Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:59, 07 января 2012

КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!

Кеше Қазақстан халықтық
коммунистік партиясының Атырау облыстық комитетінің белсенділері кезектен тыс
Мәжіліс сайлауына орай, Исатай ауданына қарасты Аққыстау елдімекенінде болды.
Жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов бастаған коммунистер
аққыстаулықтармен жүздесіп, кездесу барысында Исатай аудандық мәслихат
депутаттығына кандидат Сақтапберген Ихсанов жұртшылықты партияның сайлауалды
бағдарламасымен таныстырды.
Коммунистермен жүздесуге жүз
шақты сайлаушы жиналды. Жүздесу барысында мәслихат мандатына кандидат Сақтапберген
Ихсановтың сенімді өкілі жұртшылықты үміткердің өмірбаянымен, алға қойған
мақсат міндеттерімен таныстырды. Өз кезегінде Сақтапберген Ихсанов
сайлаушыларға партияның халықтық сипаттан айнымайтындығын айтты. Ал, жергілікті
комитет хатшысы Жәукен Көшенов болса, тегін білім беру, экономиканың әр саласын
ұлттандыру, жұмысшы халықтың құқығын қорғау, сапалы медициналық қызмет
мәселелерінің ұдайы партия назарынан түспейтіндігін айтты. Сайлаушылар болса,
коммунистерге арнайы келіп, бағдарламамен таныстырғандары, талап тілектерін
тыңдағандары үшін ризашылықтарын білдіріп, неғұрлым халықтық болу үшін де
партияның бұқарамен жиі осындай диалогқа шығып тұру керектігін айтты.
Сондай ақ коммунистер үгіт
насихат өнімдерінің аудан бойынша жапсырылу, таратылу жайын да тексерді.

Хамидулла Саткаев

 


Blog post image

Blog post image

0
258
0