Тікелей эфир

Қысқы кино тізімі

Қыс келісімен, далада қыдыру азаяды, жылы үйде отырып, кітап оқығың, не қызықты кино көргің келеді. Осындай мақсатпен сіздерге қысқы кинолар тізімін ұсынып отырмыз, құрметті оқырман.

«Демалыс» (“Отпуск по обмену” немесе “The holiday”) - 2006 жылы шыққан, американдық режиссер Нэнси Мейерстің киносы. Басында үйреншікті американдық комедия болып көрінгенмен, кино өте әсерлі. Ал саундтректерінің авторы - композитор Ханс Циммер жазған ғажайып әуендер ұзаққа дейін есте қалып қояды. Сондай-ақ, Кэмерон Диас, Джуд Лоу, Кэйт Уинслет сияқты тамаша актерлер құрамы фильмге өзгеше әр береді. Бұл кино сіздерге жаңа жылдық, әрі романтикалық көңіл-күй сыйлайтыны хақ.

«Суыр күні» (Groundhog Day) - қыс тақырыбындағы мейірімді де ескі фильмдердің бірі. Кино 1993 жылы шыққан, режиссері - американдық Харольд Рэмис. Бұл кино әлі күнге дейін өз көрермендерін жоғалтпай келе жатыр. «Суыр күні» - Пенсильвания штатындағы 2-ақпан күні өткізілетін мереке. Дәл осы күнде басты кейіпкер Фил Коннорс (Билл Мюррэй) «ертеңге» көшпей, бір уақытта тұрып қалады. Соңында бәрі тамаша болып аяқталатын кинодағыдай, басты кейіпкер ғашық болып, жақсы адам болмайынша, оның басынан неше түрлі қызықты оқиғалар өтеді.

«Шынайы махаббат» (Love Actually) - аты айтып тұрғандай, махаббаттың сан қырын көрсететін, американдық режиссер Ричард Кертистің фильмі. Кира Найтли, Хью Грант, Колин Ферт, Эмма Томпсон, Билли Боб Торнтон – бұл кинодағы «жұлдызды» әртістерінің біразы ғана. Қыстың қақаған күндері «Шынайы махаббат» фильмін көрсеңіз, көңіліңізге махаббаттың көктемі орнауы ғажап емес. Қайта-қайта көруден жалықтырмайтын кинолардың бірі десе де болады. Адамға жайдары көңіл-күй сыйлап, тәтті сезімдерге жетелейді.

«Келін» (2009). Отандық «Қазақфильмнен» шыққан бұл туынды жоғарыдағы кинотуындылар сияқты жеңіл қабылданбайды. Өзіндік атмосферасы бар «Келінде» қыс мезгілі негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде көрінеді. Жалпы, бұл фильмдегі табиғат көрінісі, жануарлар әлемі сәтті түсірілген. Шыңдарын қар басқан маңғаз таулар, бірнеше кадрға түскен қыран, жапалақ пен қасқырлар туындының мазмұнын ашатын, фильмнің ажырамас бөлігі.

«Тоңғандар» (“Frozen”) - 2010. Тізімдегі кинолардың бәрі мелодрама болып кетпес үшін арасына қорқынышты, триллер жанрындағы фильм қосуды жөн көрдік. Соның бірі - режиссер Адам Гриннің тау арасында жалғыз қалып қойған 3 сноубордист жайлы түсірілген «Тоңғандар» фильмі. Экстремал жастар тау жақтағы шаңғы курортында еш адам қалмаған кезде биік шыңнан сырғанауды ұйғарады. Алайда көтергіш құрылғыға отырып алған үш адамды қызметкерлер байқамай, бүкіл сауық алаңын жауып, кетіп қалады. Әрі қарай кино өзінің динамикасымен, көрерменді жетелеп отыратын шытырман оқиғаларымен қызықтырып әкетеді.

«Қысқы қонақ» (The Winter Guest) - 1997. Фильмінің оқиғасы кішігірім шотландық қалада өтеді. Алан Рикманның бұл киносында қыс қарапайым, бірқалыпты өмірді бақылаушы ретінде көрінеді. Өмірді түсіну, жастықтан бастап кәрілікке дейінгі ішкі жан дүниенің өзгерісі, ана мен қызының қарым-қатынасы, т.б. дүниелер осы кинода бар. Режиссер нәзік психологиялық сәттерді керемет аппақ пейзажда өте шебер көрсете білген.

«Он қыс» (2009) - Ресей мен Италия елдерінің бірігіп жасаған жобасы. Сильвестро мен Камилла жыл сайын қыста кезігіп, бірде дос, бірде ғашықтар, бірде тіпті жай таныстар болып мезгіл өткізеді. Бір-біріне деген махаббаттын сезу үшін оларға дәл 10 қыс керек болады. Сюжеті режиссер Лоне Шерфигтің «Бір күн» фильміне ұқсас.

«Қарда адасқан» (“The snow walker”) - 1950-жылдардағы оқиғаны баяндайды. Ұшағын серік қылған Чарли Холлидей Канададағы Арктика елдеріне азық-түлік тасушы, көмек көрсетуші болып қызмет жасайды. Бір сәтсіз күні Чарлидің ұшағы құлап, кейіпкеріміз жергілікті тайпаның Иунит атты қызымен ұшы-қиыры жоқ арктикалық далада қалып қояды. Осы жерден бастап оның өмірге деген бейімі, өмір мен өлім арасындағы күресі басталады.

«Қарлы иттер» (“Snow dogs”) – көбімізге таныс Тед Брукс атты аңқау жігіт пен оның иттері туралы комедия. 2002-жылғы Уолт Дисней студиясының бұл отбасылық фильмінен кейін бірден далаға шығып, қар атысып ойнағың келеді. Әсіресе жан-жануарларды сүйетін адамдар бұл кинодан көптеген мейірімді эмоция алары сөзсіз. Сондай-ақ, Алясканың табиғаты, қарлы таулар мен жылы жемпірлер – бәрі де нағыз қыстың кейпін толықтай сезінуге мүмкіндік береді.

«Көріскенше қош бол, Медеу!» - 1982 жылы түсірілген Алматы мен Медеу мұз айдыны жайлы кеңестік-чехословакиялық фильм. Қыс мезгілі алматылықтар үшін Медеу мұз айдынымен байланысты екенін ескере отырып, бұл фильмді айналып өте алмадық. Зденек Трошканың фильмі сол жылдары жас әнші Роза Рымбаева үшін «үлкен» кинодағы дебюты болған еді. Роза Рымбаеваның тамаша даусын, Медеу шатқалының керемет көріністері мен қызықты оқиғаларын сыйлайтын бұл туынды балалық шағымыздың бір көрінісі ретінде әрқашан да ыстық тартып тұрары сөзсіз.

Алия Arsik
24 қазан 2012, 16:39
4701

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Zere
1
0
"Демалыс" фильмі жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды, ғажайыпқа сендіретін өте мейірімді фильм. Ал "Қош бол, Медеуді" қазақстандық үздік мюзикл-фильмдеріне жатқызуға болатын шығар.
Arsik
0
0
сол мюзикл туралы мына посттан алғаш рет естіп отырмын, ұят-ай. "Шынайы махаббат" ұнайды, 10 рет көрген шығармын кезінде))
Zere
0
0
Сол "Шынайы махаббаттың" порно ма, бірдеңе түсіретін жері ұнамайды ше... )))
аа, иә, сондай бірдеңелері бар)) маған тойды видеоға түсіріп жүрген жігіт тек Кира Найтлиді түсіріп алғаны ерекше есімде сақталды :)))
1. "Демалыс"-мен үшін нағыз кинотерапия, көңілсіздіктен құтқаратын бірден-бір фильм.
2. "Келіндегі" қыс өте ұнайды. Ауылға барып, қарға аунағың келіп кетеді.
3. "Тоңғандар" - динамикасымен, күтпеген бұрылыстарымен қызық. Бір сағат бойы денеңді шымырлатып экран алдында ұстап тұра алады.
4. "Қош бол, Медеу!" - осы тізімдегі мен үшін ең қымбаттысы:) бала кезімізде осы фильмді жиі беріп тұратын, ойын ойнағанда да осы фильмді салып ойнайтынбыз. Осы кинодан соң коньки тебуге деген құлшынысым пайда болғаны тағы бар. Қазірде көрсетпейтіні өкінішті
Zere
1
0
"Послезавтра" деген фильм бар еді ғой, бірақ ол жаз кезінде қыс болып кетуші ма еді? ))) Соны көрсең қыстан қорқып кетесің әйтеуір ))
аааа.. иә) типа ақыр заман болатын ба, есімде қалғаны: ең соңында бір бала шығады, айналасы қар, одан басқа түк жоқ)
"Суыр күні" мен "Тоңғандарды" ғана көріппін) тізімнен көріп, қалғандарын да көргім келіп отыр, пост күшті!
Arsik
0
0
рахмет, келіп тұрыңыз бізге :)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 39327
  • 19
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8546
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 6162
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6421
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2854
  • 10
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2532
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2391
  • 20
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2028
  • 31