Аптаның қызықты материалдары #1

Алия 2012 M10 23
2418
5
3
0

Достар, осы аптадан бастап сенбі сайын сіздерді қазақ тілді электронды БАҚ-дың мәдени материалдарымен таныстыруға тырысамыз. Бұл дайджесте 7 күннің ішінде Қазнетте жарияланған қызықты жазбалар тізімін

Достар, осы аптадан бастап сенбі сайын сіздерді қазақ тілді электронды БАҚ-дың мәдени материалдарымен таныстыруға тырысамыз. Бұл дайджесте 7 күннің ішінде Қазнетте жарияланған қызықты жазбалар тізімін ұсынамыз.

________________________________________________________________________

Қазақ әдебиеті дағдарыста ма?

– Үлкен жазушыларымыздың бірі газет бетінде: «Әдебиеттің алтын ғасыры» енді тумайды», – деді. Тағы бір жазушымыз: «Қазақ әдебиеті қазір тоқырау үстінде», – дейді. Әр жерде осындай әжік-күжік әңгіме айтыла берген соң сұрап отырғаным ғой.

– Әдебиеттің алтын ғасыры өтіп кетті, енді жақсы шығармалар тумайды дегенге өз басым қарсымын. Бізде шын мәніндегі үлкен әдебиет болған жоқ. Үлкен әдебиет ұлттық ұлы мұраттар, үлкен шайқас, айтыстар болған кезде ғана туады. Әдебиеттің алтын ғасыры тумайды деп жүрген жазушыларымыз құлдық санадан арыла алмаған адамдар (мақаланы толығымен оқу).

Тұрсынбек Кәкішев: Атақ артына түскен адамды аздырады

Бүгінгі жастарға қарап кейде қуанамын. Алғыр, зерек. Үйретсең, техниканы, икемдесең, ғылымды да іліп кеткелі тұр. Дұрыс қой, әр нәрсе заманында екен. Иә, мен де талпынып көрдім компьютер үйренуге. Күләш апаңның сіңлісінің Дүйсен деген баласы бар. Алматыдағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-класында оқиды, жақсы. Дүйсен маған компьютер үйретпекші болды. Екі күн әуреленді. Үшінші күні тағы келді (жалғасы).

Сагарра қазақ боксын көгерте ала ма?

-  Амалбек аға, осы орайда олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген отандық бапкерлерді қаншалықты құрметтеп жүрміз деген сұрақ туады. Бапкердің статусы спортшыдан кем болмауы керектігін де жақсы білеміз…

- Шыны керек, олимпиадада топ жарған батырлар мен олардың бапкерін қазақ ұмытқан жоқ. Ешқашан ұмытпайды да. Төрт жылдық бәсекесінен оралған бетте халық оларға сый-сияпатын жасайды. Қазақ тарихында олимпиададан жүлде әкелген ұлттың ұлы тұлғалары ретінде қалды. Енді  одан артық не керек? Өмір бойы халық оларға қарыздар болып өтпейді ғой (материалмен толығырақ танысу).

Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетов

Жақында бір жас мүсінші жігітпен таныстым. Аты Айдос, өзі Арқалықтан екен. Мүсін өнерінің қызық бір жанрымен айналысады екен. Гиперреализм деген жанр. Гиперреалистердің шығармалары бір қарағанда балауыздан жасалған мүсіндерге ұқсайды. Бірақ, бір ерекшелігі балауыз емес силиконнан жасалады және барлық кішкентай детальдарға мән беріледі (әрі қарай).

 

Қазақ поэзиясындағы постмодернистік көріністер

Постмодернизм бүгінгі әдебиетшілердің назарына көптен ілігіп жүрген әдеби құбылыс деп саналады. Ол - қазіргі әдебиеттің басты ағымы. Ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі мазалайтыны рас. Мұның бәрі қазақ әдебиетінде де постмодернистік бағыттағы өкілдердің бар екенін, осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын және олардың бәрі саналы түрде емес, шығарманың ішкі көркемдік тұтастығынан туындап, ішкі үндестігінен, табиғи заңдылығынан шығып отырғанын да көрсетеді (әрі қарай).

«МЕМЛЕКЕТ ДЕГЕН – МЕН!» – ДЕЙДІ АЛМАТЫДАҒЫ ЕҢ КӨНЕ КІТАПХАНАНЫҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНДЕР

Алматыдағы жетпіс төрт жылға жуық тарихы бар «Мәдениет» кітапханасы айналасы бір айдың ішінде жау шапқандай күйге ұшырады. Кітаптары таратылған, сөрелері әкетілген, шашылған, бөлме ортасына үйілген кітаптар өртеуге қойылғандай. Ұлы отан соғысы кезінде де аман қалған кітапхананың басына бұл сорақылық бір бүгін жабысқан жоқ, дау басталғалы да бес жылдан асты. Қаланың қақ ортасындағы А.Байтұрсынұлының мұражайына таяу тұрған кітапхананың алпауыттардың көз құртына айналғаны қашан (әрі қарай).

 

Оцените пост

3

Комментарии

2
Жақсы бастама.
0
рахмет, Зере, осы жолы көбінде газеттерді шығардық, келесіде блогтарға көбірек мән береміз).
1
рахмет! коптеген кызык электронды баспалар бар екен (кеширим сураймын, казакша шрифт жок)
1
рахмет, Алма, кеп тұр :)
2
jaksy malimetter bar eken..Bastama ote jaksy
Показать комментарии
Дальше