Тікелей эфир

Қысқы кітаптар

Боранды күні немесе аязды демалыста жылы үйде отырып, кітап оқығанға не жетсін, оған қоса, қыс мезгіліне арналған әдеби туындылар да аз емес. Алдыңызда қазақ және шетел әдебиетінің қысқы шығармалары:

''Қар қызы'' - Оралхан Бөкей

Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Өз жұмыстарын атқару барысында жолдан адасып кеткен үш тракторшы жігіттің кенеттен астындағы көліктерінің майы таусылып, қарға оранған айдалада өздері ғана қалады.
Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; қолында қаруы, алдарында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты, үш қояншық, үш есалаң – үш батыр...

''Алекс және қарлы көлеңкелер'' - Адра Фредди

Аяқ астынан Ежелгі Астананы алай-дүлейге ораған қарлы боран қоршап алды. Өзге әлемнің өкілі іспеттес қарлы көлеңкелер әлемге тек суықтық қана емес, қорқынышты үрей мен өлім алып келе жатқандай... Бұл қарлы боран әлемде орнаған белгілі заңдылықтарды бұзып, өз заңын орнатқысы келетіндей... Дәл осы сәтте не болса да, таңқалудың қажеті жоқ, өйткені қазір бәрі де мүмкін.
Омбы қардың астында қалған оқиғаның басты кейіпкерлері Алекс пен оның егіз қарындастары барлық қиыншылықтарға төтеп беріп, өзге де сиқырларға толы әлемнің құпиясын аша ала ма? Әлемді ойыншыққа айналдырған басшыға қарсы тұрып, үшеуі біздің әлемді алапат зілзалардан құтқарып қала ала ма? Жеңістің құны қандай болмақ?

''Жүзжылдық боран'' - Стивен Кинг

Шалғайда орналасқан кішкетай ғана аралға әкелетін жолда барлығын жайпап ұйытқыған боран келе жатыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл аралда осындай боран болмағалы жүз жыл. Қақаған суық пен қалың қарға ораған аралға боранмен бірге жауыздықтың шекпенін киген өзге бір адам келеді. Ол адамдардың санасын билеп алып, өз-өзіне қол жұмсатып, біртіндеп адамдарды өлтіре бастайды. Алайда, ол әлі бастамасы ғана екен. Өйткені, ежелгі заманның сиқыршысы сол арал тұрғындарын таңдау алдына қояды. Ол зұлым былай дейді: « бір сәбиді беріңдер, болмаса барлық балалар және олармен қоса барлық тұрғындарды ажал құштырамын»...


''Сиқырлы қыс'' - Туве Янссон

Қыста барлық муми-тролльдер қалың ұйқыға кетеді. Өйткені қыстың қақаған аязында жылы үйде, жылы төсекте ұйықтап жатудан артық ештеңе де жоқ.
Бірақ, бір күні Муми-тролль мерзімінен тыс ұйқыдан оянып кетеді де, қайтадан ұйықтай алмай қояды. Ол өзін өзге бір беймәлім әлемге түсіп кеткендей сезінеді. Өйткені, үйреншікті жер бетіне нұрын төккен алтын күн, жасыл шөп, жапырақтары жайқалған ағаштардың ешқайсысы да жоқ. Тек әппақ мамыққа оранған өзге әлем. Ары жүріп, бері жүріп, іші пыса бастаған Мумми-тролль құрбысы балақай Мюді іздестіріп тауып алады да, екеуі қысқы әлемді тамашалай бастайды. Бір кезде олар қыста Мұз ханшайымының  болатындығын біліп, оны қатты көргілері келеді. Содан екеуі қалай болса да, оны тауып алмақ әрекеттерін жасайды. Алайда, бұл ханшайыммен кездесу қауіпті болуы мүмкін екенін әзірге білмейді...

''Қысқы кітап'' - Ротраут Сузанна Бернер

Бұл кітап әрбір оқырманын аппақ қарға оранған кішкентай ғана қалашықтың көшелерінде болып жатқан сан түрлі оқиғалармен таныстырады. Ондағы неше түрлі адамдармен таныс болып, олардың қызықты оқиғаларын өзіңіз басыңыздан кешіріп отырғандай оқисыз.

Мінекей, Анна бүгін тағы да автобусына кешігіп қалды, ал Ленаның тотықұсы ұшып кетіпті, көшеде біреу өзінің қызыл әмиянын түсіріп алыпты...

''Қыс ертегісі'' - Марк Хелприн

Бұл кітапты оқи отырып Нью-Йорк реализм құдіретімен танысып, уақытты артқа шегіндіру арқылы тіпті өлілерді тірілтетін махаббат хикаятына кіріп кеткендей боласыз. Сонымен қатар, әр кезеңдердегі халықты көріп, аңыздағы Кохирайс көлімен, ақ қанатты ұшатын тұлпармен, қысты күні шатырда түнеп шығуға мәжбүр болған мерзімді баспасөз магнатының ару қызымен, әлемнің барлық алтынын қалтасына салуды армандайтын көше бандасының басшысымен және аспанға жету мақсатымен ғасырдан ғасыр өткен сайын көк аспанға өрлетіп, саты салып жатқан құрылысшы-инженермен таныс боласыздар.  

''Мұз'' - Павел Корнев

Шекарааралық - біздің әлемге жатпайтын, бірақ өзге әлемнің бір бөлшегіне айналып үлгермеген жер. Бұл жер жыл бойы мұз құрсауында жатады, ал көкбөрілер үйіріне аңға айнала алатын адамдар басшылығын жүргізеді. Мейірімділік пен достық дегеннің иісі де сезілмейтін бұл әлемде көптеген мәселелер оқ пен сиқыр арқылы шешіледі. Тіпті өз басынды аман алып қалу үшінд е әрдайым күрес үстінде жүруге тура келеді. Ал егер осы әлемде саған барлығы қарсы шықса ше?

''Смилла және оның қар сезімі'' - Питер Хег

Ол ақ қарды ашық кітаптай оқиды. Ол адамдарға емес – қардың, мұздың үстінде қалған іздерге сенеді. Ресми адамдардың айтқаны бойынша, гренландиялық кішкентай бала шатырда ойнап жүріп, абайсыздан төмен құлап кетеді. Бірақ Смилла ол баланың биіктіктен қатты қорқатындығын білетін. Онымен қоса, қардағы іздер бұл оқиғаны өзгеше сипаттап тұр.
Қардағы іздерден шатырға шығатын жолда ол баланың артынан біреу келе жатқандығы анық көрініп тұр. Алайда, бұл жанында ойнап жүген өзге бала емес. Тіпті әке-шешесі де емес. Әкесі жоқ, анасы араққа сылқия тойып алып үйінде жатыр. Ол кім?  Бұл Смилланың алдына қойған басты сұрақ. Осы сұрақтың жауабы оны барған сайын алысқа алып кетіп барады: қала – теңіз – мұз...

''Қар'' - Орхан Памук

Ақын әрі журналист Ка Отаны Түркияға өз-өзін тану үшін ұзақ жылғы сапарынан оралады. Өйткені саяси қуғын-сүргінге ұшырағаннан соң Ка кішкентай қалашықта бұрын қалып қойған көптеген сұрақтардың жауабын таппақшы болады. Карсқа (Түркияның солтүстік-шығысында орналасқан қала) келудің тағы бір себебі - кезінде оны өзіне өлердей ғашық еткен әйелді қайта кездестіру. Алайда, өзінің музасын тауып алуды алға қойып келген  ақынды бұл қала мүлдем өзгеше қарсы алды...

Ка Карс қалашығына келген күні қар жауа бастайды. Содан тоқтаусыз жауған қар қаланың жолдарын үш күнге дейін әлемнен бөліп тастайды. Осы 3 күн ішінде  қалашықта Түркияның 1 ғасыр бұрын болған нешетүрлі оқиғалары түгелдей қайталанады: сайлау, діншілдердің бас көтеруі, әскери төңкеріс, террористер...

''Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын'' - Әлібек Асқаров

Бұл шығарма Ел мен Жер жайындағы толғау. Мұнда жазушы үш жыл қатарынан Алтайға барған сапарларының әсерлерін эссе, қолжазба жанрында жазып шыққан. Кітапқа енген «Көккөл», «Шындығатай» және «Мұзтау» атты үш бөлім де Алтайдың ұлы сілемдері. Басқа сөзбен жеткізер болсақ, Мұзтау Алтайдың тәжі, Көккөл – көйлегі, Шындығатай – көксауыр етігі. Ақын Әлібек Қаңтарбаевтың сөзімен айтқанда, «Әлібек Асқаров  сынды әрі жазушы, әрі  қылқалам шебері, әрі қоғам қайраткерін атағынан ат үркетін Мұзтау мен Көккөлге сүйреген, ынтықтырған екі түрлі жағдаят, екі түрлі мұрат болуы мүмкін.  Біріншісі, Қалағаң мен Орекеңнің арманы болған асқақ шыңдарды өз көзімен көру, солар үшін тәу ету, солардың сәлемін жеткізумен қатар, Алтай тәңірісіне мұң мен шерін ақтару. Екіншісі, туған жерінің тау-тасына  деген алапат үлкен махаббат пен сағыныш».

''Бізді алаңдатқан қыс'' - Джон Стейнбек

Бұл роман Нобель сыйлығының иегері Джон Стейнбектің әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған ХХ ғасырдың классикалық жанрдағы соңғы кітабы. Кітапта жазушы 60-шы жылдардың басындағы АҚШ және батыс әлемінің әлеуметтік, рухани болмысын көрсетеді. Американдықтардың ақша мен әлеуметтік беделді өзге құндылықтардан биік қоятыны жайында көзқарасын білдіреді.

Шығармада өмірлік ұстаным мен алға қойған мақсаттарды ақшаға айырбастауды ойлаған басты кейіпкердің іс-әрекеті, ойы талқыланады. Рухани құндылық, әлде байлық па? Сіз қайсысын таңдар едіңіз?

Алия Arsik
23 қазан 2012, 22:36
4980

Loading...

Пікірлер

Туве Янссонның муми-тррольдар туралы мультфильмің інім өте суйіп көреді, кітабыда бар екен ғой :)) ''Сиқырлы қыс'' -ты алып барып бермесем , қуанып қалар :))
Тізімдегі Оралхан Бөкейдің "Қар қызын" ғана оқыған екенмін. Памуктың "Қарына" қол да, уақыт та жетпей жүр :) Керемет тізім екен!
Ия, тізім шынымен, керемет екен. Аффтырына алғыс. Уақыт болса, оқитын кітап көбейді.

P.S. Жалғас, ілгеріде болған "әңгімеге" осындай "идеялар" тіптен керім болар ед. ;)
"Қар қызын" бастағанмын, оқып отырып тоңасың кәдімгідей)
Памуктың "Қар" оқу керек екен ;)
Zere
0
0
Памукты оқу маған қиынға соқты. )
онда қатты қызықтырып тастад мені)))) бүгін же көшіріп алдым)))
Аида, өкінішке орай, кітаптың кейбір эпизодтары еліміздің қазіргі проблемаларымен тұспа-тұс келеді, былайша айтқанда өзекті әдебиет).
Ия, Памуктық "мыжудан" қашпасаңыз, оқуға тұратын шығарма екені рас.))
kausar
1
0
Оқу керек кітаптар көбейіп жатыр :))
Оралхан Бокейдиң "Қар қызы" хикаясын окыганмын, калган китаптарды уақытым жетсе оқимын,Бирақ "Қар қызы" хикаясынан баска да хикаяларын оқығанмын керемет !!!!!!!!!!! сиздерге де кеңес берем
Arsik
0
0
рахмет, Ақтолқын)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 21016
  • 59
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
сегодня / 14:29
  • 9269
  • 12
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 5198
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 5237
  • 20
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4706
  • 39
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4904
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3843
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 4007
  • 49
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 нау. 2017 / 10:37
  • 3244
  • 59