Тікелей эфир

Аптаның қызықты материалдары #4

Осы аптада қазақ тілді газет пен сайттар мәдени тақырыпта не жазған екен? Назар аударыңыздар.

Көңіл күнделігі

Қалай десек те, бәрібір алпысыншы жылдары әдебиетке келген Тұмағаңдар мен олардың замандастары – бақытты ұрпақ. Шығармашылықпен емін-еркін айналысу олардың негізгі жұмысы болды. Ол уақыттары бір жинағың шықса, алатын ақшаң бір жыл емін-еркін өмір сүруге молынан жететін.
Әлі есімде. Әкем марқұм бір жылдары жұмыссыз қалды. Сонда әкемнің баспалардан шығатын кітаптарға рецензия жазғанына төлеген тиын-тебеніне, газет-журналдарға шыққан өлеңдері мен мақалаларының қаламақысына күн көрген кезіміз болды (жалғасы).

 

Атақты театрлар

Ковент-Гарден – Британия астанасы Лондонның белгілі ауданы. Танымал театрға аудан атауы берілген. 1732 жылы өз шымылдығын ашқан театр бірден танымал болып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Ковент-Гарден 1808 және 1856 жылдары өртке оранды. 1858 жылы қазіргі ғимарат тұрғызылып, 1990 жылы күрделі жөндеуден өткізілді (толығымен).

Таңдайынан бал тамған тенор еді...

Талай жезтаңдай әншіні, дәулескер күйшіні, таңдайына жыр тұнған ақынды туғызған қазақ даласы ән салғанда дауысы алты қырдан асатын кең тынысты опера әншілеріне де кенде емес. Қазақтың Абайын,  Біржан-Сарасын әлемдік классиканың қатарына қосып, төл операмыздың жауһарына айналдыруда үлкен еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің есімі елеусіз қалмауы тиіс. Қадым ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлтымыздың аса бай ән өнерінде өзіндік орны бар, қазақ операсы мен классикалық музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларымыздың бірі – Байғали Досымжанов (жалғасы).

 

Әрбір рөл - актердің бақыты

- Актер ретінде қандай рөлді ойнауды армандайсыз?

- Жалпы, әрбір актер Шекспирдің «Отеллосын», «Король Лирін», «Гамлетін» ойнағысы келеді. Бірақ олардан бұрын етек-жеңімізді жинап, өз жыртығымызды жамай білген жөн секілді. Қазақта қағаз бетіне хат болып түспей, еңбегі жазылмай, есімі ескерілмей қалған тұлғалар баршылық. Неге бізге сондай тұлғаларымыздың сахналық образын жасамасқа? Егер мұндай туындылар жазылып, сахналанып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды көптеген дарынды ұлдарымызға арнап пьеса жазылса, тамаша қойылымдар дүниеге келетін еді ғой (толығымен).

ШЫҒЫС «МЫҢ БІР ТҮННЕН» ЖАҢЫЛЫП ҚАЛҒАНДАЙ КӨРІНЕДІ

Адамзатқа ортақ рухани мұралардың кейбірі өз топырағымыздан жаралғандай көрінетіні бар. Соның бірі «Мың бір түн» хикаясы десек, елең етпейтін қазақ жоқ. Бұл хикаяның көлемі туралы ілгеріде айтылып жүрген әңгімелердің өзі де аңыз сияқты көрінеді. Біреулер 200 томнан тұрады десе, екінші біреулер қоржынның қос басына бөліп артқан кезде қашар көтере алмайтындай салмағы бар деп айтады (жалғасы).

 

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап…»

Жақында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылының «Илантау» бауырында «Сонар-2012» республикалық құсбегілер жарысы өткізілді. Иісі қазаққа ортақ өнер сайысына Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларының командалары қатысты. Саятшылық атадан балаға мұра болып келе жатқан өнердің бір түрі екені белгілі. Бүркітшілер сайысы болатыны туралы хабар жетісімен, саятшылық өнердің дәл осы түрін көруге асықтық. Себебі «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деп басталатын Абай атамыздың өлеңін бала кезден жаттап өскендікі ме, кө­ңіліміздің бір түкпірінде саятшылық­қа деген қызығушылық та жататын еді (жалғасы).

Алия Arsik
25 қазан 2012, 4:46
1720

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Zere
0
0
Халық сөзінің сілтемесі ашылмай тұр..
Arsik
0
0
рахмет, енді ашылу керек.
nurma
0
0
Сонар 2012-ге біз қаржылық көмек көрсеттік, айтпақшы ))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
сегодня / 8:18
  • 3106
  • 6
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2552
  • 41
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1953
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1926
  • 36
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1764
  • 17