Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
08:03, 07 января 2012

БІЗ СІЗДЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Сайлауалды науқанының қызып келген шағы. Атыраулық коммунистер қол құсырып отырған емес, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының сайлауалды тұғырнамасы және бағдарламасын халық арасында кеңінен ұғындыру мақсатымен халықпен кездесулер өткізу үстінде. Үстіміздегі жылдың 6-шы қаңтарында да Атырау облыстық комитеттің ұйымдастыруымен облыстық орталықтың іргесінде орналасқан «Мерей» сауда орталығында халықпен кездесіп, тұғырнаманы түсіндірумен қатар, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асты. Мәжіліс депутаттығына Атырау облысынан ұсынылған кандидат Халидолла Сатқаев пен қалалық мәслихат мандатына кандидат Жұмажан Үмбетжанов бастаған партия белсенділері және жас комсомолдар орталықтағы саудагерлермен, тұтынушы халықпен кездесіп оларды алдымен келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда үлкен саяси науқан келе жатқандығын, сайлауда әр азамат әуелі елінің, онан соң өзінің болашағы үшін дауыс беруі керектігін атап өтті.

Қарапайым халықты партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырған Халидолла Сатқаев «додаға түсіп жатқан біздің партияның басқалардан басты айырмашылығы негізгі саясатын, түпкілікті мақсатын қарапайым әр азаматтың әл ауқатын көтеруге арнауы. Яғни, коммунистік халық партиясы ел экономикасының әр саласын ұлттық мүддеге бұрып әкелу есебінен еліміздің әр азаматының лайықты өмір сүруі үшін бар күш жігерін жұмсайтын болады. Партия қазір он негізгі деп табылған мәселені шешуді басты міндет етіп отыр. Ең бастысы біз тегін білім беру жүйесін, тегін сапалы медициналық көмек көрсету жүйесін қайтаруды, қолына дипломын жаңа алған жас мамандардың кідіріссіз еңбекке араласуына, жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғауға, әлеуметтік саясатты қайта реформалауға күш салғалы отырмыз»- деді. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмажан Үмбетжанов мәслихатқа барған жағдайда көп балалы, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсету, балалар үйіне, қарттар үйіне қолдауды көбірек және жиірек көрсету мәселелерін назардан тыс қалдырмайтындығын айтты.

Партияның сайлауалды тұғырнамасымен танысып, кандидаттардың сөздерін тыңдаған халық базарда және басқа да жерлерде жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшыларға жалақыларының есебінен зейнетақы төлемдерін аудартуды және еңбекке уақытша жарамсыздық үшін жәрдемақы төлеу сынды мәселелерді міндеттейтін уақыттың жеткендігін айтып, халықтық коммунистердің сайлауалды бағдарламасы ұнағандығын, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде жас комсомолдар халыққа партияның газетін және өзге де үгіт насихат өнімдерін таратты.

Халидолла Сатқаев

Blog post image

Blog post image

Blog post image

 
0
569
0