Жаңаөзенде жағдай қалыпты.Шаһардағы тіршілік біртіндеп бұрынғы арнасына қайта түсіп келеді.

 

Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы хабарлады. Қаланы дамытудың негізгі жобаларына республикалық және жергілікті қазынадан 46 миллиард теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр. Алдымен тұрғындарды жұмыспен қамту үшін жаңа еңбек орындарын ашу көзделіп отыр. Ірі кәсіпорындар салып, өнім өндіру ісі жолға қойылмақ. Қазір алдағы екі жылдың жұмыс жоспары бекітіліп қойды. Мәселен, «Рахат» шағын ауданында жаңа емхана көп кешікпей пайдалануға беріледі. Қалалық аурухана жанынан қосымша терапевт бөліміне ғимарат салынып беріледі. Биылғы жылы 320 орынға арналған мектепке дейінгі оқыту орталықтарының құрылысы толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Оцените пост

0