место в рейтинге
  • 127326
  • 96
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚАРЖЫ ОТАРЫ

Сіз Қазақстандағы өмір сүру деңгейі неге байланысты екені жайлы ойландыңыз ба? Біздің ұлт ретінде неліктен кейде әл-ауқатымыз жақсарып, ал кейде төмендеп кетеді?

Біз тұрғындардың өмір сүру деңгейі өскен кезде жақсы өмір сүретінімізді ескерген жөн.

Өмір сүру деңгейінің жақсаруын әр адам әртүрлі түсінеді. Қарапайым адам үшін бұл тұтынатын киім-кешек, азық-түлік, жанармай, автокөлік, жиһаз, ыдыс-аяқ көлемінің артуы, алатын медицина қызметтерінің, білімінің, тұрғын үй жағдайының жақсаруы болып табылады. Кәсіпкер үшін жеке бизнесінің дамуы, яғни  ол сатып алатын немесе аша алатын өндіріс орындардың, мейрамханалардың, дүкендердің артуы.  Кез-келген жағдайда өмір сүру деңгейінің артуы адамның қолындағы материалды игіліктерлің артуына тіклей байланысты.

Біз материалды игіліктерді өзімізді қоршаған әлемде қалай ала аламыз? Оларды біз екі тәсіл арқылы аламыз. Бірінші тәсілде ұлт өзіне қажетті барлық нәрселерді өзінде жасайды, ал екінші тәсілде басқа ұлттардан сатып алады.

Енді біз өзімізді қоршаған ортаға қарап, ұлт ретінде не өндіріп жатқанымызға мән бердіп көрейік? Автокөлік, ұшақ, поезд, электроника, тұрмыстық химия, жиһаз, киім осылардың қайсысын өзіміз өндіріп жатырмыз? Аталған нәрселердің ешқайсысын да біз ұлт ішінде өндірмейміз, алайда оларды күнделікті өмірде қолданамыз. Осы заттар бізге қайдан келді? Оларды біз тауар өндіруші ұлттардан долларға айырбастау арқылы сатып алдық.

Ал өз кезегінде Қазақстанда доллар қайдан пайда болады? Олар шикізатты шет елге сату негізінде пайда болады.  Сондай-ақ, банктер шет елден долллар алып келіп, оларды несие ретінде халыққа бергеннен елде доллар пайда болады.

Шикізатты экспортқа сату арқылы Қазақстанның экономикасында қандай жағдай орын алатындығын қарап көрейік.

Біздің экспорттаушыларымыздың қазақтың шикізатын экспортқа сататындығынан бастайық. Шикізатты долларға сатқаннан кейін экспорттаушы жалақы, салық және коммуналды қызметтер сияқты төлемдерді төлеу керек. Бұл төлемдер теңгеде жасалатындығыы сөзсіз. Сол себептен де, ол өзінің долларларын Ұлттық Банкке барып, ондағы теңгеге ауыстырады. Ұлттық банк «ауадан» теңге басып шығарып, оны долларға айырбастайды. Экспорттаушылардан түскен Ұлттық банктегі долларлар мемлекеттің алтын-валюта қорын құрайды. Осылайша Қазақстанда жаңа теңгелер пайда болады.

Жаңадан шығарылған теңгелердің экономикаға енуінің келесідей үш жолы бар.

Біріншісі, экспорттаушылардың жалақы, салық, коммуналды қызметтер және тағы да басқа ішкі шығындарды төлеуі арқылы экономикаға енетін ақшалар болып табылады. Осы кезде халық бұрындары алмаған жаңа теңгелерге кенеледі.

Екіншісі, экспорттаушылардан алған салықты бюджеттен ақша алатын адамдарға жалақы төлеу арқылы экономикаға енетін жаңа теңгелер.

Үшіншісі, мемлекет сол салықтан мектеп, аураухана және т.б. әлеуметтік салаларды қаржыландыруға жұмсалатын теңгелер болып табылады.

Сондықтан да, жаңа теңгелер жалақы деңгейіне, бизнестен түскен табысқа, тендерлерден ұрланған ақшаларға байланысты бүкіл халық арасында бөлініске түседі. Міне, осылай әр ай сайын  біреудің қолына 10 000 теңге, біреудің қолына 100 000 теңге, ал енді біреулерге  1 000 000 000 теңге тиетін болады.

Бұл ақшаға халық сәйкесінше ел ішінде өндірілмейтін тауарларды дүкендерден сатып ала бастайды. Шетелдік өндіруші өзінің сатқан тауарына теңге алып, оны долларларға алмастырады. Шетелдік өндірушінің алып кететін доллары, бір кездері шикізат сатудан түскен долларлар екендігін атап өткен жөн. Оның айырбастап алған долларлары Қазақстанның жоғарыда айтылған шикізат сатудан түскен долларлар. Өз кезегінде Қазақстанның  алтын-валюта қоры шет елге кеткен доллар көлемінің негізінде азая береді.

Осыны мысалмен түсіндіріп өтейік.

2009 жылы шикізат экспортынан түскен табыс 90 млрд. долларды құрады.  Осымен Қазақстанға долларлдың енуінің  және соған сәйкес теңгенің басып шығарылуының бірінші жолын қарастырып, екіншісіне көшейік. Екінші жағдайда доллар елге банк секторы арқылы келеді. Банктер шет елден доллар алып келіп, несие ретінде Қазақстан бойынша таратады.

Ол келесідей жүзеге асады. Біздің экспорттаушы сыртқы нарықта өзінің тауарын 3 долларға сатты деп елестетейік. Осы 3 доллардың 2 доллары оның жалақы мен салық төлеу шығындарын құрайды. Ал 1 доллар оның пайдасы болып табылады. Салықтар мен жалақыны экспорттаушы теңгемен төлеуі тиіс. Сондықтан да экспорттаушы валюта нарығында өзінің осы 2 долларын сатады. Қазақстанның Ұлттық банкі «ауадан» 400 теңге басып шығарады да, 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша оны экспорттаушының 2 долларына айырбастайды. Экспорттаушы 400 теңгесін алып, оның 200 теңгесін салық ретінде және 200 теңгесін өзінің жұмысшыларына жалақы, коммуналды қызметтерге арналған шығындар ретінде төлейді. Ал Ұлттық банктің экспорттаушыдан сатып алған 2 доллары Қазақстанның алтын-валюта қорын құрайды.

Мемлекеттің салық ретінде алған 200 теңгесі келесідей бөлініске түседі:

  1. Бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеу.
  2. Құрылыс, мектеп, аурухана, жолдар және т.б. түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру.

Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы қаржы жеке секторға барып түседі. Яғни мемлекет үйлер, мектептер мен ауруханалар, су және газ мұнай құбырларын, жолдар құрылысы және т.б. бойынша жеке компанияларының жұмысын қаржыландырады. Жоғарыда көрсетілген жолдар бойынша ақша тұрғындардың қолдарына барып түседі, ал өз кезегінде олар өздеріне қажетті тауарларды сатып алады.

Жеке сектор халықтың қолында пайда болған 400 теңгеге сәйкес өздерінің киім, құрылыс материалдары, электроника, жиһаз, автокөлік және т.б. сияқты тауарларын нарыққа шығара бастайды.

Аталған тауарлардың басым бөлігі біздің елде жасалынбайтындықтан, тауарлардың көп бөлігін шетел тауарларының компаниялары ұсынады. Бұл импорттаушы компаниялар шетелдік тауарларды елімізге әкеліп, оны осы 400 теңге көлеміндегі сұранысқа сәйкес нарыққа шығарады.

Екінші деңгейлі банктер арқылы импорттаушы компаниялар Ұлттық банктен өзінің тауарларын сатудан түскен 400 теңгені 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша долларға айырбастайды. Ұлттық банк өзінің алтын-валюта қорындағы 2 долларды алып, оны теңгеге айырбастау арқылы екі долларды импорттаушы компанияларға береді. Содан кейін, импорттаушы компаниялар алған 2 долларын шетелге алып кетеді.

Ұлттық банк осы 400 теңгені айналымнан сызып тастайды. Егерде банк бұл ақшаларды айналымға жібере алатындығын атап өткен жөн, алайда бұл ақырында инфляцияға алып келетін, мемлекеттік аумақтағы алаяқтық болып табылады.

Экономикадағы «жаңа» теңгені басып шығару дәл осылай жүзеге асады.

Егерде шикізатты сатудан түскен түсім артатын болса, онда тұрғындардың өмір сүру деңгейінің қалайша өсетіндігін қарастырып көрейік.

Біздің экспорттаушы сыртқы нарықта өз тауарын 6 долларға сатты деп елестетейік. Осы 6 доллардың 4 доллары оның салықтар мен жалақыға кететін шығындарын құрайды. Ал 2 доллар оның табысын құрайды. Өз кезегінде салықтар мен жалақыны теңгеде төлеу қажет. Сондықтан да, экспорттаушы валюта нарығында осы 4 долларды сатады. Қазақстанның Ұлттық банкі «ауадан» 800 теңге басып шығарады. Содан осң экспорттаушыдан 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша 4 долларды сатып алады. 800 теңге алған экспорттаушы бюджетке 400 теңге салық және өзінің жұмысшыларына 400 теңге жалақы, коммуналды қызметтерге кететін шығындарды төлейді.

Мемлекет түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көлемін және бюдеттен ақша алатын адамдардың жалақысын 400 теңгеден 800 теңгеге дейін ұлғайта алады. Сәйкесінше, халық енді 800 теңгеге немесе 4 долларға шетелдік тауарларды сатып ала алады. Бұл жағдайда ол өзін 2 есе ауқатты сезінетін болады. Енді осы жерден мынандай тізбекті сұрақтарға жауап беріп көрейік. Алдымен, неліктен халық өзін ауқатты сезінетін болады? Себебі олар осы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп тауарлар сатып алатын болады. Ал неліктен тұрғындар 2 есе көп тауарлар сатып алды? Себебі мемлекет 2 есе көп доллар көлеміне ие болды. Неліктен мемлекет қосымша 2 есе көп долларлар көлемін алды? Себебі біздің шетелге сатқан тауарларымыздың бағасы өсті. Біздің шетелден түскен табысымыздың 90% шикізат секторы құрайтындығын ұмытпағанымыз жөн.

Ал егер әлемдік нарықта біздің шикізатқа деген баға шартты түрде 1200 доллардан біздің мысалымыздағыдай 500 долларға дейін түсіп кететін болса, не болмақ?

Сонымен қатар, егер әлемдік нарықта біздің шикізатқа деген баға шартты түрде 3 доллардан біздің мысалымыздағыдай 2 долларға дейін түсіп кететін болса, не болмақ?

Мұндай жағдайда мемлекет келесілерді істеуі мүмкін.

1. Ұлттық қорды пайдалану.

Осы жағдайда экспорттаушы салықтар мен жалақы бойынша барлық шығындарды жабу үшін өзінің барлық 500 долларын сатады. Мемлекет пен тұрғындар салық және жалақы түрінде 100000 теңге алатын болады. Содан соң мемлекет мемлекет Ұлттық қордағы қосымша 500 долларды алады да, оны Ұлттық банкте бағам бойынша 100000 теңгеге айырбастайды. Содан кейін түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттен ақша алатын адамдарға жалақы беру арқылы осы соманы Қазақстан экономикасына құяды. 200000 теңге алған тұрғындар бұл қаражатын дүкендерден импорттық тауарларды сатып алуға жұмсайды. Тұрғындардан 200000 теңге алған импорттаушы компаниялар осы ақшасын Ұлттық банкке келіп, ондағы 1000 долларға алмастырады да, оны өз үйіне жібереді.

Мұндай жағдайда бағам өзгермейді және тұрғындардың өмір сүру деңгейі сол баяғы қалпында сақталады.

2. Мемлекетке келген доллардың көлеміне дейін мемлекеттік бағдарламалар мен жалақы көлемін қысқарту

Экспорттаушы салықтар мен жалақы шығындарын төлеу үшін барлық 500 долларды сатады. Осы арқылы мемлекет пен тұрғындар салықтар мен жалақы ретінде 100000 теңге қаржыға ие болады.

Мемлекет бағдарламалар мен жалақы көлемін 200000 теңгеден 100000 теңгеге дейін қысқартады. Содан кейін экономикаға қосымша бағдарламалар мен жалақы ретінде қалған 100000 теңгені құяды. 100000 теңге алған халық енді импорттаушыдан 2 есе аз тауарлар көлемін сатып алады. Тауарлар бағасы мен бағам өзгермейді. Тұрғындардан 100000  теңге алған импорттаушы компаниялар осы ақшасын Ұлттық банкке келіп, ондағы 500  долларға алмастырады да, оны өз үйіне жібереді.

3. Түрлі бағдарламалар мен жалақы көлемін баяғы қалпында сақтау.

Бұл жағдайда пайда болған ақша жетіспеушілігін мемлекет ештеңемен қамтамасыз етілмеген ақшаларды басып шығару арқылы қаржыландырады.

Экспорттаушы салықтар мен жалақы шығындарын төлеу үшін барлық 500 долларды сатады. Осы арқылы мемлекет пен тұрғындар салықтар мен жалақы ретінде 100000 теңге қаржыға ие болады.

Мемлекет бағдарламалар мен жалақы көлемін қысқартпайды. Алдыңғы кезеңде мемлекеттік бағдарламалар мен бюджет саласынан ақша алатын адамдардың жалақысы 200000 теңгені құраған еді. Осы кезеңде мемлекеттің қолында 200000 теңгенің тек 100000 ғана бар. Осы жағдайда мемлекет ештеңемен қамтамасыз етілмеген қосымша 100000 басып шығарады да, оны алдыңғы кезеңдегідей түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жалақы ретінде экономикаға енгізеді. Халықтың табысы 200000 теңгені құрайды, алайда бұл жағдайда дүкен сөрелеріндегі шетелдік тауардың бағасы екі есеге қымбаттайды. Яғни, алдыңғы кезеңде 1 теңге тұрған тауар енді екі теңгеге қымбаттаған. Неліктен? Себебі Ұлттық банктегі 500 долларға мемлекет 200000 теңге басып шығарды. Сәйкесінше бағам өзгереді. Егерде бұрындары бір долларға 200 теңге сәйкес келсе, онда қазір 400 теңге сәйкес келетін болады. Доллармен алғандағы тауар бағасы сол баяғы қалпында сақталды. Ал теңгемен санағанда оның бағасы екі есеге дейін көтерілді. Сәйкесінше, тұрғындардың номиналды табыстарын баяғысынша 200000 теңге көлемінде сақтаған күннің өзінде де, нақты табыс екі есе төмен екендігін түсінген жөн.  Себебі енді 200000 теңге көлеміндегі сомаға екі есе аз импорттық тауарларды сатып алуға тура келді.

Дәл осы жағдай Қазақстанның ақпан айындағы девалвациясының басты себебі болып табылды. Яғни мұнай бағасының 2008 жылдың шілдесіндегі баррельіне 135 доллардан 2009 жылдың ақпанында баррельіне 36 долларға дейін немесе 4 есе төмендеп кетуді. Мемлекетке келетін долларлардың саны және Қазақстанның экспорт көлемі де сәйкесінше 4 есеге төмендеді.

Осымен доллардың және Қазақстанда оған басып шығарылған теңгенің пайда болуының бірінші жолын қарастыруды аяқтайық.

Енді Қазақстандағы доллардың пайда болуының екінші жолын қарастыруға көшейік.

Бұл жағдай біздің екінші деңгейлі банктердің шетелдерден тартқан долларлар көлемін, Қазақстан ішінде түрлі несиелер арқылы бөлуімен сипатталады.

Бұл келесідей жүзеге асады.

Біздің мемлекеттің коммерциялық банкі Ситибанктен несиеге долларлар алады. Содан кейін бұл банк Ситибанктен алған долларларын Қазақстанның Ұлттық банкіне келіп ауыстырады. Ұлттық банк ауадан теңге басып шығарады да, оны келген доллар көлеміне алмастырады. Ал Ұлттық банктің коммерциялық банктен алған долларлар көлемі еліміздің алтын валюта қорын құрайды. Бұл Қазақстандағы жаңа теңгелердің пайда болуының екінші жолы.

Одан әрі, бұл жаңа теңгелер тұрғындарға тұтынушылық несиелер беру арқылы Қазақстан экономикасына енеді. Алған несиелеріне тұрғындар тоңазытқыштар, автокөліктер және т.б. біздің мемлекет өндірмейтін, яғни импорттық тауарларды сатып ала бастайды. Тұрғындарға тауарларын сату арқылы теңгеге иеленген импорттаушы Ұлттық банкке келіп, теңгені долларға айырбастайды. Импорттаушының айырбас арқылы алып кеткен бұл долларлары, біздің коммерциялық банктердің Ситибанктен қарызға алған доллары екендігін атап өтейік. Долларларын алған импорттаушы оларды шетелге жібереді. Ал Қазақстанның алтын валюта қоры импорттаушының шетелге жіберілген долларларының санына байланысты төмендейтін болады.

Бұл жол арқылы біз мынандай жағдайда көз жеткіземіз: яғни мемлекетіміздің коммерциялық банктері шетелдік банктерден көп мөлшердегі долларлар көлемін алып, оны Қазақстан ішінде несие ретінде таратқан сайын, біздің ұлт соғұрлым көп көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзін ауқаттырақ сезінетін болады.

Бұл мысалдарда біз Ұлттық банктің қай кезде елге келген долларларға сәйкес жаңадан басып шығарылған теңгелерді ауыстыратындығын бір нұсқасын көрсеттік.

Жоғарыда аталғандардың барлығы, біздегі теңгенің басып шығарылуы мен оның айналымға енуі біздің тауар өндірісімізге емес, мемлекетімізге енетін долларлардың санына байланысты екендігін көрсетеді.

Қорытындылай келе келесілерді айтқымыз келеді.

Мемлекетімізге түскен долларлардың саны көп болған сайын, біз соншалықты көп көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзімізді ауқаттырақ сезеінеміз.

Ал мемлекетімізге түскен долларлардың саны аз болған сайын, біз соншалықты аз көлемдегі импорттық тауарларды сатып ала отырып, өзімізді кедейірек сезінетін боламыз.

Қазақстан ұлттың қажеттілігін қанағаттандыратын отандық өнеркәсібі жоқ, колониалды-шикізаттық экономикасы бар мемлекет. Мұндай экономикада тұрғындардың өмір сүру деңгейі тек елге келген долларлардың санына байланысты болатындығын ұмытпаған жөн.

   


Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
13 февраля 2012, 19:00
752

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Dear Sir / Madam,

Мы Culbert CHADWICK финансовый кредит ФИРМА Группа приглашаем Вас сотрудничать с нами и воспользоваться в нашем новом займа
и программа финансирования проекта. Мы предлагаем гибкие кредиты и финансирование для различных проектов в обход обычных жестких процедур.

Эта программа позволит финансирование, клиент обеспечивает низкое окупаемость процентную насколько низко как 2% в течение 5years до 25 лет.

Мы можем одобрить кредит / финансирования на срок отношению к доллару США $ 5,000.00 до $ 5,000,000.00 или больше в зависимости от проекта.
Наше предложение кредита для физических лиц, групп или компаний.

Характер деятельности. Мы в настоящее время финансирует для:

    * Запуск франшизы
    * Приобретение бизнеса
    * Расширение бизнеса
    * Покупка Коммерческая недвижимость
    * Договор Исполнение

Мы также даем личного кредита, бизнес-кредит, ипотечный или ипотечного кредита, ссуды на покупку автомобиля, образовательным кредитом путешествия и отдыха кредита. Кроме того, мы предлагаем кредиты в форме
Необеспеченного кредита, обеспеченного займа, плохой кредитной займа и консолидации долга кредита.

Мы надеемся, имеющий хорошие деловые отношения с вами. Если вы думаете, у вас есть солидный опыт и представление о том, что делает хорошую прибыль в любом предприятии, пожалуйста, не стесняйтесь обращаться к нам для возможного делового сотрудничества.

С наилучшими пожеланиями, Culbert CHADWICK финансовый кредит фирмы.
E-почта: culbertchadwickloanfirm@gmail.com
C.E.O: Г-н Culbert CHADWICK

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10414
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4463
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2998
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2093
  • 73
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1685
  • 53
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1439
  • 16
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1349
  • 9
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1313
  • 45