Тұрғылықты жерде тіркелу - міндет. Көші-қон комитеті азаматтардың жүріп тұруын қадағалауды көздеп отыр. Яғни, бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда барған жеріңізде міндетті түрде уақытша...

Тұрғылықты жерде тіркелу - міндет. Көші-қон комитеті азаматтардың жүріп тұруын қадағалауды көздеп отыр. Яғни, бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда барған жеріңізде міндетті түрде уақытша болсын, 10 күнге келсеңіз де, жарты жылға келсеңіз де тіркеуге тұруыңыз қажет. Тұрып жатқан пәтердің мекен-жайы бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаса, жұмыс орны немесе оқып жатқан университет, институттың адресімен тіркелуге болады. Бұл туралы бүгін апталық баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлім етті. Демек азамат тұрып жатқан жерінен тіркеуден шығып, одан кейін ешбір жердің тізіміне ілінбей зым-зия болып кетпеуі керек. «Бұл - мемлекет үшін қажетті, дәл сол қалалардың болашағын жоспарлау үшін қажет» деді Нұрділдә Ораз. Ал заңға қайшы келіп талапты орындамаса, айыппұл салынады. Бірінші рет 5 айлық көрсеткіш, яғни, 8 мың теңгедей. Бір жылдан кейін тағы қайталанса, онда 16 мың теңгедей айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі: 
Ішкі көшіп-қону бойынша тіркеу баспананы жекеменшікке немесе жалға алу құжаттарының, сондай-ақ, тұрғын үйде тұруға құқық беретін құжаттың негізінде немесе меншік иесінің келісімімен жүзеге асырылады. Тіркеуге тұру үшін халыққа қызмет көрсету орталығында пәтер құжаттары мен меншік иесінің келісімі бойынша тапсырылуы тиіс.

Оцените пост

0