Қазақстан Телеарнасы December 21, 2011
355
0
0
0

  Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шыққан Президенттің Жарлығы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға кедергі келтіре алмайды. Дегенмен, қалыптасқан ахуалға орай, сайлауалды үгіт-насихат...

 

Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шыққан Президенттің Жарлығы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға кедергі келтіре алмайды. Дегенмен, қалыптасқан ахуалға орай, сайлауалды үгіт-насихат шаралары барлық саяси ұйымдар үшін белгілі бір дәрежеде шектеледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Әлбетте, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын жариялауға тең құқық беріледі.
Яғни, Жаңаөзеннің аумағына тарайтын барлық республикалық, жергілікті телеарналар мен мерзімді басылымдар арқылы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынбайды. Сонымен қатар, сайлау комиссиясы бүгінгі отырыста алдағы сайлауға керек бюллетеньдерді дайындау жайын талқылады. Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс сайлауы үшін бүгінгі күні 9 миллион 398 мың 154 бюллетень, ал барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына 17 миллион 423 мың 313 бюллетень әзірленеді.
Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Өздеріңізге белгілі орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты Президенттің Жарлығымен Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына төтенше жағдай енгізілді. Айта кетейін, бұл Жарлық сайлауды өткізуге тиым салмайды. Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тең. Дегенмен, үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдау белгілі бір дәрежеде шектеледі. Мәселен, қала аумағында бейбіт шерулер, пикеттер, митингтер мен жиындар жүргізу жағы шектеледі.

Оцените пост

0