Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
11:06, 31 декабря 2011

Жаңа 2012 жыл құтты болсын!

Қайырлы кеш құрметті Қазақстандықтар, Отандастар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Енді бірер сағаттан соң жаңа 2012 жылға қадам басамыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылға толтырған 2011 жыл Еліміздің деңгейінде көптеген өзгерістер алып келді. Енді одан әрі қадам басып, Қазақстан атты ортақ отанымыздың гүлденіп, көркейуіне  қызмет жасайық! Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа! Баршаларыңызға:

Зор денсаулық, мол бақыт,

Қажымас қайрат, талмас қанат,

Өзендей өмір, үзілмес ғұмыр,

Мөлдір махаббат тілеймін.

Жаңа жыл әр қайсыңыздың жоспарлаған мақсаттарыңыздың орындалуына ықпал етсін. Отбасыларыңыз аман болсын!  Жаңа 2012 жыл тағы да құтты болсын!

Сіздерге деген ізгі тілекпен: Құспан Роллан!

   
3
606
1