Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:30, 13 февраля 2012

Нұрлан Қоянбаев кинода бағын сынауда!!!

http://www.youtube.com/watch?feature=player_detailpage&v=octdkOlGq6k

 

Қазақтар" көңілді тапқырлар командасының капитаны, Нұрлан Қоянбаев бұдан былай кино саласына продюсерлік етпек. Қазірдің өзінде түсірілім жұмыстары басталып кеткен тележоба, жақын күндері отандық телеарналардың бірінен көрерменге жол тартады«Базарбаевтар» деп аталатын сериал комедия жанрында болмақ. «Базарбаевтардың» басы «біссіміләдан» басталды. Жаңа жоба жұғысты, әрі кірісті болсын деген түсірілім тобы, алғашқы күні қазақи ырымды айналып өтпеді. Режиссер Ресейден арнайы шақыртылғанымен, сериал сценарийін, еліміздегі әзіл саласының майталмандары жазыпты. Нағыз ұлттық нақыштағы өнім, қазақ отбасының бүгінгі жайын жеңіл күлкімен жеткізбек.
НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ, ПРОДЮСЕР:
— Әзіл сыйлап жүрміз гой. Енді сықақ түріндегі телесериал ұсынғалы отырмыз. «Базарбаевтар» күзде жалғасын табады деп ойлаймыз.
Туындыға таңдалған әртістер де танымал тұлғалар. Мәселен, «Базарбаевтардың» отағасы ролін орындайтын Бекжан Тұрыс бұл жолы әдеттегідей қарттың емес, балалардың әкесі образын сомдайды.
Алайда жаңа жоба Қоянбаев мырзаны көңілді тапқырлар клубынан алшақтатады деген сөз емес. Керісінше, продюсер, көрермендермен сахнада да, оның сыртында да бірге болмақ.

0
445
3