"Біз әлемге әйгілі 225 туындыны қазақ тіліне аударып, Интернетте электронды кітапхана жасап шығардық. Әдеби әлеммен мемлекеттік тілде танысуға асығыңыз! Бұл сіз және балаларыңыз үшін жасалынған!"

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі

  • 674987
  • 136
  • 37
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бейімбет Майлин - Айт күндері

ministerstvo-kultury
13 қаңтар 2012, 22:49
8151

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

— Айт құтты болсын!

— Айтсын, жақсылығы бірге болсын!

— Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар...



I

Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр... ызындаған маса, сона, шіркей есінді тандырғандай...

Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір куаныштың белгісі бар. Жер ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап семіз ет қайнап жатыр... Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр.

-Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау!..

Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар...

Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр.

Шеттен келген адам:

— Құрбандық қабыл болсын, — дейді.

— Әмин, айтқаның келсін! — дейді шалдар.

— Неғып кеш қалып жатырсындар?

— Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір қайда...

Жұмағазы Зәйкүлмен шетте сөйлесіп тұр...

— Сен шалсайшы, мен кәйтейін.

— Қой, ойбай, өзің кір, мен ренжімеймін.

— Кір, кемпір, Жұмекең рұқсат берген соң, несіне тоқталасың.

— Ия, шын айтам. Шала ғой, мен бұрын да шалып жүрмін ғой... құдай қабыл қылса махрұм қылмас...

— Қой, мені әуре қылма...

— Неге?

— Соны қалай шалатынын да, намазын қалай оқитынын да білмеймін.



* * *

Алдыңғы қатардағы ақ отаудан бұралып бір келіншек шықты. Басында шетін кестелеген шашақгы көгілдір жаулық. Неше түрлі асыл тұмаршалар қадаған көк пүліш қамзолдың төсі неше түрлі асыл ілгек, алқым баулармен безелген.

Тысқа шығып біраз тұрды да:

— Еркежан, — деді.

Үйден 16-17 шамасындағы бұралған әдемі қыз шықты. Үсті-басы малынып тұр.

Келіншек күлімсіреп:

— Суға барайық. Айдарлым да келе жатыр екен, — деді.

Қыдырып жүрген бір-екі жігіт арт жағынан келіп келіншекті қытықтап қалды.

— Қойшы, ибай, ұятты...

— Мұнша безеніп қайда барасың...

— Айттаймын...

— Байы үйде жоқ болған соң құтырып жүргенін көрмеймісің, — деп екінші жігіт күлген болды...



* * *

Терлеп-тепшіп, үйінің көлеңкесінде ақ текесін сойып жатқан Молдағалидың қасына Уәли келді.

— Айт кұтты болсын.

— Айтсын...

— Немене, сен тоқтынды саттың ба?

— Жоқ.

— Маған сатшы, әжеме құрбан шалдырайын.

— Ақша дабай.

— Күз аларсың.

— Болмайды.

Уәли кеткен соң Молдағали текенің терісін жұдырықтап жатып:

— Аштан өлейін деп жүріп, айтта несі бар екен, алдап апарып сойып бір тоймақ қой, — деп күлді...



II

Ауылдан оңаша, томардың жел жағында үш қара үй тұр. Маңайында қыбыр еткен мал да жоқ, ызындаған маса да жоқ, асылған қазан да жоқ, кезіп жүрген адам да жоқ... Күнбатыс жақ шеттегі үйдің көлеңкесінде, үсті-басы өрім-ерім болып бүкшиіп он екі-он үш жасар бір кыз бала мен бір орта жасты әйел отыр.Жүздері сарғылт, көздері ісіңкі... «Уф!» деп күрсінеді. Әлденені ойлайды... Айдай әлем қуанып жатқан «айт» оған азап секілді. Бар айтатыны:

— Сорлады-ау, сорладық-ау...

Ауыл жақтан ақсандай басып орта жастағы бір еркек келеді.Киімі алым-жұлым, мойнында дорба.

— Қатын, Бәкен қалай?

— Не қалайын сұрайсың, сорлады ғой.

— Немен, қайтты ма?

— Қайтты.

Көлеңкеге сылқ етіп құлай кетті, жылады.

— Ақыр байдың түбі аштан өлер деген осы екен-ау... Зейнеп ше?

— Кірпігі қимылдап жатыр еді, не болғанын білмеймін.

— О да өлген шығар.

Мойнындағы дорбаны алып жерге тастай берді, ішінде бірдеме бар секілді.

— Бірдеме таптың ба әлде?

— Мардымды нәрсе жоқ.

Тырдай жалаңаш алты-жеті жасар бір ұл, бір қыз бала тысқа шыға келді. Қапшықтан алып жатқан домалақ малдың терісін көріп екеуі бірдей тарпа бассалды. Таласты.

— Қойындар, кұрғырлар. Мә, біреуіңе жүректің құлағы бар.

— Күнімен жүргендегі әкелгенің осы ма, — деді қатыны.

— Е, қайтейін, бермеген соң... мынау текенің ені... Мынау жүректің құлағы... мұны да итке лақтырған жерінен алдым...Жұрттан қайыр кеткен ғой... құрбандарының қанын бер деп едім, Ұлбала бәйбіше айқай салды: «Былтырдан бері асырағаным жетер» деп... не бергенін қайдан білейін...

— Ай, сорлысың-ау, мана өзім барғанда ішек-қарнын аршып бірталай нәрсе әкелетін едім, аурудан шыға алмадым ғой...



ІІІ

Топ-топ болған атты, арбалы адамдар тұс-тұстан ауылға ағыла бастады.

Ауылдың орта шеніндегі ақ боз үйдің маңайында лық толған адам, топтанған арба, ат... кілең бозбала. Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр. Ауыл гу-гу.

— Айт құтты болсын!

— Жақсылығы бірге болсын!

Жер ошақтың басында үш-төрт адамның басы құралып қалды. Бірдеме есітіп бастарын шайқасып отыр.

— Есіл ер-ай, қор болған екен...

Бірден-бірге жайылып хабар ақ боз үйдің маңайындағы көп адамға да жетті.

— Қатыны мен Бәкен кайтыпты...

— Қашан?

— Бүгін.

— Алда, бишара-ай!

— Қайтқандары да дұрыс болған екен, тірідей көр болып еді.

— Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс болған екен бишаралардың.

— Дүние деген осы, жігіттер, — деді ортада отырған бір ақсақалды кісі.

— Едәуір жыл болды-ау. Өгіз өлгеннің басында «айт» болып ат шаптырғанымызда, жиылған адам қанша болса да, бөгелмей — ақ қымызға қандырып шығарып еді. Ақырында бүгін сол Бәкең қатынымен аштан өліп отыр... тұз-дәмін татқан жігіттер, ескеріңдер, еттерінді жеген соң, жаназасын жерге тигізіндер, сауап қой...



* * *

Ет желінді, қымыз ішілді, жұрт жиналып елдің сыртындағы белеске шығып, жалау байлап ойын қылуға айналды. Ақсақал сөзін тындаған жан жоқ...

Ат шабыс, күрес, тоқ бәйге... аштан елген Бәкен мен Зейнепке көптің көрсеткен құрметі «тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..» болды.
Жақсы әңгіме,ерте заманның иісі аңқып тұр. Ия.....талай заман өтті ғой.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 7823
  • 4
Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Сегодня настоящий юбилей! У меня и Юрия Суханова из Смоленска! Ровно 5 лет назад 16 июня мы стояли на вершине Монблана (4809м), вершине с которой начинался альпинизм!
Almazoff
16 июня 2017 / 13:39
  • 6827
  • 25
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5689
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5135
  • 53
«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«Вы пригласили, вот я и пришел» - именно с таким выражением лица сидят на собеседовании молодые люди. Создается впечатление, что человек без опыта работы дает шанс заполучить такого «ценного» кадра как он.
ArenMir
16 июня 2017 / 15:58
  • 4059
  • 44
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3707
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 2944
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

Однажды Джоэл Шумахер попросил прощение за свою несуразную работу в том самом фильме про Бэтмена. Его примеру должны последовать многие режиссёры, которые умудрились испортить свои картины.
Seattle
16 июня 2017 / 15:53
  • 2346
  • 18