Тікелей эфир

Студенттік рингтондар ондығы

Телефондағы әуен иесі жайында көптеген мәлімет бере алады. Жастар бір ән не әуенге деген махаббатын осы рингтондар арқылы білдіретіні де бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, рингтон арқылы поп-мәдениеттің бағытын әрі танымалдылық деңгейін оңай байқауға болады. Сол себептен де біздің тілішіміз «екпінді» жастар арасында кішігірім сауалнама өткізіп, 2011 жылы танымалдылыққа ие болған рингтондар арасында студенттік ондықты құрастырған еді.

Nokia Tune

Сауалнама нәтижесі бойынша “бас жүлдені” атақты Nokia Tune әуені иемденді. Википедиядағы мәліметтер бойынша, Nokia tune – испанияның классикалық композиторы әрі гитарашысы Франсиско Таррегойдың 1902 жылы соло-гитараға арнап шығарған композициясы Gran Vals-тан алынған музыкалық үзінді екен.
Бұл рингтон әлем бойынша тәулігіне шамамен 1,8 миллиард рет және минутына 20 000 рет шырылдайды.

Махаббат бекеті - Төлеген Мұхамеджанов

Белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың 1993 жылы дүниеге алып келген "Махаббат бекеті" туындысында саундтрек болған әуен сол кезең мен бүгінгі жастардың жүрегінен ерекше орын алады. Бұл әуенді көбінде романтикалық сезімдерге берілгіш, сезімтал, ғашық болуды армандап жүрген қыз-жігіттердің ұялы телефондарынан естуге болады.

Ауырмайды жүрек - Қайрат Нұртас

Осы жазды талайыңыз «ауырмайды жүрекпен» өткізгендеріңізді әсте жасыра алмассыз. Ән алғаш шыққанда өлеңнің кілт сөздерін бірден жаттап алып, үлкен-кішіге дейін ыңылдап айтып жүрді емес пе? Бүгінде жарыққа шыққанына жарты жылдан асып кетсе де, махаббат жайындағы ән әлі күнге дейін ұялы телефондағы негізгі рингтондардың бірі.

Біздің жігіттер - Ерболат Құдайберген

Бұл ән атына сай көптеген жігіттердің рингтонына айналды. Ерболаттың «Мен қазақпын», «Үш жүз» сынды патриоттық әндері де отаншыл жастардың сүйікті әуені.

Күзгі бақ - «Музарт» тобы

Жалпы «Музарттың» қай өлеңін алмасақ та, танымал рингтон болып жатады. Мысалы, «Сен келерсің», «Есіңе ал», т.б. Алайда, осы бір ән рингтоншыл жастарымыз арасында ерекше ықыласқа ие. Әннің басталар кездегі ерекше әуені әдейілеп рингтон болуға лайықталғандай.

Ақ құсым - Нұрлан Әлімжанов

Көбінесе қыздардың арасында кең таралған рингтон. Әншінің биязы үні, сөзін ерекше көңілмен орындауы бұл әнді тез арада танымал қылды.

Criminal - Бритни Спирс

Батыстың әуендеріне әуес жастардың ұялы телефонында басты рингтондардың бірі  - әлемге танымал әнші, мың бұралған биші әрі әртіс Бритни Спирстің «Femme Fatale» атты жаңа альбомының ресми түрде төртінші синглына айналған «Criminal» әні. Бұл әннің авторлары Макс Мартин, Шелбэк және Тиффани Амбер. Ал бейнеклиптің авторы - танымал режиссер Крис Маррс Пильеро. Ән қылмыскер мен ақсүйек қыздың махаббаты жайында. Лондон көшелерінде түсірелген бейнеклип кезінде біраз шу шығарған еді. Ұлыбританияда болған толқудың көріністеріне ұқсас кадрлар бар деп, биліктегілер бүл клиптың көрсетіліміне тыйым салған екен. Алайда «Criminal» жастар арасында хитқа айналды.

Rain Over Me - Pitbull & Марк Энтони

Pitbull деген лақап атпен елге белгілі американдық рэппер, әрі продюсер Армандо Кристиан Перез бен музыкант, әнші Марк Энтонидың орындауындағы «Rain Over Me» әні.

Moves Like Jagger - Maroon 5 пен Christina Aguilera

Жеңіл әрі көңілді рингтон телефон иесінің жайдары мінезі мен ашық көңіл-күйін көрсететіндей. Бұл ән шынымен де адамның көңіл-күйін көтеріп, билеуге жетелейді.

Love You Like A Love Song - Селена Гомес

Батыстық әншілер тізіміндегі тағы бір әнші - биылғы жылы ерекше көзге түскен Селена Гомес. Ал оның «Love You Like A Love Song» әні көбінде қаланың жаңашылдыққа жақын, өзгерістерге тез бейімделгіш, әңгімесінде "гламур" сөзін жиі қолданатын жастардың талғамында.

Жұмыр, Қылыш - Ұлытау

Күй – қазақ халқының көркем ойлау жүйесіне тән ерекше құбылыс. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр, Қылыш» күйі «Ұлытау» тобының орындауындағы нұсқасында барлымызға мәлім.

Алия Arsik
23 қазан 2012, 22:02
2597

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Студенттер арасында сауалнама жүргізілді ме?
Arsik
1
0
иә, кішігірім сауалнама болды.
Қызық топ. Шынымен, соны сауалнама екен. Идея аффтырларына респекттен басқа айтарым жоқ.
Офф-топ дерсіңдер, қытымырлық дерсіңдер, бірақ, Махамбеттің күйінің атауы ("Ұлытау" не десе, о десін) "Жұмыр қылыш" емес, "Жұмыр Қылыш". Яки, бұл күйін Махамбет қарудың сипатына емес, Жұмыр мен Қылыш деген екі батырға арнаған. Оның шығуын әркім әртүрлі айтып жүр. Мысалы, Әбіш Кекілбаев "Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі." десе, Жанғали Жүзбаев, "Мысалы, Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш» деген күйі бар. Жазалаушы отряд Исатай мен Махамбеттің көтерілісін жаншып басып, Жұмыр мен Қылыш деген батырларды зеңбіректің аузына байлап тұрып атқан. Сөйтіп, Махамбет достарын жоқтап күй шығарған." деген нұсқа келтіреді.
Көп рахмет, Нұрберген, өзгерттік :)
Criminal деген мен де бар:)) Бірақ студент емеспін да:))) Жақсы жинақ екен)))
рахмет, бұлардың барлығы негізнен 2011 жылы студенттердін ұялытелефондарында тұрған ең атақты рингтондар ондығы :)
Менде "Супер Марио" :) Дегенмен, Нұрлан Әлімжановтың "Ақ құсымы" ұнады.
иә...менің сүйікті әнім "Ақ құсым" деген, Жалғас, саған ұнайды деп ойламаппын:))
маған да ұнады :)
Респонденттер саны мен олардың жас мөлшерін, қай жерден табылған екенін нақтылап берсеңіздер. Себебі, онсыз, бұл рейтинг құр бос сөз.
Arsik
0
0
сіз үнемі сондай серьезный боп жүресіз бе?
Үнемі. "Студенттік рингтондар ондығы"... Ал, мейлі, солай дейік. Шынымен Қазақстан студенттерінің рингтондар ондығы дегеніне қалай сендірмеқшісіздер? Бұл пост авторының достарының сүйікті рингтондары ма, әлде тағы да сол пост авторының көшеде естіген рингтондарының ондығы ма? Мәселе менің серьезный не серьезный еместігімде емес, мәселе ҚАЗАҚТІЛДІ МЕДИА, ҒЫЛЫМ, МАҚАЛА, ҚАЛА БЕРДІ ПОСТТАРДЫҢ НеГіЗдІ болуында жатыр.
сау болып тұрыңыз :) келесіде үйтіп түнгі сағат екіде ашулаңбаңыз, денсаулыққа зиянды.
енді ол бүкіл Алматының студенттерінің ұялы телефондарының өлеңдерін қарап жүрмейді ғой))
Мәселе Алматының немесе өзге Қазақстан қалаларының студенттер телефондарын қарап шығуда емес, менің сұрап отырғаным "осы рейтингке негіз болған мәліметтерді көрсетсе екен". Болды. Басқасында шаруам жоқ. Түсінесіз бе, источник жоқ. Рейтингті құрушы мәлеметтерді айдан алды ма, түсіне кірді ме мен қайдан білемін. Сондықтан да оның выборкасын көру өте маңызды.
келісемін! Кішігірім статистика артықтық етпес еді :)
kausar
1
0
"Criminal" ұнайды ішінен тек. "күзгі бақ" пен "Махаббат бекетін" жиі естимін телефондардан. Өзімде бір-екі күнге "Ауырмайды жүрек" тұрған. Бірақ кейін ауыстырып тастадым.
менде "Moves Like Jagger" тамыз айынан бері телефонымда тұр
Far east movement - rocketer мен блетін студенттердің барінде бар, Жалпы сауалнама жүргізу әрине қиын және барлық студенттерді сұрау әрине қиынға соқтырған шығар, бірақ шынымен де арасынан нақ дәл түстіңдер, тамаша! Бірақ Ерболаттың өлеңі ұнамады, қазақ жігіттерін итке теңегендей болды, жеке маған сондай ой қалдырды, мүмкін мен жалғыз шығармын :)
Arsik
0
0
рахмет, Дастан :)
Эх, Мейрамбек пен Тарту тобының "Ерке нәзігім" әнінің болмағаны өкінішті))) Менің сүйікті тобым, келесі жолы өзім соларға 100 дауыс бермесем, келесі ретте менен де міндетті түрде сұраңыздаршы!!!
бұл негізі өткен жылдың үздіктері, ал ол ән қателеспесем, жақында шыққан болар) 2012 жылдың үздік рингтондарына кіріп қалуы әбден мүмкін)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8909
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3202
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3368
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3347
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3106
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2945
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2516
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2244
  • 18