Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар: Келешекте шен таққан кеденшілердің қатары азаяды. Кеден комитетіндегілердің 83 пайызынан «құқық қорғау қызметкері» деген мәртебе алынып тасталады.  Қалған...

Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:

Келешекте шен таққан кеденшілердің қатары азаяды. Кеден комитетіндегілердің 83 пайызынан «құқық қорғау қызметкері» деген мәртебе алынып тасталады.  Қалған кеденшілердің  17 пайызы, бұл шамамен іріктеулі мың адам, түгелдей аттестациядан өтеді.
Бұл туралы бүгін Кеден комитетінің алқа мәжілісінде мәлім болды. Жуырда ғана жаңа басшы тағайындалған ведомство алдына жаңа міндеттер қойылды. Ол  -«электронды кеден» ақпараттық жүйесін құрып, сыбайлас жемқорлықпен  күресті күшейту.
2011 жылдың қорытындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтан ортақ қазынаға 1 триллион 142 миллиард теңге кіріс түскен. Кеден органдарымен 507 қылмыстық және 10 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. 84 есірткі контрабандасының жолы кесілді. Дегенмен, кеденде кемшілік көп. Бастысы, тәртіп жоқ. Бүгін оны төрағаның өзі де мойындады. Алқа мәжілісінде Кедендік бақылау комитетінің жаңа басшысы Мәжит Есенбаев барлық өңірлік құрылымдардың басшыларына бөлімшелердегі тәртіпті қалпына келтіруді нықтап тапсырды.
Мәжит Есенбаев, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы:
Баспасөз беттерін ашып оқысаң, майдан даласының ақпараттары сияқты, біреуді атып, біреуді бауыздап кеткен. Бұл жайттар бәсекелес бандиттік топтардың емес, кедендік департаменттердің қызметкерлерінің арасында орын алуда. Неліктен? Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Кеден комитетінің басқа да департаменттеріндегі тәртіп қашан қалпына келеді? Бұл мәселе өте күрделі.
Кеденде бизнеске кедергі көп. Бұл енді жиынға қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтың ойы. Үкімет басшысының орынбасары комитеттің жұмысын «қағазсыз технология», яғни, ақпараттық жүйеге жеделдете көшіруді міндеттеді.
Қайрат Келімбетов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Халықаралық сауда категориясы бойынша Қазақстан 183 елдің арасында 181-ші орында тұр. Егер Еуропа елдерінде экспорт процедурасынан өту үшін небәрі 27 күн керек болса, бізде 81 тәулік талап етіледі. Бізде импорт-экспорт шараларынан өту үшін кәсіпкер 15 мемлекеттік органнан 40 шақты рұқсат қағазын жинайды екен. Жағдайды тез арада реттеу қажет. Ол үшін «электронды кеден» жұмыс форматын ұсынамын.
Комитет қатарына қабылданатын қызметкерлерге талапты күшейту қажет. Бүгінде кеденшілердің 12 пайызының арнайы мамандығы жоқ. Биыл кеденшілердің 83 пайызының погондары алынып тасталады.
Нұржан Ашиханов, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Кедендік контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері қалады, ішкі қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері қалады, кезекші қызметкерлердің погондары қалады.
Кеденде коррупция бой бермей тұр. Былтыр комитет қызметкерлеріне қатысты 65 қылмыстық іс қозғалса, соның 51-і - сыйбайлас жемқорлыққа қатысты екен. «Балық басынан шіриді». Кеденнің бұрынғы басшысы Баймағамбетов те дәл осы жемқорлығы үшін орнынан алынды. Комитеттің ендігі басшысы Есенбаев «тәртіп орнатып жемқорлықты жемқорлықты жоямын» деп бек сендірді бүгін.

Оцените пост

0