Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы балық институтының қызметкерлерімен кездесті. Сайлаушыларға ...

Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы балық институтының қызметкерлерімен кездесті. Сайлаушыларға коммунистік партияның тұғырнамасын таныстырды. Балқаш көлінің экологиясы жайында баяндады. «Балқаш көлінің тазалығын сақтауға мемлекеттік бағдарлама жасалуы керек. Қатерлі ісік ауруының таралуына қарсы іс шаралар осы экологияны қорғаудан басталуы шарт», - дейді коммунистердің орталық комитет хатшысы.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП орталық комитетінің хатшысы:
Қазіргі экологиялық жағдайға да байланысты, мынау Балқаш көлінің де кейінгі кездері өзгеріске ұшырауына байланысты біз осы тұрғындардың ой пікірін біліп, өзіміздің бағдарламамызды пысықтап алғымыз келді. Мынау ең басты байлықтарымыз көл, су, жер асты қойнауынан түскен қазбалардан түскен пайдалардың бәрін соны халыққа жарату.

Оцените пост

0