Жаңаөзендегі жағдай күн санап қалыпқа түсіп келеді. Қаладағы қоғамдық және әлеуметтік мекемелер күнделікті жұмыс ережесіне көше бастады. Бүліктен кейінгі бүлінген нысандарды тазалау, қалпына...

Жаңаөзендегі жағдай күн санап қалыпқа түсіп келеді. Қаладағы қоғамдық және әлеуметтік мекемелер күнделікті жұмыс ережесіне көше бастады. Бүліктен кейінгі бүлінген нысандарды тазалау, қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
Облыс әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жанна Ойшыбаева «Жетібай» мен «Қаламқас» кен орындарындағы мұнайшылардың толқуы болды деген ақпатар еш шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қазір «Қаламқас» пен «Жетібай» мұнайшылары толық жұмыс кестесімен жұмыс істеуде. Ал «Қаражамбас» және «ӨзенМұнайГаздан» босап қалған мамандарды осы екі компанияның мердігер-серіктестері «АрғымакТрансСервис» пен «ТұлпарМұнайСервис» мекемелері өкілдері  жұмысқа қабылдауға ниетті екендерін мәлімдеді.
Сонымен қатар, еліміздегі тау-кен және газ саласындағы ірі кәсіпорындарға да орналастыру ұсыныстары жасалды. Қазір жұмыспен қамту мәселесімен үкіметтік комиссия айналысып жатыр. Ол үшін Жаңаөзен мен Ақтау қаласындағы жұмысқа қамту орталығынан азаматтардың өтінішін қабылдайтын орын ашылды. Ал жаңаөзендіктер күнделікті тірліктерін жасап жатыр.
- Өркендеп жақсы болып кететін шығар деп ойлаймын. Өзім жеке кәсіпкер болған соң, Қазақстанды дамытуды, Жаңаөзенді дамытуды ойлап жатырмыз ғой.
- Болады, бұған да құдайға шүкір етеміз. Главный еліміз тыныш болсын. Бала-шағамыз аман болғай. Тәртіп жақсыланды.

Оцените пост

0