Қызылорда "Болашақ" университеті

МҰРАТ НАСИМОВ 2012 M02 14
698
0
0
0

«Жарқын жолдау – болашақтың жаршысы» «Болашақ» университеті Педагогика факультетінің қолдауымен «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы және «Тұран Тарландары» студент жастар орталығы...

«Жарқын жолдау – болашақтың жаршысы»

«Болашақ» университеті Педагогика факультетінің қолдауымен «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы және «Тұран Тарландары» студент жастар орталығы ұйымдастыруымен «Жарқын жолдау – болашақтың жаршысы» атты дөңгелек үстел университетімізде ағымдағы жылдың 8 ақпанында өтті. Дөңгелек үстелге облыстық филиалдың жастар істері жөніндегі кеңесші Асылхан Елемесов және «Тұран Тарландары» студент жастар орталығының төрағасы Нариман Жакудаев қатысты.

Халық әл-ауқатының артуы елдің байлығы мен тұрақтылығының көрінісі. Қазақстан дамуы межелеген бағытта, айқын мақсаттармен жүзеге асып келеді. Жыл сайынғы әлеуметтік қозғалыс, жыл сайынғы жұмыссыздықтың көрсеткішінің төмендеуі Жолдаудың жарқын бағытының бір келбеті.

Осы жылда жарияланған жолдау жөні бөлек. Жолдауды насихаттау, ақылдасып жолдауды жүзеге асыру жұмыстары түбегейлі жүргізіліп келеді. Соның бірі «Нұр Отан» ХДП, «Тұран Тарландары» студент жастар орталығы, «Болашақ» университетінің жастарымен өткізілген жиыны. Жолдаудың азаматтарға берер мол мүмкіндіктері мен арнайы көрсетілген қолжетімділігінің барлығы дөңгелек үстел барысында сөз болды. Ел қорының молая түсуі, техника мен технологиялардың Қазақстанда жұмыс жасалауы, азаматтардың білім деңгейі әлемдік сатыларда бой көрсетуі дамудың даңғыл жолындағы Қазақстанды ой салады. Әрбір жылда жүктелген жұмыстар жүйелі жүргізіліп, межелеген мәреге жақсы көрсеткіштермен жетудеміз.

Жолдау аясында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы жанында құрылған «Тұран тарландары» орталығының мақсат-міндеттері жастарға айтылды. Партияға білікті кадр және партия белсенділерін даярлауды мақсат еткен орталық жұмысы бүгінде жанданып облыстық масштабта қолдауға ие болды. Ендігі жұмыс барысында аудандардағы белсенді жастарды орталыққа тарту көзделіп отыр.

Дөңгелек үстелді өзім жүргізіп отырдым.

Оцените пост

0
Дальше