Бүгін Елбасы сондай-ақ Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы...

Бүгін Елбасы сондай-ақ Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдар бойынша қаржы полициясы органдарының қызметі туралы баяндады.

Жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес - қаржы полициясы органының алдына қойылған негізгі міндет. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты бақылауды күшейту керек. «Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғап, жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы күресті жалғастыру қажет» деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
8 мың тексерілген қылмыстың 5 мың жарымы - экономика, бизнес. Бұл нені айтады? Коррупцияны, шенеуніктердің, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы алуды, беруді тексерудің орнына көбінесе бизнеске барады. Ол қалай? Сондықтан жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуымыз керек. Бірақ бұл бизнесмендердің үстінде тұрған бір қорқыныш болмауы керек. Олармен бірге жұмыс істеу керек. Сол мәселені ескеру керек.  

Оцените пост

0
Дальше