Қазақстан Телеарнасы December 28, 2011
577
0
0
0

«Ауыл» партиясының көшбасшылары Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Өңір ежелден аграрлы аймақ саналады. Сайлаушылармен кездесуде саяси ұйымның алда тұрған міндеттері жайында сөз...

«Ауыл» партиясының көшбасшылары Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Өңір ежелден аграрлы аймақ саналады. Сайлаушылармен кездесуде саяси ұйымның алда тұрған міндеттері жайында сөз болды. Партия өкілдері депутаттық мандатқа ие болса, алдымен ауылшаруашылығы саласын өркендетуге күш салмақ.

Атап айтқанда, шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау, мал басын көбейтіп, ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтермек. Өңірде қазір «Ауыл» партиясының 10 мыңнан астам мүшесі бар.
Ғани Қалиев, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы:
Өзіміздің жаңағы жобаларымыз бар. Ауылды қалай дамыту керек деп осы екі жылдың ішінде екі үлкен жобаны Үкіметке ұсындық, үлкен. Біреуін мен өзім Үкіметтің отырысында баяндадым. 21-ші ғасырда бір партиялық Парламент ұнамсыз. Бізде қазір әлеуметтік топтар көп деп отырмыз. Әр топтың өзінің мүддесі бар. Ол мүдделерді қорғайтын өздерінің партиялары болу керек.

Оцените пост

0