Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал зардап шеккендердің жанұяларына 500 мың теңгеден көмекқаржы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет...

 

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал зардап шеккендердің жанұяларына 500 мың теңгеден көмекқаржы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан байланысқа шыққан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жаңаөзен қаласын қалпына келтіруге барша жұрттың ат салысу қажеттігін айтып өтті. Селекторлық кеңес кезінде Премьер-министр бұл шаруаны атқару үшін еліміздің әр аймағынан 100 млн. теңгеден қаржы бөлу керектігін жеткізді.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
Мен әр аймақтың басшыларына тапсырма берем. Әрқайсыңыз 100 млн. теңгеден бөле отырып, Ақтаудағы қорды толықтыруға өз үлестеріңізді қосыңыздар.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, бүгінде қызметінен босатылған мұнайшыларды жұмыспен қамту мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыныңжаңа басшысы соңғы уақытта оң өзгерістер байқалғанын да ерекше атап өтті.
Толық мәтіндік нұсқасын kaztrk.kz көріңіздер

Оцените пост

0