Әстектер, инктер, испандықтар, каталондықтар, қазақтар...

pheeria 2012 M01 27
1797
3
2
0

Мексика – халқы 113 724 226 адам, дүниежүзі бойыншы халық тығыздығынан 11ші орында. Испапияның халық саны болса - 46 162 024 тұлға. Мексикандықтар неге испанша сөйлеседі деген сұрақ тумайды...

Мексика – халқы 113 724 226 адам, дүниежүзі бойыншы халық тығыздығынан 11ші орында. Испапияның халық саны болса - 46 162 024 тұлға. Мексикандықтар неге испанша сөйлеседі деген сұрақ тумайды ма?

Тарихте әстектер ретінде қалған мексикандықтар бай мұраға ие. Науа(Nahuatlaca) тілінде сөйлеген әстектердің саны 1,5 млн болған еді. Өте дамыған ел – ғимараттары дүние мирасы жатады. Бірақ, толығымен жойылды. Себебі, саны 600ға(!) жетпейтін Эрнан Кортестің(біздің Хан Жәңгір есіме келеді) әскері. Болды! Күллі ИМПЕРИЯ жоқ болды! Тіл, дәстүр, жерінен – барлығынан айрылды.

Әстектермен бірге еске инктер де келетін шығар? Қазіргі Перудің территориясында орналасқан-ды. Керемет мәдениетке, керемет тілдері – кечуа, аймара сияқты (айтпақшы, аймара тілі, итальяндық философ Умберто Эконың ойынша, әлемдегі ең керемет тілдердің бірі) – болған инктердің 97% қырылды. Оларды жаулап алған  - 200дей әскері бар Франсиско Писарро. Қулық, өтіріктермен өз аймағында жаңа-жаңа (1492 жыл – Испанияның бірігуі, арабтарды құуы және Колумбтың Американы «ашуы») арабтардың әсерінен құтылған испандықтар өз билігін мұхиттың арғы жағына таратты.

Сонда Қазақстанда он бір миллион шақты, арасында ана тілде сөйлей алмайтындар да бар, қазақтың болашығы үшін жүрегіңіз ашымайды ма?

Қазір, біздің күндерде, егер бір испандықты кездессеңіз – барлығы испанша сөйлейміз дейді. Шетелдіктерге солай айтады. Бірақ, негізі, испанша деген тіл жоқ десек те болады. Әлемнің 21 мемлекетінде өз тілдерің (испаншаның өз атауы castellano) таратқан испандықтар, Испанияның өзінде соны орната алмады. Аймақтарға бөлінген Испанияда баск, катала, галего және кастеяно тілдерінде сөйлейді. Әрбіреуі өз егемендігін ерекше қорғауда - Франко кезіндегі диктаторлық соның себебі. Ұстанғандары соншалық, бір тілде сөйлегеніне қарамастан Валенсияда ол валенсиано, ал Каталонияда (Барселона, мысалы) ол катала деп аталады.

«Біз – бөлек ұлтпыз!» деген митингтер жиі болуда. Испанша оқып, үйреніп, сөйлеп Барселонаға барсаңыз жергілікті халықты түсінбейсіз. Мүмкін, сізбен кастеянша сөйлесер, бірақ өз араларында сөйлескен тілдері катала. Біздің болса олар аңсап жүрген тәуелсіздігіміз бар...

 

Оцените пост

2

Комментарии

0
Ол кезде испандықтарда заманауи қару болған. Қазіргі заманда әстек тағдырын қайталамау үшін Ақпараттық Жүйелермен қорғанысқа кірісуміз керек.
0
"in February 1519, in an act of open mutiny. Accompanied by about 11 ships, 500 men, 13 horses and a small number of cannons, he landed in the Yucatan Peninsula in Mayan territory." дейді уикипедия. Астананы алғанда (қала ғой енді, қорғанысы бар) жүз елу мың адамға қарсы шыққан. Әстектердің әскерлерді езіп кетуге мүмкіндіктері болған.
0
Кіру керек, рас. Барлығы орысша хабарлайды.
Показать комментарии