Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
05:00, 27 декабря 2011

Жаралы жүректердің мекені - Жаңаөзен

20 жыл аз ба көп пе, кім айтар,

Нәрестедей өсіп жатыр мемлекет,

Бүгіні - оның лаңкестік пен зар,

Ертеңі - тозақ пен құлдыққа айналар.

Немен біз мақтанамыз, о құдай?

Таусылмайтын байлық па бұл мұнай?

Шетелдіктерді құрметтейміз бағалап,

Өз бауырымызды таптаймыз, қалай?

Тұтастық! Ауызбіршілік! Бейбітшілік!

Осы ұрандардың жаны жоқ, шірік!

Шыңдықтың бетін ашпайды қара жұртқа,

«Шүкір» дейміз қазынадан берген бір уысқа.

Қазақтың қаныңда қиындыққа төзу, шыдау,

Жаратқанға табынып, жасын көрсетпей жылау,

Жанарыңнан қан тамшылап ақпағанша,

Бұл «тағдыр» деп әр түрлі тауып сылтау.

Бұл заманға жеттік, неткен ауыр кезең,

Жаралы жүректер мекені - Жаңаөзен,

Үміттерің жіптей үзіліп кетті бір мезетте,

Армандардың солып кетті гүлдері сол кезекте

Азаттық жолыңда алаштарға сендерді теңеймін,

Жылаймын, қайғырамын, сенбеймін.

Өз қазағым қазағымды ажал аузына тапсырды,

Нені бізден тағы да шенеуніктер жасырды?

 

Кім кінәлі, айтыңдаршы, кімге кінә тағайын,

Ойланайықшы, толғанайықшы ағайын,

Бұл бүгіні болса, болашақтың айнасы қандай?

Кешегі оқ кеудемізге атылмай ма ағайын?

Үкімет, Параламент,Мәжіліс пен Әкімшілік,

Кім үшін сайланады? Кім үшін жасайды тіршілік?

Не қымбат: елдің мүддесі ме әлде өз қалтасы?

Әлде айыра алмай жүр ме қайсы ағы менен қарасы?

Бұл қанды оқиға қазақтың тарихыңа енді,

Теңсіз шайқаста Жаңаөзендіктер жеңді,

Қаншама айлар қудаласа да биліктің көзі,

Көтерілісшілердің жетті халыққа айтар сөзі!

2
445
1