Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:23, 04 февраля 2012

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

Blog post image

 

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨТКЕН ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

2012 жылдың 27 қаңтар күні Қызылорда «Болашақ» университетінің ғылыми-кеңес залында ҚХР-да өндірістік тәжірибеден оралған студенттердің тәжірибе есебін тыңдау конференциясы өтті. Конференцияға «Болашақ» университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Ө.Ү. Үмбетов мырза, Үрімжі қаласының Шыңжаң педагогикалық университетінен Қызылорда Қазақ-қытай академиясына арнайы шақырылған қытай тілі оқытушысы Ванг Джиен Чао мырза, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қытай тілі маманы Әсемханқызы Мубилән, «Болашақ» университетінің факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Конференцияны ашу салтанаты университет ректоры Ө.Ү. Үмбетовке берілді. Өз сөзінде ректор бұл елеулі іс барысында ҚХР-на тәжірибеге барған студенттердің терең білім, мол тәжірибе алып қайтқандығы және мұндай істер бұдан әрі де жалғасынтабатындығы жөнінде айтып өтті. Конференция барысында Шыңжаң педагогикалық университетінде тәжірибеде болған ПД-18, ПД-19 оқу топтары студенттерінің 20 күн бойы оқып-үйренгендері, көрген-білгендері жайлы ақпараттар берілді. Студенттер Қытай елінде өткен өндірістік тәжірибе жайлы өз ой-пікірлерін ұстаздар қауымы және конференция қонақтарымен бөлісті. Қазақ-қытай академиясынан келген конференция қонағы Ванг Джиен Чао мырзаға сөз беріліп, өз сөзінде Ванг мырза Шыңжаң педагогикалық университетін таныстыра өтіп, алдағы таңда Шыңжаң педагогикалық университеті мен Қызылорда «Болашақ» университеті арасында достық қатынас орнатылып, білім-тәжірибе алмасып, қарым-қатынас жасау жоспарда бар екендігін айта кетті. Өндірістік тәжірибеге «Болашақ» университетінің қытай тілінің аға оқытушысы Смағұлова Жанар жетекшілік етті.

0
1666
2