Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:47, 08 февраля 2012

Қазақстан солшыл жастарының бірінші форумы

Blog post image

                     

Қазіргі таңда Қазақстанда төңкеріске таяу жағдай қалыптасты, сондықтан мұндай кезеңде елдің солшыл күштердің консолидациясы  (социалистік және коммунистік) ерекше мән алады.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның солшыл күштері бір шешімге келе алмай, жеке- жеке жұмыс істеуде, ал буржуазиялық, ұлтшылдық  идея халықтың арасында кең таралуда. Социалистік қозғалыстар мен олардың белсенділері мұндай сәтті қолға алуы керек.

Біз, Қазақстанның студенттері мен жастарының тәуелсіз кәсіподағы өздігімен немесе басқа солшыл ұйымдармен бірлесе отырып, талқылау ұйымдастыруға дайынбыз: Алматы қаласындағы Бірінші «Қазақстан Солшыл Жастарының Форумы» төмендегідей тақырыптардың төңірегінде өтеді:

1.Қазақстандағы қозғалыстар мен солшыл ұйымдардың арасындағы диалог;

2. Жастар социализмді таңдайды!

3. Қарар:Бірінші «Қазақстан Солшыл Жастарының Форумы»

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар үшін келесі телефон номерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

Email: www.npsmk.org@gmail.ru

Сайт: www.npsmk.org

+77023196156

+77052203510

 
1
420
2