Қазақстан Телеарнасы February 9, 2012
369
0
0
0

Шымкентте алты ай бойы ес-түссіз жатқан 3 жасар бүлдіршін оянды. Саусақтарын қимылға келтіріп, жан-жағына қарайлауды бастапты. Бұл 2011 жылдың 16-шы тамызында болған жағдай еді. Үй маңында ойнап ...

Шымкентте алты ай бойы ес-түссіз жатқан 3 жасар бүлдіршін оянды. Саусақтарын қимылға келтіріп, жан-жағына қарайлауды бастапты.
Бұл 2011 жылдың 16-шы тамызында болған жағдай еді. Үй маңында ойнап жүрген баланы машина соғып кетеді. Көлік иесі бала қаққанымен қоймай, оқиға орнынан ізін суытпаққа тырысады. Алайда, қылмыскер үш күн өтпей қолға түсті. Полицейлерге балақайдың көршісі көмек берген. Ол қаққан көліктің маркасы мен нөмірін ұялы телефонға суретке түсіріп алған. 3 жасар сәбиге операция жасалады, алайда, ота үстінде ол комаға түседі. Жүргізушіні сот 1 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Оцените пост

0