Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері кино әлеміне қадам басуы

GulZhan Zhumagalieva 2011-12-23 03:58
2211
0
1
0

13 желтоқсан күні «Сircus» клубында IT университетінің тұңғыш «Оскар» премиясына бағытталған  қысқа метражды фильмдер сайысы өтті.  Студенттер әр түрлі жанрдағы көркем бейне роликтер, танымал...

13 желтоқсан күні «Сircus» клубында IT университетінің тұңғыш «Оскар» премиясына бағытталған  қысқа метражды фильмдер сайысы өтті.  Студенттер әр түрлі жанрдағы көркем бейне роликтер, танымал фильмге пародия немесе жаңа фильм түсіруге мүмкіндік алды.

Фильмдердің басты тақырыбы алдымызда келе жатқан Жаңа Жыл мерекесі болғандықтан,  ең үздік деп танылған IT-менеджмент (0901) тобының  «IT`s New Year» атты комедия жанрындағы фильмі және ғашықтық сезімге толы математикалық және компьютерлік пішімдеу (МСМ-101) факультетінің    «Не все сказано» атты мелодрамма-трагедиясы додаға түсті.

Ең көп дауыс иегерлерінің үміткерлері  ақпараттық жүйелер (IS-106)  тобының  «Virus» триллер, фантастикасы және  IT-менеджмент (0901) тобының  «IT`s New Year» атты комедиясы көпшіліктің  көзайымы болды.  «Virus» фильмі ең үздік сценарий номинациясы бойынша жеңіске жетті. Ал ең үздік декорация, дизайн жағынан радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (РЭТ) факультетінің  111,113 тобының «13» атты қорқыныш, үрей тудыратын фильмі  көрермендерді таң қалдырды. Ерлер арасында ең үздік әртіс МСМ-101 тобының, басты рөлді сомдаған  Асанәлі Шоқанов ие болды, ал қыздар арасында  есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама (СSSE) факультетінің  101 тобы Гүлдана Далибаева атанды.  1 курс студенті  Алишер Өрікбаев «Magic lift» атты Жаңа Жылдық комедияда өзінің актерлік шеберлігімен ерекше көзге түсті. 1 курс студенттерінің  «Бақыт деген не?» бейне ролигі ерекше ықыласқа бөленді.

IT студенттері компьютерлік техниканы меңгеруімен қатар, режиссерлік қабілет, актерлік шеберлігімен танылғаны, болашақта биік жетістіктерге жететіндігі сөзсіз.

 

Оцените пост

1
Дальше