Мектеп бітіруші түлектердің білімін бағалайтын кешенді тестілеу күні алыс емес. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі өкілдері аймақтарда ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге орай түсіндіру...

Мектеп бітіруші түлектердің білімін бағалайтын кешенді тестілеу күні алыс емес. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі өкілдері аймақтарда ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге орай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа талаптар мен өзгерістерден хабардар ететін осындай басқосу Таразда өтті.

Биыл тестілеуді өткізу барысы бірқатар өзгеріске ұшырамақ. Алайда, бұл тек ұйымдастыру шараларына қатысты болып отыр. Тесттің негізгі форматы сол қалпында қалады. Тек бақылау күшейтіледі, тест өтетін орындар бейнебақылау, ұялы байланыс сигналдарын өшіру қоңдырғыларымен жабдықталмақ. Ауылдық, аудандық өткізу орындарында кезекшілер болмайды, тестілеу барысын 1 аудиторияда бір адам, яғни, министрлік өкілі қадағалайтын болады. Және ол тәртіп бұзған оқушыны тесттен шеттетуге, жауап қорытындысын жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Облыста Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді үйлестіру үшін білім басқармаларының базасында арнайы штабтар құрылып, жұмыстарын бастап та кетті. 
Мақтағали Бектемесов, Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:
Бұл деген әрбір оқушыға, бітірушіге өзінің 11 жылдық мектептегі алған білімінің бағасын обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Соған барлық жағдай жасалады.
 

Оцените пост

0