Шымкентте қылмыс әлемінің беделді мүшесі құрықталды. Қолға түскен азамат өз ортасында «Ваня ағай» деген лақап атпен белгілі болатын. Алдын ала жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында...

 
Шымкентте қылмыс әлемінің беделді мүшесі құрықталды. Қолға түскен азамат өз ортасында «Ваня ағай» деген лақап атпен белгілі болатын.
Алдын ала жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер елу екі жастағы қылмыскерді шаһардағы сауда орындарының бірінде жүрген жерінен ұстаған. Оны тінту кезінде сөмкесінен жарылғыш зат пен бірнеше оғы бар 16-шы калибрлі шолақ мылтық және аңшы пышағы тәркіленген. Ұсталған азамат бұған дейін жұртты бопсалағаны және заңсыз қару алып жүргені үшін 4 рет сотты болған. Және қылмыстық топтың жетекшісі ретінде ішкі істер органдарының арнайы есебінде тұрған. Сондай-ақ оңтүстікқазақстандық полицейлер осыдан бірнеше күн бұрын қылмыс әлемінің тағы бір мықтысын қолға түсірді. Жиырма бір жастағы азамат бұған дейін қылмыстық істері үшін екі рет жазасын өтеп келген.
Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда олар қылмыстық кодекстің 251 бабы бойынша заңсыз қаруды алып жүру, сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында. қандай топқа жетекшілік жасағаны, ол топқа қанша адам кіргені белгілі болады. Негізі бұл топ бопсалаумен  айналысқан.
 

Оцените пост

0
Дальше