Yvision.kz
kk
  • 1
    11:52, 17 апреля 2024

    Женщин-полисменов станет больше - для профилактики бытового насилия

    В Казахстане работают более 11 тысяч женщин-полицейских. В Казахстане расширят штат сотрудниц-женщин на 750 единиц для работы по вопросам семейно-бытового насилия, сообщил вице-министр внутренних дел Игорь Лепёха.

    В кулуарах мажилиса он напомнил о поручении главы государства расширить количество сотрудниц, которые занимаются профилактикой бытового насилия.

    "Сейчас речь идёт о том, чтобы увеличить их штат на 750 единиц по всему Казахстану (на сегодня их 280. – Авт.). Этот опыт в принципе принят, когда женщина-жертва приходит. Мы сейчас сделали, что в отношении насилия девочек, женщин у нас специализируются женщины следователи. Первоначальный допрос должны проводить женщины. Мы этот опыт изучали. Мы с акимами работаем, они нас поддержали. Но, к сожалению, пока есть трения в правительства по поводу финансирования этих единиц", – цитирует Лепёху https://t.me/informburo_kz

    как рассказала Службе новостей ООН начальник Департамента имиджевой работы МВД Казахстана Альбина Махамбетова в марте 2023 года, доля женщин-полицейских сегодня в республике составляет почти 16 процентов и с каждым годом она заметно увеличивается: если в 2021 году было более восьми тысяч женщин, то в 2022 году – уже девять тысяч. В Национальной гвардии служат более одной тысячи.

    Сегодня почти 600 женщин-полицейских занимают руководящие должности в системе МВД. Раскрытием уголовных преступлений занимаются 1092 женщин-следователей, в подразделениях по защите женщин от насилия работают порядка 250 инспекторов, 125 женщин служат в специализированных отрядах быстрого реагирования (СОБР).

    1
    578
    0
  • 0
    14:34, 17 апреля 2024

    "Менің PR-ға деген құштарлығым:үйлесімділік және қоғаммен байланыс"

    Қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу өмірдің кез-келген саласында шешуші рөл атқаратыны бәрімізге мәлім.Қазіргі уақытта PR мамандығы барған сайын сұранысқа ие және қызықты бола бастады. Мен үшін PR тек мамандық емес, бұл үйлесімділік өнері және әртүрлі аудиториялармен ортақ тіл таба білу.

    Мені PR - ға қызықтырған бірінші нәрсе-оның динамикасы мен әртүрлілігі. Әрбір жоба жеке көзқарасты, стратегияны және шығармашылық ойлауды қажет етеді. Бұл салада жұмыс істеу ешқашан жалықтыруға мүмкіндік бермейді, өйткені ол күн сайын жаңа қиындықтар мен міндеттер әкеледі. Менің жұмысымның басты аспектілерінің бірі-қоғамдық пікірге әсер ету және клиенттер үшін жағымды имидж құру мүмкіндігі. Өнімді, қызметті немесе қоғамдық бастаманы алға жылжыту болсын, PR маған өзгерістердің катализаторы болуға және қоғамда оң өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Менің мамандығымды қызықты ететін тағы бір аспект-үнемі білім алу және өзін-өзі жетілдіру. PR әлемінде әрдайым жаңа технологиялар, трендтер мен әдістер пайда болады және табысты маман болып қалу үшін үнемі дамып, жаңа нәрселерді үйрену қажет. Бірақ мен үшін PR-дағы ең құнды нәрсе-әртүрлі адамдармен және қауымдастықтармен қарым-қатынас орнату мүмкіндігі. Жұмыс барысында мен әртүрлі мәдениеттердің, кәсіптердің және өнердің адамдарымен кездесемін және бұл мен үшін әлемді байыту мен түсінудің ерекше тәжірибесіне айналады.

    Қорытындылай келе, мен үшін PR-бұл жай ғана мамандық емес, құмарлық пен өмір салты. Осы салада жұмыс істей отырып, мен өз әлеуетімді іске асырып қана қоймай, қоғамдық пікірді қалыптастыруға және әлемде оң өзгерістер жасауға өз үлесімді қосамын.

    0
    322
    0
  • 0
    09:47, 17 апреля 2024

    Идеяларды имиджге айналдыру:”PR”

    PR (қоғаммен байланыс)мамандығы, қазіргі коммуникация әлемінде маңызды рөл атқарады. PR мамандары қоғам алдында компанияның, ұйымның немесе жеке тұлғаның оң имиджін құруға және қолдауға жауапты. Бұған ақпаратты басқару, журналистермен байланысу, іс-шаралар ұйымдастыру және әлеуметтік медиа үшін контент жасау кіреді.

    PR маманының негізгі міндеттерінің бірі БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Олар өз клиенттері немесе компаниялары туралы ақпарат барынша жақсы түрде ұсынылып, мақсаттар мен жетістіктерге назар аудару үшін жұмыс істейді. Сонымен қатар, PR мамандары жағымсыз оқиғаларға немесе кері байланысқа жауап бере отырып, дағдарысты басқарумен де айналысады.

    PR мамандары ақпарат ағынын белсенді түрде талдайды, олардың коммуникациялық стратегияларының тиімділігін бағалайды және өзгермелі жағдайға сәйкес өз әрекеттерін реттейді. Қазіргі заманға таптырмас қызметтерді ұсынады.

    Жалпы алғанда, PR – қоғаммен табысты байланыс орнату және қолдау үшін кең мүмкіндіктер беретін сала. Бұл сала кез-келген жас маманға коммуникация және қоғаммен байланыс салаларында кәсіби өсу мен дамуға мүмкіндіктер береді.

    0
    320
    0
  • 1
    12:21, 17 апреля 2024

    Ну да я

    undefined

    1
    199
    0
  • 0
    09:59, 17 апреля 2024

    Таным теориясының түрлері тұрғысынан қазақ дүниетанымына талдау

    «Таным деген не?», «Білімді қалай алуға болады?»деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселенің саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis —білім, таным) философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға «таным субъектісі» мен «таным объектісі», «білім»,«таным» жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

    Таным — адамның ажырамас, тылсым қасиеттерінің бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.

    Таным екі деңгейден тұрады:

    1. Үйреншікті, қарапайым таным;

    2. Ғылыми таным.

    Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды рөл атқарады. Дегенмендүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.

    Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным — жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.

    Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

    Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі деңгейін— эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.

    Эмпириялық таным — бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, оның сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.

    Эмпириялық білім — теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдың маңызды стимуляторы. Тәжірибенің мәліметтерінің негізінде диаграммалар, карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылар тұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады.

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Бақберген Дилназ

    Жетекшісі: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
    128
    0
  • 0
    11:48, 17 апреля 2024

    Ключевая идея имиджа в мире

    В современном мире имидж становится все более значимым фактором, влияющим на успех человека, организации или товара. Ключевая идея имиджа в мире заключается именно в создании положительного или же привлекательного образа, который будет отражать ценности, уникальность и преимущества объекта и вызывать доверие у целевой аудитории.


    Основная идея имиджа в мире состоит в том, что каждый объект имеет свою уникальность. Цель имиджа заключается в том, чтобы выделиться из толпы и вызвать интерес у потенциальных клиентов, партнеров или работодателей. Для достижения этой цели необходимо учитывать требования и предпочтения целевой аудитории, а также определить свою уникальность и особенности, которые можно акцентировать.


    Ключевая идея успешного имиджа заключается в том, чтобы быть достоверным, соответствовать ожиданиям и потребностям целевой аудитории, а также быть последовательным. В современном мире, где информация легко доступна, ложь или несоответствие объективным фактам могут негативно сказаться на имидже и вызвать у клиентов, партнеров или публики сомнения и недоверие.


    Вместе с тем, имидж не является статичным, а динамичным и подверженным изменениям. Он может эволюционировать вместе с субъектом, адаптироваться к изменяющимся требованиям окружающей среды и модифицироваться в соответствии с новыми вызовами и тенденциями. Поэтому важно постоянно следить за своим имиджем, анализировать реакцию окружающих и вносить соответствующие коррективы для достижения желаемого эффекта.

    Автор статьи: Барлыбаева Дина, студентка 3 курса, специальности "Связи с общественностью"

    Преподаватель: Кутпанбаева Жазира Бектемисовна


    0
    108
  • 0
    11:51, 17 апреля 2024

    ТЕМІРДЕЙ БЕРІК - ТЕМІРБЕК

    Қарапайым қатардағы тілшіден, абыройы асқақ тұлғаға дейін көтерілген бір жан болса, ол - Темірбек Қожакев. Тау тұлғалы Темірбек ұлағатты да білгір ұстаз. Білім саласына өмірінің соңына дейін, еңбек сіңіріп кетті. Біз білім алатын қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 46 жыл еңбек сіңірген.

    Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Ұстаз - ұлықемес, ұлы қызмет» Темірбек Қожакеев жалпы Қазақстандық БАҚ-қа республика көлемінде еңбек сіңірді. Темірбектен шыққан шәкірттер Президент әкімшілігінен бастап, беделді арналардың тізгінін ұстап, бүгінгі күні ел азаматтары. Ол білімін ғылымға ұштастыра отырып, монографиялар жазып, ғалым болды. Тек қана ғалым емес «сатира саңлағы». Оның 1995 жылы жазған «Сатира күштілер қаруы» атты еңбегі ғылым сахнасында өз орнын ойып тұрып ала білді. Қазақ әдебиеттану саласында ұлттық сатира, юмордың сырлары, жанрлары жөніндегі ең тұңғыш ғылым екенін айқындайды. Қажырлы еңбегінің арқасында, 16 жыл қара шаңырақ «Журналистика» факультетінде декан болды. Міне, ел батыры айтқан ұлы қызметті Темірбек Қожакеев зор абыроймен атқара білген жандардың қатарында екенін ауыз толтырып айтуға болады. Филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зейнолла Қабдолов өзінің «Мықшеге» деген мақаласында: «Қазақ университетінің филология, журналистика факультеттерінде қырықыншы, елуінші жылдарда оқыған адамдар – эстетикалық ілім жағынан өз қатарларының маңдай алдында оқ бойы озық тұратын мамандар. Неге десеңіз, олар – әдеби білім жағынан Әуезов мектебінен шыққан адамдар» Мінекей, дәл осы мектепте пісіп жетілген Темірбек Қожакеұлы өмір жолы кімге де болсын үлгі екені хақ.

    Темірбек Қожакеевтің әдебиет саласына сіңіргенеңбегін әдебиетшілер жазп жатар. Біздің міндет журналистика саласына сіңірген ерен еңбегін жеткізу. Тау тұлғалы жан бұл салаға сонау XX-ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап кірісе бастады. Оның ең алғашқы мақаласы 1942 жылы аудандық баспа бетіне шыға бастайды. Содан бері республика беттеріне сан-алуан тақырыпта жүздеген мақала, корреспонденция, түрлі очерктер жариялаған. Бұл біз білетін белгілі еңбетері ғана. Мүмкін қаншама еңбегі қойын дәптерінде қалып кеткенде шығар. Нақты ақпараттарға зер салар болсақ, ұстаздың бас-аяғы өмірі мен еңбегі жайлы 596 әдебиеттерде енген екен. Тау тұлғаның сатира саласындағы ізі мен сөзі бүгінгі күндегі көп әзілкештерден мың есе артық. Себебі Темірбек Қожакеев жай, елді күлкіге қарқ қылатын сатира жазбады. Астарлы, терең ой қалдыратын сатира жанрын жарыққа шығарды. Ал бұндай сатира жазу кімнің де болсын қолынан келмесі айқын. Өзінің « Ескі жылдың есебі» атты жинағында айналада болып жатқан көріністерді өзінің ащы да, уытты қаламына арқау етіп, өткір тақырыптарды қамтып оқырман қауымға ойын жеткізген. Сатираның саңлағы өзге авторлар секілді кітапты жай ғана бөлімдерге бөлмей, «Шаншу сөздер, шымшу сөздер, шалқу сөздер» , - деп ерекше бөлімдермен шегендеді.

    Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев тек сатирада, ұстаздық жолда із салмады. Тарихымыздың ақтаңдақ беттері мен соңында өшпес із қалдырған айшықты тұлғалар турасындағы танымдық еңбектер мен толғау тебіреністер бүгінгі күнге дейін, түсіне білген жанға азық. 2007 жылы жарық көрген көптомдық шығармалар жинағы соның айқын дәлелі. «Тәуелсіздік – тамаша табысымыз» деп басталған шығармалар жинағы Тараз тарихынан тамшылар, көрнекті тұлғалар, кереметтей толғаныстар мен айтыс-тартыстардың үлгісін көрсеткендей.

    Журналист – Темірбек. Ұстаз – Темірбек. Сыншы – Темірбек. Профессор – Темірбек. Профессор Езуге күлкі сыйлайтын сатира шебері, фельетонист болса олда – Темірбек Қожакеев. Расында да, Темірбек Қожакеев сатира саласына өшпес із қалдырды. Ол 1940-50 жылдары өзінің туған Мерке аудандық газетіне «Аяңшыл жеңгейлер», «Бір колхоз болмасада, бір бригаданың бухгалтерімін», «Монша деумен бес жыл өтті»деген сынды сатиралары тыңдаушылар алдында ойыр тұрып орын алып, талай жанның езуіне күлкі жидырған сатирашы.

    Темірбек Қожакеев - қоғам қайраткері. Олай деуіміздің себебі, аудандық комсомолдарда жауапты қызметтер, бюро мүшесі, университет қабырғасында жастар саясатын дамуға өз үлесін қоса білген. «Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең!» деген екен ғасыр ақыны атанған Мағжан Жұмабаев. Сол айтқандай, Темірбек Қожакеұлының қаламынан туған дүниелердің бәрі қалың елі – қазақ халқы үшін дәру болары хақ.

    Тау тұлғалы – Темірбек Қожакеев шығармашылық жолдағы өлшенбес істері үшін, түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Қай салада болмасын, темірдей берік Темірбек Қожакеұлы шығармашылық жолы, кез-келген жас журналистке үлгі болсын дегім келеді.


    Берікболұлы Айбек

    ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 3 курс студенті

    Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

    0
    107
    0
  • 0
    15:36, 17 апреля 2024

    Тегімді менің сұрасаң…


    Жер ортақ, ел ортақ, тіл ортақ, тек ортақ. Шынымен, жасырары жоқ көпұлтты, көптілді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз қазір. Зайырлы мемлекет екеніміз рас. Алайда, бостандыққа қол жеткізгенімізге 30 жылдан аса уақыт өтсе де, өз ұлтымыз өзгенің дегенінен шыға алмай келеді. Қанға сіңген әдет дейміз бе, әлде орыстың отаршылдығын алға тартып, кеңестік кезеңнің кесапатынан арыла алмай келе жатқандаймыз әлі күнге дейін. Әріден кетпей бүгінгі күнге назар салсақ. Кейбірі ойланар, кейбіреуіне бәлкім бәрібір – өз ата-тегінің дұрыс жазылмауы. Бізге көршілес мемлекеттердің бүгінде өз жазуы, өз тілі, өз мәдениеті қалыптасқан. Ал, біз анадан бір ұрлап, мынаның кебінін бір киіп осы күнге дейін өмір сүрудеміз. Оған дәлел, солтүстік-батысымыздан орын алып жатқан алпауыт мемлекет Ресейдің әлі күнге дейін үзбейтін сабақтастығы бар Ол – тілі. Тіпті, өз тілін бүкіл әлемге кіргізіп үлгерген де мемелекет. Қазақстанда орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады. 2021 жылғы деректерге қарағанда Қазақстанда халықтың 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп жаза алады. Бұл туралы Алтынбек Нухұлы айтқан болатын. Енді өзінің ойлай беріңіз, еліміздің жарты бөлігін орысша ойлап, орысша жазатын адамдар алып отыр. Демек, олардың фамилиялары да ов, ев деген тіркеске жалғанғаны анық емес пе? Расымен біз әлі күнге орыстардың құлы емеспіз бе деген сұрақ мазалайды осы тұжырымнан кейін.

    Фамилия жөнінде тағы да, түріктердің тікелей ұрпағымыз дейміз. Алайда, қазақ деген мемлекет құрғанымыз тағы бар. Түріктердің бүгінде ұлттық өмір сүру бағыты бар. Біріншіден, жазуы бар. Орыстың не шет елдің кірме сөздерінсіз, кирилицаны иеленбеген, өзіндік жазу дағдысын қалыптастыра алған ел. Ал, фамилия жөнінде “оғлы” жалғауы жалғанса, оның түрік екенін бірден байқаймыз. Осы секілді ұлттық фамилиясы қалыптасқан мемлекеттер қаншама, мысалы О, Те, Ни, Пак сынды қысқа ғана фамилия кәріс ұлтына тән болса, дзе, швили жалғаулары грузинше ұлы, қызы деген мағынаны бере алады. Ал бізде ше?


    Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 1996 жылдың 2 сәуіріндегі №2923 Жарлығының 1-тармағында:
«Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады» делінсе, «Неке және отбасы туралы» заңның 28-бабында: «Тууды тіркеу кезінде ұлты қазақ азаматтардың аттарын, әкелерінің аттарын және тектерін мына төмендегі үш мүшелік антропонимдік белгілеу жүйесі: аты, әкесінің аты, тегі бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек. Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат – ов, – ев, – ова, – ева, – ин, – и, – ины, – на, – овна, – евна, – ович, – евич жұрнақтары алынып тасталып, олардың орнына «ұлы, қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады» делінген. Қаулы бар, алайда орындаған үкімет бар ма? 96 жылдан бері 27 жыл өтсе де, 2 танысымның әйтеуір біреуінің фамилиясына ов жалғауы жалғанған. “Өз аты-жөнімді қалай жазсам, өз еркімде” дейтін адамдардың да саны аз емес, Қазақстанда. Алабажақ фамилияны иеленіп, не ұлтын, не жынысын, не кімнің ұрпағы екенін білмейтін халге жетеміз бұл түрімізбен. Ал, соңғы жылдары баспасөз беттерінде аты-жөн жазудың 20 ға жуық түрі табылған екен. Бұл тек газет-журналдарда деп есептесек, таныс емес қазақ деген атамның балаларының фамилиясы қалай болуда?

    Ал, бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат қандай? Тек деген сөздің өзі арғы ата бабамыздың кім болғанын көрсетері хақ. Ал сол ұлтымыздың кім болғанын білдірер де біздің “тегіміз” яғни фамилиямыз. 4 түрлі объектінің басын құрастырған заңымыз ата-тегімізді айқындай ма? Осы тұрғысында алдыңғы апта өткен сабағымыздың негізгі тақырыбы да осы болмақ. Миға шабуыл болған кенеттен қойылған сұрақтың жауабына абдырап қалғанымыз да бар. Біреудің құлы екенін айқындайтын орыстың “ов, ова” деген сынды жалғауды біз әлі күнге дейін өз тегімізде қолданып келеміз. Бұл бірінші. Екіншіден, қазақша тегі деген түсініктен де ары асып кете алмағанымыз да айқын. Ал бұл сөздің негізгі мағынасы - арғы ата тегімізді пайымдайды. Егер біз тегі деген тіркеспен өз фамилиямызды астастырсақ, біз атамыздың алдынан шығып, оның тегі екенімізді көрсетіп кетеді. Бірақ, бұл ойды алып тастап, өз тегін осылай жазып жүргендер де біршама. Ал үшіншіден кімнен екені белгісіз еш жалғаусыз тегімізді де жазатын болдық. Осы текке келісе отырған едік студенттермен, алайда ағайдың қойған сұрағынан кейін де күдік ұялағаны рас. Ол сұрақ : “Жақсы, бұл сенің фамилияң енді жынысы кім?” деді. Шынымен журнал бойынша жазылған тегімізде Фамилиямыз бар да атымыз қысқартылған. Оның не ұл не қыз екені белгісіз. Сонымен, төртіншіден, тек кімнің ұлы не қызы екенін білдірер тіркестерді де заңнамаға енгізген. Бірақ ол келесі ұрпаққа жалғаса ма? Осы тұрғысында Замансөз пәнінен беретін Сағатбек ағайымыздан сұрағанда “Шығармашыл адамдар секілді біз де өз тегімізді былайша үлгіде келтіруіміз керек, яғни аты, әкесінің аты соңынан тегі кетсе”-, деген ұсыныс тастады ағайымыз. Алайда, мемлекеттік құжаттардың стандартын бұзатынымыз анық. Енді бұл сабақты қортындылай келе, ағайымыз өз мақаласында мынадай ұсыныс тастапты. “Фамилия аяқталған, нақты мағына беретін сөзден жасалуы тиісті. Қазақ тіліндегі Шығыс септігінің жалғаулары «тан», «тен», «дан», «ден», «нан», «нен» деп тақ-тұқ етіп тұрған жоқ па? Мұндай септікті орыс тілінде таба алмайсыз”. -деген екен. Яғни менің аты жөнім келесідей жазылуы тиіс дейді ағай: Жұмаштан Сара Нұркелдіқызы. Басында құлаққа үрпідей тиген бұл сөздер, кейіннен үйреншіктіге айналғаны рас. Ал, белгілі журналист Қанат Әуесбай, Әуесбайдың Қанаты деп жұртқа танылып жүр. Өзінің фамилиясын дұрыс көрген журналист, бұл тұжырымын қайдан алынғанында жеткізді. Дың» нұсқасын өзім ойлап таптым деуден аулақпын. Менен бұрын бұл жалғауды Алаш­тың зиялылары қолданған. Мә­селен, қазақтың айтөбел ақыны Қасым Аманжол «Өзім туралы» өлеңінде: «Аманжол Ра­қым­жанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деп тебі­ренеді. Кейінгілерден Әбдіраштың Жарасқаны да аты-жөнін атаудың осы формасын қо­­лай көрген. Сол дайын нұсқаны пай­даланушы ға­намын. Алғашында «Әуесбай­дан Қанат» деп айтып көрсем деп ой­лағанмын. Бірақ «Әуесбайдың Қанаты» болу мағы­насы жағы­нан әдемі үйлесім тап­қасын осы нұсқаға тоқтадым. -, деген елі өз сөзінде. Осы ойға тоқтала келе, фамилия мәселесі әлі де алға жылжыры хақ. Өз ұлтымызды айқындайтын тегімізді қалай ұлттық фамилияға айналдырамыз деген сұрақ көкейде тұратыны да рас. Алайда, тек сұраумен жүре беру де әбестік. Сондықтан журналист ретінде тек айтып қана қою жеткіліксіз, іске көшу керек дәл қазір.


    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Жұмаш Сара

    Жетекші: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
  • 0
    15:38, 17 апреля 2024

    Тарихы терең басылым

    «Тарихты білмей болашақты болжау қиын».Талай дүлділдерді ұясынан қанаттындырып ұшырған,көлі мен ауасы жанға дауа ,менің туған жерім Торғай өлкесінің тарихы тереңде жатқаны бәрімізге мәлім.Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты бұл ауданның әл-ауқаты көз қуантарлық.Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатұлы,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды қазақ даласының қазығын қаққан ел азаматтарыда осы мекеннің суын ішіп,топырағын басып өскен азаматтар.Сол кезеңде осы кісілердің өмірі мен қызметін,ел арасында кең көлемде талқыға түскен мақалаларын жариялап отырған-Торғай газеті.Баспасөз тарихында таза қазақ тілінде жарық көрген ең алғашқы басылым Тургайская газетадан бастау алған.1879 жылы Орынборда ресми органы шығып,1895 жылдан бастап Тургайская газета деген атпен бөлімі шығарылды.Ғұмыры 15 жылға созылған бұл басылымда ғылыми ,мәдени,саяси,әдеби жанрдағы мақалалар жарық көрген. «Басшысын таптаған ел азады,Жолдасын таптаған ер азады»демекші,Тургайская газетаға жетекшілік еткен аудармашы,Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссияның тұрақты мүшесі Балғымбаев Ғабдолғали төрағалық еткен.1866 жылы сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында Торғайдан шамамен 50-60 шақырым жердегі Тұзды ауылында дүние есігін ашқан Ғабдолғали Балғымбаевтың басқару қасиеті өте жоғары деңгейде болған.Оқу округінің алты мәрте ағарту саласындағы қажырлы қызметі үшін алғыс алған.Тек ғылым мен білім саласында ғана емес,өзінің дене шынықтыру,еңбек тәрбиесінде де ойып орынын қалдырған ұлағатты тұлға.Өмірінің соңғы жылдарына дейін халықты сауаттандыруға зор үлесін қосқан.Жалпы біздің саясат үшін газеттің,баспасөздің атқарар қызметі орасан.Оған осы «Тургайская газета»дәлел десем артық айтқаным емес.Газетте жарияланған мақалаларға шолу жасайтын болсақ...Әлеуметті көтеруге өзіндікүлесін қосқан Торғай газетінің №58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша «Қызыл крест» бастығы Ардашев ұйымдастыруларымен кедейлерге берілген көмек туралы айтылған.Және газеттің осы санында қазақ даласындағы орман шаруашылығын басқару туралы ,атап айтатын болсақ білімді маман Ысқақовтың тағайындалуы туралы мағлұмат берілген. Бұдан біз сол кездегі Торғай газетінің орасан ,зор ауқымдағы тақырыптарды оқырман назарына еркін жеткізе алғанын байқаймыз. Он бес жылдық ғұмыры бар Торғай газетінің тарихы жас ұрпақ назарында мәңгі жатталмақ.



    Аякөз Досымханова

    ҚазҰУ , Журналистика факультеті 3 курс


    Жетекшісі: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
  • 0
    17:57, 17 апреля 2024

    Электронды кітап тиімді ме ?

    Қазір мыңдаған таралыммен шығатын кітаптардың шығарлымы едәуір бәсеңдеді . Бұрынғыдай кітапхананың кітап сөрелерінің босауына қарағанда келуші оқырман азайған .

    21 ғасырда технологиялардың дамуы цифлық әлемге үлкен жол ашты . Оған қоса күделікті өмірде білімді нығайтатын кітап та жаңа кеңістікке көшті . Электронды кітаптар . Әрине бұл адам баласының өмірін әлде қайда жеңілдетеді. Оған себеп болатын бірнеше фактілер де бар . Қазірде кітаптарды жиі қолданатын смартфон , планшеттер арқылы оқи аламыз. Тіпті электронды кітаптарды тегін жүктеп , оңай сатып та алуға болады. Электронды кітап экологияға , қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Оған бірден бір себеп қағазды және электр энергиясын тұтынуды азайтуы. . Ең басты жетістіктерінің бірі бұл физикалық тұрғыда көп орын ала қоймауы. Мәселен , кішкентай ғана смартонда талай томдармен жазылған кітап та сиып кетеді . Оқырмандар бірнеше ауыр кітаптардың орнына барлық қажетті кітаптарды сақтайтын бір сморофонды ғана пайдалана алады. Бұдан бөлек тап осы сандық кітаптарды аудио түрінде тыңдауға да болады.

    Артықшылықтарына қарамастан, электрондық кітаптар міндетті түрде барлығына сәйкес келе бермейді. Электронды кітап аудиториясы әдетте жас буын мен орта жастағы адамдарды қамтиды.

    Көптеген оқырмандар үшін қағаздың иісі, беттердің текстурасын сезіну және кітапті парақтау әрекеті оқу ләззатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ал сандық кітап қолға алып оқыған кітаптай әсер қалдырама деген ой туады. Электронды кітапті ұзақ уақыт оқу жалпы адамның көз жанары үшін өте зиян болып табылады. Дегенмен қағаз кітапті оқыған кезде жарықтың жеткіліксіз болмауы да денсаулыққа зиян дер едім. Көп жағдайда электронды кітаптар басып шығарылған аналогтарына қарағанда арзанырақ. Бұл оқуды оқырмандардың кең ауқымына қолжетімді етеді.Электронды кітапті бір уақытта 50 ден аса адам оқи алады. Алайда цифрлық теңсіздік дамушы елдерде маңызды мәселе болып қалуда. Электрондық құрылғылар мен интернетке қол жеткізу қаржылық немесе инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты көптеген адамдар үшін қолжетімсіз болып қала береді. Бұл электронды оқырмандарды пайдалана алатындар мен пайдалана алмайтындар арасында алшақтық тудырады. Электрондық кітаптар электронды желіге кіруді қажет етеді, бұл электр қуаты немесе сенімді интернет қосылымы болмаған кезде қиындық тудыруы мүмкін. Қағаз бетіндегі кітаптан артықшылығы – мәтінді әр түрлі енгізуге болады. Мәтінді іздеу, ескертпелер қосу, қаріп өлшемін және экранның артқы жарығын өзгерту сияқты функциялар, бұл әртүрлі типтегі пайдаланушылар үшін оқуды жеңілдетеді. Кейбір адамдар үшін құрылғыдағы хабарландырулар немесе басқа қолданбалар әртүрлі алаңдаушылықтарға байланысты сандық кітапті оқуға зейін қою қиынырақ болуы мүмкін. Қағаз кітаптарды оқу дәстүрі күшті және сапалы басып шығаруға қатты мән беретін Жапонияда кейбір адамдар электронды кітаптардың танымалдылығының артуына байланысты баспа кітаптарына сұраныстың төмендеуіне алаңдаушылық білдірді. Олар мәдени мұраның жоғалуына және басылым сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Технологиялар мен интернетке біркелкі емес қол жеткізу себебінен цифрлық теңсіздік проблема болып қала беретін Үндістанда кейбір адамдар тобы, әсіресе ауылдық жерлер мен аз қамтылған отбасылар, гаджет жетіспеушілігіне байланысты электрондық кітаптарға қол жеткізе алмауы мүмкін.

    Меніңше дәстүрлі қағаз кітаптары электронды аналогтармен алмастырылмайтын дүние деп санаймын .


    Автор : Туреханова Аяжан Ертайқызы

    Жетекші: Н.Б.Рушанова, аға оқытушы

    undefined

    0