Ғаламтордың қара жамылған күні немесе SOPA мен PIPA-ға қарсылық

Тимур Бектұр 2012 M01 18
1076
1
0
0

Қара жамылған күн Бүгін, яғни 2012 жылдың 18 қаңтары әлемдік тарихта Ғаламтордың һәм Интернеттің қара жамылған күні болмақ. Қазірдің өзінде Wikipedia.org әлемдік ашық энциклопедиясының ағылшын тілі...


Қара жамылған күн

Бүгін, яғни 2012 жылдың 18 қаңтары әлемдік тарихта Ғаламтордың һәм Интернеттің қара жамылған күні болмақ. Қазірдің өзінде Wikipedia.org әлемдік ашық энциклопедиясының ағылшын тілі бөлігі, әлемдік ең ірі Wordpress.com блогплафтормасы және бірқатар ойын алаңдары және Reddit жаңалықтар аггрегаты тұмшаланды. Одан өзге ірілі-ұсақты интернет-компаниялар мен Google, Yahoo секілді іздеу жүйелері де бұл қадамды құптап, өздері де үн қосуда.

Не болып қалды?

АҚШ-тың Сенатында PIPA және SOPA деп аталатын екі заң жобасы қаралуда. Алдымыздағы сейсенбіде, яғни қаңтардың 24-і күні бұл екі заңның қабылдануына байланысты дауыс беру басталмақшы. Әгәрәки, «апалы-сіңлілі» бұл екі заңның қай-қайсысы қабылданып кетсе ғаламторда «тәртіп» орнамақшы. Ал жоғарыда айтқан компаниялардың өз сайттарын бір күнге немесе 24 сағатқа бұғаулауы осы заңнамалардың қабылданбауын талап еткен әрекеті болып табылады.

PIPA деген не?

Бұл – Protect Intellectual Property Act, интеллектуалды меншікті қорғау актісі. Заң жобасын ұсынушы – АҚШ Сенаты. Интернет аудитороиясы «SOPA-ның  «сіңлісі» деп атап кеткен бұл заңнаманың жоғары қолдауға ие болып жатқанын айтып дабыл қағуда.

SOPA деген не?

Бұл - Stop Online Piracy Act, онлайн қарақшылықты тоқтату актісі. Бұл заңнаманы ұсынған АҚШ Конгресінің кіші палатасы өкілдері ұсынған. Алайда, бұл жоба әзірше ғана тоқтап тұр. Ресейлік Хакер.ру сайты болса, бұл заңды қабылдатуға мүдделі болып отырған депутаттарды «сатылған» деп атады.

Тәртіп жақсы емес пе?

Тәртіп жақсы! Алайда «тәртіп» жақсы емес. Жоғарыда аттары аталған уордпресс, уикипедиа және т.б. үлкен-кіші компаниялар бұл заңның қабылдануына қарсы тұрып жатқан себебі интернеттегі қарақшылық, яки біреудің интеллектуалды құқын аяққа таптауды қолдағандықтан емес. Керісінше, АҚШ Үкіметі мен кейбір корпорациялар осы заңнамалардың көмегімен өздеріне ұнамаған (!) кез-келген уебсайтты (әзірге ағылшын тілдегі ғана) «Интеллектуалды меншік иесіне залал келтірді, бағдарламаны қарақшылық жолмен таратты» деген желеумен оп-оңай жауып тастай алатын, тіпті домен атын тартып алып, іздеу жүйелерінде көрінуін бұғаулап, Google AdSense арқылы ақша тауып жатқандарының есеп-шотын жауып, интернет-провайдерлер арқылы сайт контенттерін құлыптайтын алапат (!) күшті иеленбекші.

Жұрт неге шулап жатыр?

Ғаламтордың ағылшын секторындағы ағайындардың айтуынша, бұл заңнамалар қабылданған жағдайда, жалпы интернет-қауымы Facebook, YouTube, Twitter секілді әлеуметтік желілерде ақпарат алмасудан қалмақшы. Өйткені, әрбір американдық (әзірше) өзінің әрбір «share – бөлісу» немесе «retweet – ретуит» жасауы арқылы интернет-қарақшылықтың кең таралуына ат салысқан болып табылады. Ал аталмыш сайт иелері өздерінің сайтындағы әрбір видео немесе аудиода иесінің рұхсаты болғанын мақұлдауы керек немесе сол үшін АҚШ үкіметі сайтты түгелдей жауып тастайды. Жұрт, міне, осы үшін шулап жатыр. АҚШта біреу түшкірсе біздің жақта біреу «жәрекімалда» деп айтатынын ескере отырып, жалпы әлемдік ғаламторға бір тықыр таянып келеді-ау деген ойға қаласың...

SOPA/PIPA заң жобаларына қарсылық листовкасы (PDF)

Қарсылық түрлері

Осы біздің қаза тілді wordpress жабылғанда «түпкі бөлмеден күңкілдеген 5 адамның» наразылығы билікке маса шаққандай да болмаса, интернеттің ағылшын тілді секторы әжептәуір күшке ие екені айдан анық. Мысалы, менің америкадағы хостингім өзінде тіркелген барлық қолданушыларға қарсылық нотасына қатысуды ұсынған хат жіберіп жатса, Google өзінің іздеу жүйесінің дәл астына «Конгресске «Интернетке цензура қойма!» деп айт» деген онлайн петицияға сілтеме қойды. Кейбір сайттар секілді Google –дің де акционерлері болғандықтан, олар өз ресурстарын тарс етіп жаба салмайтыны анық. Ол, акционерлермен ортадағы келісімшартты бұзу боп табылады. Сол үшін Google өзінің іздеу жүйесіне американдық IP-адресс арқылы келген қолданушылар үшін қара жамылған гуглдің дулдін орналастырды.

 

Ал wordpress және joomla қауымдастықтары SOPA/PIPA-ға қарсылық ретінде тіпті арнайы плагиндар мен модульдарды жасап шығарған. Қаласаңыз, сіз де көшіріп алып, қондырып, "Цензураны тоқтат!" дүрбелеңіне ат салыса аласыз.

Уордпресске арналған плагиндер: http://wordpress.org/extend/plugins/tags/sopa

Джумлаға арналған модульдар: http://www.siteground.com/joomla-hosting/joomla-extensions/ver1.6/jStopCensorship.htm

Тарих қайталанды

Дәл осындай интернетті бұғаулау әрекеті мен оған қарсылық ретінде Интернет-ресурстардың оффлайнға кетуі осыдан 16 жыл бұрын, 1996 жылы болған екен. Ол кезде АҚШ Президенті Клинтон Communications Decency Act деп аталатын интернеттігі ресурстарға қатысты заңды қабылдатпақ кезінде орын алған.

Оцените пост

0