Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Барлық мемлекеттік органдардың...

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Барлық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысқан жиында Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин 17 желтоқсанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.
Ал бас прокурор Асхат Дауылбаев жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған кінәлілерді анықтау жөніндегі баяндама жасаса, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Маңғыстау облысында жұмыс істеп жатқан арнайы комиссияның жұмысымен таныстырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Үкіметтік комиссия тұрғындармен кездесулер өткізіп, жергілікті жердегі жағдайды жан-жақты зерттеді.
Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктің зардаптарын жою және қаланы қалпына келтіру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы мақсатта Үкіметтен 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанғанын, басқару органдары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Қазір бізге көп нәрсе белгілі болып тұр. Мұнайшылар мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушілікті пайдаланған арандатушылар бар екенін, қалай олар май құйған бөтелкелер жасағанын, оның бәрі анықталып жатыр. Оның бәрі ұсталатын болады, жазаға тартылатын болады. Екіншіден, халықтың құқығын сақтау үшін мен төтенше жағдай жарияладым. Соған байланысты 4-5 күннен бері жағдай тұрақталып халықтың өмірі жөнделіп келе жатыр. Ол да дұрыс. Енді барлық мәселелерді шешу үшін келісімге келу үшін, біз солармен біз әрі қарай жұмыс істеуіміз керек.

Оцените пост

0