Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
04:27, 21 ноября 2009

Almati kalasinin jasil jelegi 50 kainga kobeidi!

Бүгін Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан 28-ші мектепте 50 көшет отырғызылып, "Жұлдыздар мен журналистер" аллеясы ашылды. Шараны ұйымдастырушылар "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты болса да бұл іске мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге партияны аса жақтыра қоймайтын журналист қауым да атсалысты. Шынын айту керек, мемлекеттік БАҚ-тардың өкілдері де билік бишігін ұстаған партияны аса сүйе қоймайтынын олардың өзара әңгімелерінен де байқауға болады. Амал қанша, ішкен құдығына түкіре алмайды ғой, тапсырманы жақтырмаса да орындайды. Бір анығы, бүгін кешке біраз телеарналар мен басқа да БАҚ-тардан "Нұр Отанның" пиар сюжеттері мен мақалалары жарық көретіні сөзсіз.

Ал шараның өту барысына келсек, сөзді бірінші "Жас Отанның" өкілі Айдар Қырықбай алды. Одан кейін сөйлеген әлдебір қария кісі партияға арналған мақтау одасы мен гүлденген шыңырақтың өмірін баяндады. Гүлденген гүлденбегенін білмеймін, бірақ Алатау ауданының әкімшілігінің зәулім ғимараты көздің жауын алады.

Аллея лентасы қиылған соң, журналистер, жұлдыздар мен жұлдызсымақтар жапа-тармағай көшет отырғыза бастады. Екі қолға бір күрек табылып, біз де бұл шаруаға септестік. Шындықты айтсақ, қолдарымыз күректі жатырқап қалыпты, әйтеуір, әупірім-тәңірім деп қайың көшеттерінің біреуін отырғыздық қой.

Әрбір көшетке ақпарат құралдарының аттары жазылған жұлдызшалар ілінді. Азаттық радиосының тілшісі пысық екен: хабар агенттігінің журналистері видеоға түсіріп жатқан көшетке жұлдызшасын іліп қойған еді, хабардағылар оны көріп дереу алып тастады. Кешкі сюжетте хабар мен азаттықтың жұлдызшалары қатар ілінген көшетті көрсетсе, таяқ жейді ғой )))).

Жалпы, мұндай шараны кімнің ұйымдастырғанына қарамастан көшет отырғызған дұрыс деп ойлаймыз. Ұрпақ жалғастыру, үй тұрғызу және тал отырғызу міндет дейді ғой... Әйтеуір, жаймашуақ көктемнің жайдары күндерінің бірінде еккен талымызға барып, көріп қайтуды ұмытпау керек. Қаламыздың іші толған сыңсыған қайың болса, қандай керемет болар десеңіздерші...

0
322
0