Осы қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына бүгін жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Естеріңізде болса, қандықол қылмыскердің қолынан 5 бірдей құқық қорғау органы...

Осы қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына бүгін жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Естеріңізде болса, қандықол қылмыскердің қолынан 5 бірдей құқық қорғау органы қызметкері қаза тапқан еді. Олардың үшеуі Облыстық ішкі істер департаментінің және екеуі ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері болатын. Қараша халықтың бейбіт өмірі мен тыныштығы жолында мерт болған олардың отбасыларына қалада жаңадан бой көтерген «Бәйтерек» шағын ауданынан 2 бөлмелі пәтерден берілді.

Бекболат Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:

Бұл енді бірінші кезекте кезінде облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен нақты жұмыстар жүргізілді. Алдын-ала үйдің иегерлері өздері барып, пәтерді қарап, түгел танысып, бүгінгі таңда сол кісінің атынан ресми түрде пәтер кілттерін тапсырып, құжаттарын дайындап бердік.

Миясар Юсупова, марқұм Полат Аянқұловтың жары:

Жолдасым өзінің соңғы демі біткенше Отанына, қызметіне адал болды деп сенемін. Өзінің артында қалған ұлы мен қызын осындай етіп тәрбиелеуге уәде беремін. Облыс әкімі, қала әкімі жолдасымның қызмет бабында қызмет істегенін бағалап, пәтер кілтін табыстап жатыр. Көп-көп рахмет. Мен ризамын.

Сондай-ақ, бүгін Облыстық ішкі істер департаменті ғимаратында қаза болған қызметкерлерге естелік тақта ашылды. Жиналғандар ел үшін ерлік жасаған ерлерді еске алды. Қаза болған полицейлердің отбасыларына қаржылай көмек те көрсетілді.

Оцените пост

0