Екпiн logotype
3
10/23/2012, 8:20 PM
Екпiн
Аптаның қызықты материалдары #2


"Екпін" журналы сіздерді аптаның мәдени материалдарымен таныстыруды жалғастырады.

__________________________________________________________________________

Шәмші шындығы

Ұлы адамдардың артынан қашанда сөз еріп жүреді. Бұл заңдылық та. Ел арасында Шәмші туралы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер көп. Оның рас-өтірігі қаншалықты, аңызы мен ақиқаты қайсы, мұны електен өткізу алдағы уақыттың еншісінде. Дегенмен, біз осы төңіректегі кейбір әңгімелерге аз-кем назар аударған едік.

Қазақтың белгілі қайраткер азаматы Өмірзақ Айтбаевтің мынадай бір сөзі бар: Шәмші тірі кезінде бағаланбады деуге болмайды. Өйткені оның әндері өзі тірі кезінде-ақ күллі қазаққа тарады. Оны ел үйіп тыңдады, ел бағалады.  50 жылдығы, 60 жылдығы атап өтілді. Шәмшінің әндері экрандар мен эфирлерден түскен жоқ. Әлі күнге дейін солай. Тек «Қазақстанның Халық әртісі» деген ресми атақ, ол қайтыс боларынан бір жыл бұрын ғана берілді (материалды толығымен оқу).

Әділ ЛИЯН: «БІЗДІҢ ЖАСТАР БІЛІМСІЗ»

Қазнет демекші, орыстілді блогерлер Ержан Рашев пен Андрей Съедин Лиянды ортаға алып, «Хит тв» дегеніміз не?» деген сұрақ қойғаны бар. Сонда Әділ Дәулетұлы өте байсалды кейіппен: «Хит тв» – Қазақстан медиа-өндірісінің алаңы» деген. Бірақ арнаны олай да, былай да ашып қараймыз. «Алаң» болған дәнеңесі жоқ. Мысалы, Ресейдің «Ру тв» арнасын Ресей медиа-өндірісінің алаңы деуге болады. Күні-түні тек қана (!) ресейлік өнім көрсетіледі. Ел қара жамылған күні «Ру тв» да қара жамылып, Григорий Лепсті зарлатып қояды. Төсін көрсетіп тайраңдап жүрген жын-шайтанын бір-екі күнге болса да тізгіндейді (жалғасы).

Нариман Қаражігітов: "Біздің кезімізде өнерге қатал қарайтын"


- Нариман ата, балалық шағыңыз туралы айта кетсеңіз. Өнерге деген ынтаңыз қалай пайда болды?

- Бала кезімнен ән айтқанды жақсы көретінмін. Шешем әнді тамаша айтатын. Оның орындауындағы халық әні «Айнамкөз» әлі күнге дейін есімде. Әкем көзі ашық, білімді адам болатын. Мамандығы мұғалім еді. Менің ойымша, өнерге деген ықыласым анамнан дарыды. Бірінші сыныпқа барған кезден бастап, мектептің барлық мерекелік шараларында ән айтатынмын (жалғасы).

Кітаптар «орталыққа» тапсырылады

Осыдан біраз күн бұрын Алматыдағы «Мәдениет» кітап­ханасының жабылуы қалалықтарды біраз дүрліктірген еді. Зиялы қауым өкілдері мен журналистер қауымы бұл мәселеге алаңдап, ақпарат құралдарында ащы пікірлерін де айтқан болатын. Дегенмен екіжақты жүргізілген келіс­сөздерден кейін Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы «Мәдениет» кітап­ханасы басшысымен бір мәмілеге келді. Енді аталған кітапхана мемлекет қара­мағына өтіп, ондағы кітаптар толығымен орталықтандырылған кітапхана қорына тапсырылмақ (жалғасы).

Қарасай Алматыны күйге бөледі

Алғаш музыкалық арнайы білімін Ал­маты қаласындағы Чайковский атын­дағы музыкалық училищеден алған Қарасай Сайжанов, одан кейін Құрманғазы атын­дағы консерваторияны тәмамдады. Еңбек жолын Жезқазған қаласында бастаған Қарасайдың мұнда оркестр құрып, концерттер ұйымдастыруы оның шығар­машылығының қайнары еді. Кейіннен Қарағанды қаласындағы Тәттім­бет атын­дағы оркестрде бас дирижер болып қызмет атқарған ол аталмыш оркестрде жүрген кезінде сазгерлердің талай кештерін өткізіп, шетелдерге гастрольдік сапар­лармен шығып тұрды, оркестрді біршама байқаулардың лауреаты етті (мақала толығымен).

Кинорежиссер көмекке зәру

Белгілі режиссер, «Шоқ пен шер», «Сен он екіге келгенде», «Саған күшік керек пе?», «Қоштасқым келмейді», «Жамбылдың жастық шағы» сияқты танымал фильмдердің авторы Қанымбек Қасымбековтің үш мәрте инсульт алып, төсек тартып жатқандығы жайлы әңгіме оқта-текте айтылып қалады. Жақында өнер иесінің хал-жағдайын өз көзімізбен көріп-біліп әрі сырқаттың көңілін сұрап қайтайық деген ниетпен үйіне қоңырау шалған едік.

Телефон тұтқасын алған отбасының ұйытқысы Орынтай апай «Келіп түрін көріп кетемін демесең, сөйлей алмайды» деп, ағамыздың денсаулығының аса мәз еместігін жеткізді. Біз емен-жарқын шүйіркелеспесек те, сүйікті режиссерімізбен жолығуды жөн деп таптық (жалғасы).

app.post.show.fully

Comments

Login to comment