Жаңаөзеннің өзінде де мұнай өндіретін компаниялар жұмысын тоқтатқан емес. Осы күндері қалада жұмыс істеп жатқан ұлттық арнаның жылжымалы телекешені дәл қазір «ӨзенМұнайГаз» компаниясының...

Жаңаөзеннің өзінде де мұнай өндіретін компаниялар жұмысын тоқтатқан емес. Осы күндері қалада жұмыс істеп жатқан ұлттық арнаның жылжымалы телекешені дәл қазір «ӨзенМұнайГаз» компаниясының іргесінде тұр. Жергілікті мұнайшылармен кездескен әріптесім Думан Мұхаметкәрім бізбен байланысқа шықты.
Ұлттық арнаның жылжымалы телевизиялық стансасы осы уақытта Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» компаниясына қатысты мұнай өндіретін нысанада тұр. «ӨзенМұнайГаздың» әкімшілігі ғимараты өртеніп кеткенімен, жұмыс тоқтаған жоқ. Қасымда осы компания өкілі Мақсұт Жаңбырбайұлы тұр.
Мақсұт Жаңбырбайұлы, «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының өкілі:
Қазіргі таңда жұмыс ырғағы бір қалыпты, жұмысшылар қазіргі таңда жұмысқа 100 пайыз келіп кетіде. Мұнай өндіру деңгейі бірқалыпты.
Осы биыл «ҚазМұнайГаз» компаниясының барлау өндіру еншілес компанияларының үлесі биыл 12 млн. 300 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

Оцените пост

0
Дальше