Екпiн logotype
12
10/24/2012, 7:30 AM
Екпiн
"Рахмет, Анашым!" - әлеуметтік ролик

Достар! Назарларыңызға “Рахмет, Анашым” әлеуметтік ролигін ұсынып отырмын.

Жел бағытын өзгерте алмасақ та, кеме желкенін арманымыздың бағытына қарай өзгерте аламыз. Маңыздысы, сенім мен үміт.

Маңыздысы, жақын адамдарымыздың ыстық махаббатын бір сәтке де жадымыздан шығармай, жүрегімізге сенім мен үмітті ұялату.

Ролик қазақ тілінде түсіріліп, орыс тіліне дубляждалған. Түсірілім уақыты - 2 күн.
Қысқаметражды фильм адамдардың ынта-ықыластарының негізінде жасалғанын атап көрсеткім келеді. Роликтің түсірілуіне үлесін қосқан барша жанға алғысымды білдіремін.

Кадрдан тыс суреттер:

Менің келесі жобам - толықметражды фильм, біз оған техникалық топты (оператор / VFX Supervisor / көркем қоюшы / Интерьершы / жарық түсірушілер / дыбыс) жинаудамыз. Егер қатысам десеңіз, сайтымыздағы сауалнамаға жауап беруіңізге болады. Толығырақ мәліметті www.joldas.com/film сайтынан таба аласыз.

follow me @sakojs

web-page: www.joldas.com

Сәкен Жолдас

 
app.post.show.fully

Comments

Login to comment