Әбдіғаппардың сайлау алды әрекеттері

Kanatzeit 2012 M01 11
626
0
0
0

Әбдіғаппардың сайлау алды әрекеттері2011 жылдың желтоқсанның соңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының оқу бөлімінің бастығы Мүсірәлиев Әбдіғаппар қарамағындағы барлық аудандық мектептің...

Әбдіғаппардың сайлау алды әрекеттері

2011 жылдың желтоқсанның соңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының оқу бөлімінің бастығы Мүсірәлиев Әбдіғаппар қарамағындағы барлық аудандық мектептің директорларын жабық түрде жинап алып, жасырын жиналыс өткізді. Өз жиналысында барлық мектеп басшыларына кімге дауыс беру керектігін бұйрық түрінде баса айтып, сол туралы мәліметті әр мектеп басшыларынан тілхат түрінде, жазбаша түрде алды. Тек бір ғана азамат, Орталық мектеп директоры, Макен Қырықбаев бұл шараға қарсы шығып, тілхат жазып берген жоқ. Ол өз кезегінде өз құқығын білетін азамат екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 2-бабына сәйкес: Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. Ал 3-бап 3-тармағына сәйкес: Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Сайлау кезінде әр азамат ҚР сайлау заңына сәйкес өзі қалаған адамға дауыс беруге құқықты. Осындай заң тармақтарын болашағымызды тәрбиелеп отырған аудан оқу бөлімінің басшысы неге ұстанбайды екен?
Неге сыбайлас жемқорлық әрекетіне баруда?
Осыны қадағалайтын құқық қорғау органдары осыны реттеу мақсатында қандай шара қолданады екен?

Бұл туралы не ойлайсыздар?
Тәуелсіздіктің 20 жылында бұған құқық қорғау органдары қалай қарайды екен?
Мен бұл хатты ҚР Орталық сайлау комиссиясына жаздым. Олар не шара қолданады екен?

 

Оцените пост

0
Дальше