Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін

pheeria 2012 M01 24
6122
25
6
0

-          Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін. Айнұр Төлеуова. Сылтау табу оңай ғой. Шыныңызды айтыңызшы – араңызда орысшаны толық мәнде оқығандарыңыз бар ма екен? Өйткені, славян тілдері...

-          Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін.

Айнұр Төлеуова.

Сылтау табу оңай ғой. Шыныңызды айтыңызшы – араңызда орысшаны толық мәнде оқығандарыңыз бар ма екен? Өйткені, славян тілдері үйренуге қиын, осы күндерде басқа бір славян тілін меңгеруге тырысып жүрмін – бірталай септіктері бар, ережеден тыс, әлде мүлдем  ережесіз ұғымдары да бар. Жат елде екі ай жүріп, тіл оқуға өте-өте аз уақыт бөліп, сонда да аздап айтқандарын түсіне бастадым, анда-санда өзім де бірдеңе ілестіріп қоямын. Ойланып қарасам, Кеңес Одағының соңғы жылдарында туған мен бала кездерімде қазақ тіліндегі көркем әдебиеттен, бейнефильмдерден, әндерден мақрұм қалдым. Себебі де аспандай ашық – жас елдің басқа талаптары сол уақытта маңыздырақ болған-ды. Және де қолымыз да, тіліміз де Ресей тіліндегі (иә, славян халықтары оны орысша емес, ресейше деп атайды. Дұрыс та шығар – қаншама елдің отаны ғой) дүниежүзілік өнер классикасына жетіп тұрғанда өзімізді еш қинамадық. Жылдар өте береді. Атақты режиссеріміз – Тимур Бекмамбетов – сол Ресейде нанын тауып жүр, А-Студио тобы, Батырхан Шукенов сияқты өнер адамдары елден көшеді. «Зиялы»ларымыз ана тілін меңсінбей одан бас тартады. Ауызекі сөйлескенде де халық арасында жиі орыс мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары, теледидардан көрсетілген әзілдері естіледі. Теледидар, радио, интернет – айналамызды орысша жаулап алды ғой! «Қазақшаны неге үйренбейсің?» деген сұрақтарға жауаптары дайын: «Арнайы әдебиет жеткіліксіз», Қайран қазағым осыған сене салып, күндерін әлі ресейше өткізуде.

Кезінде мақтанатын едім, орысша акцентсіз сөйлесе аламын деп. Бірақ оны қаншалықты керемет білсем де, өздерінен түгіл жақсырақ сайрап тұрсам да, орыстарға өмір бақи «чурка» болып қалармын. Қазақтар орысшаға ешқандай әсер етпеген. Расында да, Қазақстанда орысшаны өте таза сөйлеп, қап, қазақшаны болса, орыс тілінен енген паразит сөздермен қолданады. Соңғы күндерде Маңғыстау облысындағы оқиғаларға қатысты жарияланып жүрген шағын бейнеклиптерге назар аударсаңыз! Ереуілшілер айтқан әрбір сөйлемде орыс сөздері бар. Оларды жаттаған, әлде арнайы көркемділік үшін қолданбағандары анық.

-          Извините, Вы не могли бы помочь?

-          Кешіріңіз, мен орысша сөйлемеймін.

Оцените пост

6

Комментарии

0
Кешіріңіз, мен сені түсінбеймін.
0
несі түсініксіз?
1
Мен орысшаны мектепте де қатырып оқыған емеспін, бірақ айналамдағылардың бәрі орысша сөйлейтін қазір де сөйлейді, орысша судаймын. Қазақ мектебін бітірсем де қазақша өз ойымды дұрыс жеткізу маған қиынға соғады, шынымды айтсам тек университетке түскеннен кейін ғана амалдың жоқтығынан қазақша сөйлей бастадым, өз ана тілімді сүйе бастадым. Шала қазақтарды шошқа етіненде жек көрем, өзім сондай болсамда. Бұл не деген өмір? Бізді қандай болашақ күту үстінде?
0
білесің бе, кез келген бейтаныс қауымда қазақша сөйлей бастасам, барлығы орысша әңгімелессе де, маған назар аударғанда қазақшаға көшеді.
0
ең көбі 1-2 сөйлем қазақша айтар сосын орысша басады))
Показать комментарии