Бұл Кентау қаласындағы түске дейінгі жағдай. Түс ауа шаһардағы бірқатар нысандарға жылу беріле бастады. Қазір 6 денсаулық сақтау нысаны, 11 мектеп, 11 балабақша автономды жылу беру жүйесіне...

Бұл Кентау қаласындағы түске дейінгі жағдай. Түс ауа шаһардағы бірқатар нысандарға жылу беріле бастады. Қазір 6 денсаулық сақтау нысаны, 11 мектеп, 11 балабақша автономды жылу беру жүйесіне қосылды. Облыстық әкімдік жылыту жүйелерін бақылау және тұрғындардың талаптарын ескеру үшін мемлекеттік ұйымдардың 190 қызметшісін жұмылдырды.

Қазір жылу электор орталығында 60 тонна мазут, 15 тонна қысқы дизель отын бар. Қаладағы жылу құбырларын қалпына келтіру жұмыстары үзіліссіз жалғасуда. Жағдай қазір бір қалыпқа түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте мәлімделді.
Любовь Шапошникова, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

Қазіргі кезде 5-інші қазандықтың қоректендіру жүйесін қыздыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 7-інші қазандық іске қосылуға дайындалуда. Ал 6-ыншы бу қазандығында жөндеу жұмыстары бүгін кешке аяқталады.

Оцените пост

0