Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігінде болып, Елбасының тапсырмасын жүзеге асырды.

Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігінде болып, Елбасының тапсырмасын жүзеге асырды. Президенттің жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Мұхтар Абрарұлы жаңа қызметте де Елбасының сенімін ақтап, халыққа адал еңбек ететінін айтты. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР мемлекеттік хатшысы:
Менің өмірімнің әр кезеңінде Елбасы өте үлкен сенім көрсетіп, түрлі қызметтерге тағайындап келе жатыр. Соның барлығында білімімді, тәжірибемді, күш-жігерімді Елбасының сенімін ақтауға тырыстым. Жаңа қызметте де осы мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді, білімімді Елбасының сенімін ақтап, халыққа адал қызмет жасайтын боламын. Ал, енді мына министрлік менің туған министрлігім, он шақты жыл өмірім осы министрлікте өтті. Кішкентай студент кезінен тәрбиелеп келе жатқан шәкірттерім қаншама осылардың ішінде. Сондықтан мен алысқа кетіп бара жатқан жоқпын, сендермен жұмыс істейтін боламыз.

Сондай-ақ, қайта жасақталған Мәдениет және ақпарат министрлігіне де басшы тағайындалды. Елбасының жарлығымен бұл қызметке Дархан Мыңбай келді. Жаңа басшыны Кәрім Мәсімов бүгін ведомство ұжымына таныстырды.

Кәрім Мәсімов, ҚР Үкімет басшысы:
Дархан Қамзабекұлы Мыңбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын. ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланының қолбасшысы болып тағайындалды.

Оцените пост

0
Дальше