Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:25, 11 ноября 2009

Әндер . . .

Кеше кешке жұмыстан келесалысымен әдеттегідей компьютерді қосып, іле-шала теледидарды қосып, орындыққа жайсаға отырған жайым еді. Windows басталғанша назарды жәшікке аудардым. Савичева "Далекоо" деп жан айқайы шыққан әнін салып жатыр екен. Әні ескі, қателеспесем сонау 2003 не 2004 жылы радио тұрмақ үтік пен пештен естілген танымал ән еді. Біртүрлі болдым. Өйткені өткен-кеткеннен бір оқиға еске оралды.

3 курстамын. Жаңа ғана бір қызбен қош айтысып келесісін күтумен жүрген жайт. Есімде жоқ не шаруамен барғаным, әйтеуір жатақхана алдына күзгі күні күнге қыздырынып отырған едім. Сонымен бірге, алай-былай өткен бойжеткендерге қарап, көңіл аулап отырғаным тағы бар. Ия, ол шықты. Алып бара жатқан ешнәрсесі болмаса да, маған сүйкімді көрінді. Жатақханадан шығып, қала жаққа бет алды. Жанымнан өтті, мен көрмегендей басқа жаққа бас бұрдым. Біраз қашықтағаннан кейін ізінен қарадым, кхм, иә-иә жаман емес, көріп-ұстайтындары бар. Осы кезде біреу "Қалай? Ұнап қалды ма?" деп дауыс қатты. Жатақханадағы 3 қабат старостасы еді бұл. Жақсы қыз болатын, әңгімеміз әркез жарасып, дос-жаран болған жайымыз бар еді. Мен "иә, жаман емес" дедім. "Бопты, кешке 7 кейін кел танысасың" деді. Ия, сонымен, келесі тарих беті аударылып, жаңа қатынастар тарихы басталды. Бір күні ол "бүгін менімен бірге болшы түнде" дегенді айтты. "Қайда?" деген заңды сұраққа "жатақханада" деген сенгісіз жауап алдым. Жатақхана "режимный объект" болғандықтан оған кіру де оңай емес еді. Ол "ол жағын тындырам" деді. Не керек, мен өтініш жазып "оның бауыры" болып жатақханаға кірдім.Оңаша қалу сонда да жазбапты. Кетем деп отырған көршісі кетпей, бізбен түнеді. Екі бөлмелі комната. Бір жағында біз төсекте, қабырға артында көрші қыз. Біздің төсек жанында радио. Онда Савичева "далекоо" деп айғалап жатыр. Біз жалаңаш, алысып жатырмыз. "Қызбын" деді. Бұрын сұрағанда жауап қатпайтын. Қазір "қыз" деді. "Бірінші" атағын алуға бармадым. Неге екенін қазір де білмеймін. Қызу басылып, көз іліне бастағана сол еді, ана көрші қыз жанымдағына шақырып алды. Екеуі бөлмеден шығып кетті. Бір кезде көрші қыз келіп "бар анаған, жылар отыр" деп келді де, өз бөлмесіне беттеді.Бөлмеден шықсам, ол еңіреп еденде отыр. Қасына барып "не болды" деп едім, қолын сермеп, "қайт бар" деп ымдады. Қолтығынан көтеріп, бөлмеге алып келдім. Ықтығы басылғаннан кейін, "көрші қыз мені шлюха деді, намысыма тиді" деп тағыда еңіреп қоя берді. Кеудеме басып, уатумен болдым. Әйтеуір, басылып, ұйықтағандай болды. Әлгі көрші қызы нашар еді, еркек қолы түгіл көзі түспеген пенде болар, қызғаныштан өртеніп, көршісінің намысына соған бола тиіскен шығар деген байламға келдім. Ертеңінде таңертең 6-ға таман тұрып, үнсіз кетіп қалдым. Кеше ғана қара болған жер бүгін ағарып, қар жауыпты. Тағы тарих беті аударылды. Сонан бері жатақахана жаққа баруды тидым.

Ия, әндер де тылсым күшке ие екен, өткен-кеткенді еске салып, көңіл жабырқатар күштері бар екен.

0
438
6