетін тауарды көбірек өндіру мақсатында тұрақты түрде технологияны ауыстыруға ынталандырмайды. Нәтижесінде біз ұлт ретінде ештеңе өндірмейтін, сапалық және физикалық жағынан ескірген құрал жабдықтары бар зауыттар үймелерін аламыз. Демек, бос, құны жоқ «қораптарға» ие боламыз.

 

Сыртқы қытайлық және ішкі фактор Қазақстандағы ұлттық-буржуазиялық революцияның базасына айналады және еліміздің болашағы оның қалай өтетіндігіне байланысты болады. Революция тек билікті белгілі бір адамдар тобының жаулап алуы ғана емес, ол қоғамдық форманың және билік басындағы таптың ауысуы екендігін ұмытпайық.

 

Елдегі билікті өз қолына алып және оны ұстап қалуға қабілетті таптың қандай сипаттамаларға ие болуы керек екенін қарастырайық. Біріншіден, ол ұлттық масштабта өздігінен құрыла алатын қабілетке ие болуы керек. Таптың партиялары, кәсіподақтары, БАҚ және мемлекеттік деңгейде халықты жұмылдыра алатындай кез келген басқа да қоғамдық бірлестіктері болуы керек. Екіншіден, өз қызметін қаржыландыра алатындай жеткілікті еркін капиталға ие болуы қажет. Үшіншіден, халықты өз артынан ерте алатындай тап тартымды идеологияға немесе идеяға ие болуы қажет.

 

Енді қай тап аталған сипаттамаларға сәйкес келетінін қарастырайық.

 

Феодал-шенеуніктерден бастайық.

 
  1. Феодал-шенеуніктердің ұлттық масштабта өздігінен құрылу қабілеттіліг бар. Олар бақылайтын партиялар, кәсіподақтар, БАҚ, сонымен қатар халықты жұмылдыру мақсатында қолдана алатындай мемлекеттік басқару органдары бар.
  2. Тап өз қызметін қаржыландыруға жеткілікті еркін капиталға ие. Бұндай капитал мемлекеттік бюджетті тонау және жемқорлық нәтижесінде қалыптасқан. Сонымен қатар, феодал-шенеуніктер өзінің саяси қызметін қаржыландыруда ресми түрде мемлекеттік бюджетті пайдалана алады.
  3. Адамдар артынан еретіндей олардың идеологиясы да бар. Оның мәні – мемлекетті нығайту, аумағын кеңейту, мықты мемлекет құрып, өз қызығушылықтарын мемлекет қызығушылықтарына бағындыру болып табылады. Көбінесе бұл идеология өзінің этникалық тобындағы адамдардың қолдауына негізделеді. Сәйкесінше, бұл тапта «өзіміз-бөтен» қағидасы бойынша белгілі бір ұлтжандылықтың (ұлтшылдық емес) бар екендігін атап айтуға болады.
 

Осылайша феодал-шенеуніктер елдегі билікті жаулап және өз қолында ұстап қалу мүмкіндіктеріне ие.

 

Капиталистерге өтейік.

 
  1. Капиталистердің ұлттық масштаб деңгейінде өздігінен құрылу қабілеттілігіне ие. Бақылауында партиялар, кәсіподақтар, БАҚ, сонымен қатар халықты жұмылдыру үшін пайдалана алатын түрлі аймақтық және ұлттық бизнес-ассоциациялары бар жеке базаға ие.
  2. Бұл тап өз қызметін қаржыландыруға қажетті еркін капиталға ие. Бұл капитал өзінің жеке бизнесін жүргізу нәтижесінде қалыптасқан.
  3. Артынан адамдар еретіндей капиталистердің де идеологиясы бар. Оның мәні – жаңа аумақтарды байыту, жаулау және ұстап қалуда. Феодал-шенеуніктерден капиталистердің ерекшелігі жаңа аумақтарды жаулап алу - қару күшімен емес, сауда экспансиясы арқылы болатындығында. Бұндай әдіс шығыны аз және тиімді болып табылады. Сонымен қатар, капиталистер капитал қызығушылықтарын қорғайтын мемлекетті құру идеологиясында тұр. Мемлекет қызығушылықтары ішкі тауар өндірушілердің қызығушылықтарымен теңеседі. Мемлекет қызуғышылықтары жеке қызығушылықтарға бағынады. Бірақ тек дүкендер, мейрамханалар, зауыттар және т.б. өндіріс құралдарымен иеленетін  жеке тұлғаға ғана бағынады. Идеология осы елді өз Отаны деп санайтын кез келген этникалық топ өкілдерінің қолдауына негізделеді.
 

Капиталистердің де елдегі билікті жаулап алуға және өз қолында ұстап қалуға мүмкіндік беретін сипаттамаларға ие екенін көріп отырмыз.

 

Енді пролетариаттарды қарастырайық.

  1. Олар да алдыңғы екі тап секілді ұлттық масштабта өздігінен құрылу қабілеттілігіне ие. Пролетариатқа бағынатын партиялар, кәсіподақтар, ұлтты жұмылдыруға пайдалана алатын кішігірім БАҚ бар.
  2. Пролетариат өз қызметін қажетті масштабта қаржыландыратындай жеткілікті еркін капиталға ие емес. Жұмысшы жалақысы бұған мүмкіндік бермейді. Өзара көмек көрсететін түрлі кассалардың ресурстары феодалдар мен капиталистерде бар ресурстарға жетпейді. Осыған байланысты пролетариат өз қызметінде әрқашан не феодалдан не капиталистен қаржылық қолдау іздейді.
  3. Пролетариат идеологиясының мәні бүкіләлемдік масштабта адамды адам қанауын жою және еңбек етушілердің қызығушылықтарын қорғайтын мемлекетті құру болып табылады.Пролетариат еңбек етушілердің қызығушылықтарын олардың этностық ерекшеліктеріне қарамастан қорғайды.
 

Билікті жаулап алу үшін пролетариат барлық қажетті сипаттамаларға ие емес деген қорытынды жасауға болады. Сәйкесінше бұл тап тек капиталистердің қаржылық мүмкіндіктерін қиятындай, сонымен қатар мемлекет аппараттың (феодалдардың) шырқын бұзатындай және әлсірететіндей ұлттық масштабты дағдарыс кезінде ғана билікті жаулап алып, қолында ұстай алады. Бұндай шарттар болмаса, пролетариаттың билікті алатындығы туралы ойламай-ақ қойсақ та болады.

 

Қызметкерлер табына көшейік.

 
  1. Қызметкерлердің ұлттық масштаб деңгейінде өздігінен құрылу қабілеттілігі жоқ. Олар түрлі шығармашылық одақтар мен кәсіподақтарды бақылай алады, бірақ олардың билігінде халықты жұмылдыру мақсатында пайдалана алатындай партиялар, БАҚ жоқ. Сонымен қатар, оларда бар кәсіби және шығармашылық одақтар ешқашан бір фронтта шықпайды – дәрігерлер мұғалімдер ереуілін қолдамайды, суретшілер музыканттар митингіне қатыспайды және т.б.
  2. Бұл тап өз қызметін қажетті масштабта қаржыландыратындай жеткілікті еркін капиталмен иеленбейді. Одан бөлек, қызметкерлер өзінің тұрақты қызметінде әрқашан не феодалдардан не капиталистерден қаржылық қолдау іздейді.
  3. Өз артынан адамдарды ертетіндей қызметкерлердің жеке идеологиясы жоқ. Тек ұлттық немесе жалпы адами игіліктер туралы шашыраңқы, абстрактілі пікірлері бар.
 

Осылайша қызметкерлер билікті жаулап және өз қолында ұстап қалатындай қажетті сипаттамалармен мүлдем иеленбейді. Бірақ бұл олардың арасында өз артынан адамдарды ертетіндей мықты тұлғалардың жоқ екенін білдірмейді. Тек бұл мықты тұлғалар басқа таптар қызығушылықтарының өкілі болып, оларға негізделді. Осылайша И.Ленин, К.Маркс, И.Сталин, Ф.Кастро, Э.Че Гевара пролетариаттар қызығушылығының өкілі болды. А.Линкольн, Аденауэр және Т.Рузвельт капиталистерді қорғады. Ал Гитлер және Муссолини феодалдар мен капиталистер қызығушылықтарын қорғады.

 

Шаруларды қарастырайық.

  1. Бұл таптың ұлттық масштаб деңгейінде өздігінен құрылу қабілеттілігі жоқ. Шаруашылықта кәсіподақтары, өз бақылауындағы партиялары мен БАҚ жоқ. Осы жағдайда біз ауыл шаруашылық бизнесіндегі капиталист туралы айтып отырғанымыз жоқ, біз ауылды аймақтардағы өзінің жеке жерінде еңбек ететін жұмысшылар туралы айтып отырғанымызды түсінген жөн.
  2. Шаруашылық қажетті масштабта өз қызметін қаржыландыратындай жеткілікті көлемде еркін капиталға ие емес.
  3. Өз артынан адамдарды ертетіндей оларда өзінің жеке идеологиясы жоқ. Тек халықтың игілігі немесе жеке адамның игілігі туралы шашыраңқы пікірлері бар.
 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен Тапсызданған элементтерді қарастыруға көшейік. Бұл тапқа жақсырақ өмір сүру деңгейін іздеу барысында қалаға көшіп келген, кездейсоқ табысқа кезіге беретін кешегі ауыл тұрғындары жатады.

 
  1. Бұл таптың ұлттық масштабта өздігінен құрылу қабілеттілігі жоқ. Сонымен қатар жеке кәсіподақтары жоқ, халықты жұмылдыруға пайдалана алатындай өз бақылауындағы партиялары мен БАҚ жоқ.
  2. Өзін-өзі жұмыспен өамтамасыз етушілердің өз қызметтерін қажетті масштабта қаржыландыруға жеткілікті еркін капиталға ие емес екендігі түсінікті.
  3. Өз артынан адамдарды ертетіндей оларда өзінің жеке идеологиясы да жоқ. Сонымен қатар, шаруалар секілді халықтың игілігі және әлеуметтік әділеттілік туралы шашыраңқы пікірлері бар.
 

Барлық таптарды қарастырып болған соң, Қазақстандағы билікті жаулап алып, өз қолында ұстай алатын тек феодал-шенеуніктер мен капиталистер екені түсінікті болды.

 

Қазақстандағы келесі революция - ұлттық революция болады, яғни шетелдіктердің Қазақстанда болуына және шетелдіктердің ел экономикасын қадағалауына қарсы бағытталған революция болады. Бұл қозғалысты қай таптың басқаратынына байланысты революцияның барысы мен нәтижесі белгілі болады. Егер революцияны капиталистер басқарса, Қазақстанда Кемалдық немесе Гоминдандық революцияға (Түркия және Қытай) ұқсас жағдай орын алады. Егерде капиталистер мемлекетке деген жауапкершілікті өз мойнына алуға қорықса, онда ұйымдастырушы күш феодал-шенеуніктер табы болады.

 

Революцияны капиталистер табы басқарады деген кезде сүт зауытының иесі броневикке мініп алып, Ақ ордаға шабуыл жасайды деген сөз емес, бұл революция ішкі тауар өндірушілер қызығушылықтары үшін болады дегенді білдіреді. «Қақтығыс алаңын» шенеунік те, сонымен қатар кез келген басқа таптың өкілі де басқара алады.

 

Біздің ұлттық революциямыздың қозғаушы күштерінің бірі ретінде шаруалар мен оларға кіріктірілген қаладағы тапсызданған элементтер болады. Басқарушы таптың қазіргі саясаты шаруалардың жерсізденуіне, кедейленуіне әкелуде және ауыл шаруашылық жерлердің ірі жер иелерінің, түрлі деңгейдегі әкімдердің және басқа да феодал-шенеуніктердің қолына шоғырлануға бағытталған. Мысалы, Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің 60%-ы 350 компанияның иелігінде, яғни 350 адамның қолында шоғырланған.

 

Осылайша, Қазақстанда аграрлы революцияның болуына барлық алғышарттар бар. Мемлекеттің барлық жерінде жерсіз шаруалар немесе жерді өңдеп, одан кіріс алатындай техникасы жоқ шаруалар пайда болуда. Бұл шаруалар ерте ме кеш пе қайыршыланып, өзінің қалған жерін феодал-шенеуніктерге сатып, көп жағдайда табыс табу мақсатында қалаға көшеді. Бұған дәлел ретінде қаладағы тапсызданған элементтердің көбеюі болып табылады, яғни 2008 жылдан 2009 жылға дейін 770 мыңнан 1 млн. адамға дейін артты.

 

Қазіргі таңда шаруалар үшін тежеу факторы шикізатты сатудан түскен табыстан мемлекеттің тұрақты түрде төлеп отырған зейнетақысы, жалақы мен әлеуметтік жәрдемақысы болып табылады. Шаруалар қандайда бір кепілденген кірісті жоғалтып алудан қорқады, сол себепті таптың наразылығы шықпай, жинақталуда. Табиғи рента жоқтың қасына жақындаған сәтте тежеу факторы жоғалады және шаруалар Қазақстандағы аграрлы және буржуазиялық-ұлттық революцияның қозғаушы күші болады.

 

Сұрақ тек қай тап шаруаларды өз артынан ертетіндігінде. Осыны жасау мүмкіндіктерінің барлығы капиталистерде бар. Себебі ауыл шаруашылық жерлердің ірі иелері болып көбінесе феодал-шенеуніктер табылады, кәсіпкерлер популизмде ойнап,  феодалдардан жерді тартып алып, шаруаларға таратып береміз деп уәде ете алады. Осылайша капиталистер өз жаулары – феодал-шенеуніктердің экономикалық базалары бойынша соққы бере алады.

 

Бірақ егер капиталистер қорқып, өз артынан шаруаларды ертпесе, шаруалар өз қатарынан көшбасшы сайлайды. Ол көшбасшыда діни тұғырнама болады, себебі бүгінгі таңда діни ұйымдар дәл осы таптен жұмыс істеуді жөн көреді. Бұл ортада ұлттық ұйымдарға қарағанда діни ұйымдар әлдеқайда көп, сонымен қатар олар елдегі билікті жаулап алуға және өз қолында ұстап қалуға барлық қажетті сипаттамаларға сәйкес келеді.

 
  1. Діни ұйымдарда ұлттық масштабта өздігінен құрылуға қабілеттілік бар. Бұл үшін олар бар мешіттерді пайдалана алады.
  2. Оларда өз қызметтерін қаржыландыруға капитал да бар. Қаражатты олар шетелден, яғни шетел феодал-шенеунітерден алады. Мысалы Сауд Аравиясы, БАӘ, Катар және т.б.
  3. Діни ұйымдардың идеологиясы өз діндеріне сәйкес мемлекет және қоғам өмірін құруға негізделеді. Шын мәнінде осы адамдар өздерінің көзқарастары бойынша кімнің дұрыс, ал кімнің бұрыс жолмен жүретін адам екендігін шешу құқығын өздеріне алады.
 

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, діни платформа тапсыз элементтердің арасында жеңіске деген барлық мүмкіндіктерге ие және тапсыз элементтерді билік үшін күреске өздерінің арттарынан ертуге қабілетті.

 

Ұлттық революцияның қозғалыс күші болып табылатын жұмысшыларға көшейік. Пролетариат – халық шаруашылығының дамуында басқа таптарға қарағанда көбірек қызығушылық танытатын тап. Ол өз қажеттіліктерін басқалар арқылы қанағаттандыра алмайды, себебі ол ешкімді тонай алмайды және өзі өндірген өнімнен артық тұтына алмайды.

 

Жұмысшылардың негізгі талаптары – кәсіпорындарды мемлекеттендіріп, жалақыны көтеру. Бұл тап не уәде ететін феодал-шенеуніктер артынан не капиталистер артынан барады.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның жұмысшылар табы өкілдерінің көбісі мұнай және тау-кен өндірісі салаларында, металлургия, жарық энергиясы, жылу, су өндірісі мен бөлінісінде және көлік саласында жұмыс істейді. Бұл салалардың барлығы не монархиялық капиталдың басқаруындағы феодал-шенеуніктермен, не шетелдік инвесторлармен қадағалынады. Сәйкесінше бұл таптар Қазақстандағы жұмысшы табының бас қанаушысы болып табылады.

 

Логикалық тұрғыда, оларға қарсы қақтығыс кезінде пролетариат ұлттық тауар өндіруші буржуазияны қолдайтыны түсінікті. Жұмысшылар табы шетелдіктерді экономикамыз қадағалайтындығына қарсы көтеріледі және феодалдық қалдықтардың және феодал-шенеуніктерге сүйенген монархиялық капиталдың толығымен жойылуына бағытталған күреске шығады. Осылайша пролетариат мемлекеттегі монархиялық капитал мен феодалдың қолындағы экономикалық және саяси биліктің ұлт буржуазияның қолына ауысуды қолдаушы болады.

 

Енді ұлттық-буржуазиялық революцияның негізгі қозғалтқышы болып табылатын капиталистерге көшейік. Кәсіпкерлер өзінің кірісін тартып алып жатқан монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктерге қарсы шығады. Яғни осы уақыттарда Қазақстанда капиталистер өздерінің табыстарын арттыруда ешқандайда мән көрмейтін кез келеді, себебі табыстың барлығы не болмаса басым бөлігі түрлі салықтар, пара немесе бизнеске деген басқа салмақтың әсерінен олардан тартып алынатын болады.

 

Кәсіпкерлер революцияны не өздері басқара алады, не болмаса оларды қорғауға, қызығушылықтарын ескеруге уәде ететін феодал-шенеуніктерді қолдай алады. Тап ретінде капиталистер шикізаттан түскен табысты мемлекеттендіруді қолдайды, себебі осыдан кейін олар алынған ақшаны экономиканың нақты секторын тиімді қайта жабдықтауға және өздерінің кәсіпорындарын субсидиялауға жұмсай алатын болады. Осымен қоса, шикізат компанияларын өздерінің меншігіне алу мүмкіндігіне ие капиталистер мемлекеттендіру үшін қарсы болуы да мүмкін, десе де жалпы алғанда бұл тап осы идеяны қолдайтын болады, себебі мемлекеттендіргеннен кейін шикізаттан түскен табыс тек шикізат компаниялары иелеріне ғана емес, сонымен қатар бизнесмендердің үлкен көлеміне де тиесілі болатын болады.

 

Қазақтың ұлттық революциясының қозғаушы күшін талдауды феодал-шенеуніктер табымен аяқтайық. Тап ретінде олар революцияның қозғаушы күші болып табылмайды, алайда революция басталғаннан кейін феодалдар белсенді түрде мемлекеттегі билік үшін күреске қатысатын болады. Шаруалар мен тапсыздарға негізделген олардың бір бөлігі діни платформаға сүйенеді. Феодал-шенеуніктердің басқа бір бөлігінің сүйеуі қаладағы жұмысшылар мен қызметкерлер табы болады, сондықтан да олар түрлі рең беретін ұлттық платформада тұратын болады.

 

Қорытындылайық. Егер еліміздегі күш қолдану арқылы жүзеге асатын революцияны капиталистер басқарса, Қазақстан ел ретінде сақталып, 20 жылдан кейін Қытай және Түрік мемлекеттері секілді дамыған капиталистік елге айналады.

 

Егерде феодал-шенеуніктер басқаратын ұлттық-бостандық және аграрлы революция орын алса, Қазақстан заңды түрде тұтас мемлекет болып қалады, алайда шын мәнінде олай болмайды. Яғни біз Қырғыздық нұсқаға ие боламыз немесе басқаша айтқанда билікте тұрған адамдардың фамилиясы ғана ауысады. Бұндай жағдайда біз бұрынғы феодал-буржуазиялық тұғырнамада қаламыз және 2035 жылға қарай өз тәуелсіздігімізді жоғалтамыз.

 

Ресей мен Қытайдың экономикалық және әскери жағдайына байланысты біздің ұлт бағынудың мүмкін болатын үш түрлі жолдың біреуімен жүреді. Егер Ресей сол уақытқа қарай өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын толығымен қалпына келтірсе, ол Ресей империясы және КСРО заманындағыдай Қытайды технологиялық және экономикалық қуат бойынша озып басады. Бұндай жағдайда бөліктерге қирап жатқан Қазақстан қайтадан Ресей құрамына енеді.

 

Егер де Ресей қазіргі қалыптасқан жағдайында қала берсе, яғни Батыстың дамыған елдерінің шикізат көзі күйінде болса, оның халқы саны жағынан азайып, елдегі орыстардың саны 50%-ға дейін азаяды. Қытай Ресейді технологиялық, экономикалық және әскери қуаты бойынша озып басады, ал біздің ел Қытай Халық Республикасының Қазақ автономды ауданына айналады.

 

Егер Ресей өзінің әскери күшімен Қытайды басып озып, алайда экономикалық салада дамыған мемлекеттердің шикізат көзі болып қала берсе арадағы үшінші нұсқа мүмкін болады. Бұндай жағдайда Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймақтары Ресей құрамына кіреді, ал Каспийге шығатындай Оңтүстік бөліктері Қытай құрамына енеді. Мүмкін бізге Қазақстанның батыс облыстарындағы Қазақ эмиратын қалдырар, алайда біз Ресей мен Қытайдың біріккен әскери қамқорлығында өмір сүретін боламыз.

 

Өз жерінде басшылық ете алмаған кез келген ұлт жойылатынын және оның орнына басқасы келетіні туралы тарих бізді әрқашан үйрететін. Өз аумағын экономикалық қарым-қатынаста немесе әскери күресте қорғай алмаған кез келген ұлт ерте ме кеш пе өзіне тиесілі жерге деген құқығынан айырылады. Осыған ұқсас мысалдар біздің тарихта да, басқа мемлекеттер тарихында да орын алған.

 

Осылайша Монғолия 1920 жылы Ресей мен Қытай ықпалынан екіге бөлінді. 40 жыл өмір сүрген соңғы тәуелсіз Тибет мемлекетін Қытай 1950 жылы жаулап алды. 1955 жылы Қытай соңғы тәуелсіз Ұйғыр мемлекетін жойып жіберді. Егер біз еліміздің экономикасында ешнәрсе өзгертпесек, ерте ме кеш пе біз де осындай жағдайға тап боламыз.

 

Қорытындылай келе мынаны айтқымыз келеді: болашағымыздың қандай болатынын тек біз ғана шешеміз. Алайда өзгерістерді қазір жасау қажет, себебі төбеге лақтырылған тас, ерте ме кеш пе, төменге түсері анық.

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
17 февраля 2012, 17:20
2250

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 22969
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 11770
  • 342
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 6165
  • 42
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 5878
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 3997
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2532
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2325
  • 33
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2762
  • 46