Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
8
22:37, 10 апреля 2012

Тегеранға саяхат..

Сірә осы жазбаға да қолым жеткен сияқты.. Қаңтар айының басында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға сапар шектім.. Бұл менің Тегеранға ұшудың 4ші әрекеті еді.. Ирандық Махан Эйр 3 апта бойы Алматыға қона алмай кетті((( Үрімші арқылы Чайна Саутэрн Эйрлайнзбен ұшуға тура келді.. Виза құны  Иран елшілігінің Алматыдағы өкілдігінде 10 000 теңге(негізі елшілік Астанада), қарастыру уақыты бір апта. Визасы өте әдемі..

Тегеран Имам Хомейни әуежайына келіп қондық.. Ұшақтағы жапон, қытай, кәрістің қыздары бастарына бірдемені байлап жатыр, үңіліп қарасам кәдімгі шарфты орау үстінде.. Ұшақтан шықтым.. Әуежайы Стамбул, Шанхайдікінен кем емес.. Швейцариялық сағаттардың, Мерседес пен BMW, Люфтганза мен КЛМнің жарнамалары көзді ауыртады.. Әуежайдан шыға берісте еркектер бір жаққа, әйелдер бір жаққа.. Далаға шықтық.. Қазір қандай көлік мінетіндерін көреміз деп ойлап келем.. Пежо, Пейкан(Иранда жасалған), Хюндай.. Ооо, қазақтың Кәмри’40ғы такси))) Күтіп алушы адам Хюндаймен кепті.. Грандеур ма десем, белгісіз Hyundai Azera.. жаман емес.. Алматыда -20, Тегеранда +15.. Кәдімгідей жылу.. Әуежай қаладан 30 км қашықтықта орналасқан, ортасында хай-вэй, шіркін бізде қашан осылай болады екен.. Blog post image

Blog post image

Шопыр-бала біреумен қалтафон арқылы сөйлесіп келеді, тыңдасам түрікшеге ұқсайды, сөйлесе келе түрік тілі Иранда екінші тіл екен, білсең далада қалмайсың, көбісі түсінеді..

Parsian Evin Hotel.. 4 жұлдыз, шетелдік қонақ үйлерден кем емес.. Қызметкерлері ағылшын тілінде керемет сөйлейді.. Visa, Master Card – арам)) Долларды риалға ауыстыру оңай, ал риалды долларға ауыстыру үшін біраз қағаз толтыру керек.. Оңайырақ санау үшін, риалмен қоса виртуалды «тұман» жүреді екен.. 1000 риал 1 тұман ба, сондай бірдеме.. Ең үлкен ақша белгісі 500 000 риал..

Blog post image

Blog post image

Бөлмеме кіріп, суға түсіп, тоңазытқышты аштым.. Шырын, шоколад, алкогольсыз сыра, Зам зам кола)) дәмі түпнұсқадан мүлдем басқа, онша ұнамады.. Ал сырасы ұнады..

Blog post image

Бөлмеде жайнамаздың жанында бір белгі тұр, арабша ма, парсы тілінде ме, түсінбедім.. Құбыла жаққа ишарат жасап тұр ма, әлде Ирандық шиилер басқа жаққа қарап намаз қыла ма, түсіне алмадым..

Интернетке шықтым.. нұр.қз ашылмайды, гугл, фэйсбуктерде сол сияқты.. Гугл мен Фэйсбуктер американдық болғандықтан, ал біздікі суреттердің арқасында.. Прокси серверлерді сынап көруге қорықтым, зындандары  қонақ үйге көрші)))

Таңғы ас.. түрлі түрлі тағам, түрік асына өте жақын, қатты ұнады, наны өте дәмді, ең бастысы барлығы адал..

Такси алып, серіктестеріміздің кеңсесіне бара жатырмыз, такси жүргізушісіне бірінші қойған сұрағым: елбасын жақсы көресіз бе? Саясатымен келісесіз бе? Жауап: жоқ, жақсы көрмейміз, Шах дәуірінде қазіргіден жақсы тұратынбыз, себебі АҚШқа жақын едік.. Демек ертең АҚШ әскері басып кірсе, оларды азат етушілер сияқты қуана қарсы аласыздар ма? Жоқ, жауап береміз әрине, әлсіз мемлекет емеспіз, әскеріміз мықты, қару-жарақ бар..

Шыныменде, әлсіз мемлекет емес.. Көліктің көбісі өздерінде шығады, әрине Мерседес емес, бірақ өздерінікі.. Инфрақұрылым дамыған.. Қару-жарақ өздерінде шығады, ең бастысы мемлекеттік деңгейде идеология бар, ал халық оны қолдай ма, қолдамайма, ол басқа мәселе..

Кездесуден шығып, қаланы аралауға кірістім, Нewlett Рackard’дің қуаттау құралын ұмытып кетіп едім, эмбаргоның арқасында таппай қаламын ба деп жүрсем, толып жатыр.. Басы ашық әйел адам көрмедім, себебі ереже бұзушылық – зындан, кім болса ол болсын..

Тегеран көшелерінде Газельдер жүр))) Blog post image

Ескі Шевроле, Мак жүк көліктері, шамамен сол Шах дәуірінен қалған..

Blog post image

Ауасы ластау, көліктерінде катализатор жоқ сияқты, жанармай 70 теңге, алайда мұнай өңдеу зауыттары жоқ, технология жоқ. Шамамен Иран мұнайды Түркияға сатады, ал орнына жанармай алады. Кептеліс көп, бірақ бір-бірін сырып өтсе тоқтамай ары қарай жүре береді, Шығыс қой әкесін)) Ауыр жол көлік оқиғасын көрмедім, жолда құрмет деген ұғым бар.

Даму жағынан Түркиядан сәл артта, бұл көшедегі көліктен, салыңған үйлерден көрініп тұр. Табиғи газ көп, көшеде кетіп бара жатып газ жаңғышқа қолыңды жылытып алып әрі қарай кете бересің, газ дүңгіршектерге дейін жеткізілген)))

Қыздары әдемі, денелі болып келген, Батыс елдері Иранда әйелдер қорланады деп зарлайды, атаңның басы, Иран әйелдері топырлап Gucci, Mango, Zara’да жүр, мінетіндері Мерседес, Хюндай және Пежо, еркектері жанында, басқа не керек? Әрине қыздарын суретке түсірмедім, елге аман-есен қайтқым келді))

Бір қызығы, немістің Audi мен VW кездестіре алмадым, ескісі де жоқ. Аралаған жерлерім Tajrich Square, Тегеран Орталық Базары және де Соңғы Шах Сарайы. Базарлары керемет, үйге естелік ретінде қолдан жасалған әдемі бұйымдар алуға болады.. Ал енді суреттер, сапасына айып етпеңіздер, көбіне көліктен түсірдім, кейбіреуін қалтафонмен:

Бағана айтып өткен Tajrich Square'дың маңайы

Blog post image

 

Blog post imageаBlog post image

 

Blog post image

Көшелерден көрініс:

Blog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageLow rider немесе Taxi5))

Blog post imageKia & PeykanBlog post imagefИрандық Зил н/е Газ-53, бәрін осымен тасиды(American style, Mazda B2000 fake)..

Blog post imageМаған ұнады, әсіресе дөңгелектегі сурет))

Blog post imageBlog post imageМешіттердің бәрі көк түсті..Blog post imageBlog post imageBlog post imageМейрамханада.. Ет, ет, ЕТТТТТ)))

Blog post imageBlog post imageмынандай дәу мандарин көрмеппін..

Blog post imageшәй келді:

Blog post image

Риза Пахлевидің Сарайы ма, Ордасы ма(Green Palace), әйтеуір қазіргі кезде мұражай.. соның жанында 1919 жылғы Rolls-Royce әлі жүгіріп жүр:

Blog post imageБіреу сыйлаған әйгілі Ми-24 тікұшағы:

Blog post imageҚазіргі Абрамстың арғы аталары))

Blog post imageТағы бір RR:

Blog post imageШамамен Екінші Дүние Соғысынан қалған әскери көлік, немістердікіне қатты ұқсайды, атын біле алмадым, жақындап қолыммен ұстадым)) техника десе ішкен асымды жерге қоятын адаммын))

Blog post imageНегізі Шах көлікті таңдай біліпті, аты аңызға айналған Mercedes Benz 600, W100 шанағында. Егер Анджелина Джоли, Сальма Хайек, Кира Найтлилерді бір жаққа, екінші жаққа осы Мерседесті қойып таңда десе, қыздар жайына қалушы еді, міне нағыз Мерседес)))

Blog post imageекіншісі:

Blog post image3

Blog post imageMercedes Benz 300SL әкесін..

Blog post imageBlog post imageтағыда Мерседес 600:

Blog post image

Rolls-Royce, Cadillac, VW Baggy:

Blog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post image

қапқарашка)))

Blog post image

Болған сияқты осымен.. мүмкін барлығын айта алмадым..

p.s. егер АҚШ соғыс бастаса өкінішті болады.. Иран аман болсын!!

8