Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:24, 20 декабря 2011

Өзіңіз туралы деректерді тексеруді ұмытып кетпеңіздер!

Blog post image

Өзіңіз туралы деректерді тексеруді ұмытып кетпеңіздер!

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге азаматтарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру шараларын жүзеге асыруда. Бұл қызмет түрі автоматтандырылғаннан кейін және Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына түзетулер енгізілгеннен кейін «үй кітабы» аталып кеткен азаматтарды тіркеу кітабы қолданыстан алынып тасталады. Олар 2012 жылдың III тоқсанына дейін ғана жарамды.

Белгіленген уақыттан бастап азаматтарды тіркеу туралы анықтама талап етілген жағдайда, республика тұрғындары «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорынан алған мекенжай анықтамасын көрсетсе жеткілікті.  

Бұны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленді. Осыған орай, Орталықтандырылған деректер қоры өзектендіріледі. Мекенжай анықтамасындағы мәліметтердің дұрыс болуы үшін азаматтар өздерінің тіркеу деректерін тексерулері тиіс.

Деректерді тексеру және түзету жұмыстары азаматтарды тіркеу кітабы және жеке куәлік бойынша ХҚКО жүргізіледі. Деректер сәйкес келмеген жағдайда, оған түзетулер енгізіледі.

Тіркеу деректерінің дұрыстығын азаматтар www.egov.kz порталынан да тексере алады. Порталдағы «Азаматтар» бөлімінен мекенжайға қатысты қызмет түрін таңдап, «Жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтері» бөліміне өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз бен негізгі құжатыңыздың (туу туралы куәлік пен жеке куәлік) нөмірін енгізіп, сұраным жібересіз. Сұраным жіберілгеннен кейін Мемлекеттік деректер қорындағы өзіңіз туралы ақпаратты, нақтырақ айтқанда, атыңыз, тегіңіз, қай жерде тіркелгеніңізді көре аласыз. Егер бұл мәліметтер дұрыс болмаса, Сізге ХҚКО-на баруға тура келеді.

2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ауылдық елді мекен тұрғындарына қолайлы болу үшін мобильді ХҚКО аудандарды аралайтын болады. Бұл ауыл тұрғындарының уақыты мен жол шығындарын үнемдеу мақсатында қолға алынып отыр. Мобильді топтар мекенжайлық мәліметтерге жергілікті әкімдіктермен бекітілген кестеге сәйкес, түзетулер енгізетін болады. Сондай-ақ, мобильді топтар ірі кәсіпорындар мен оқу орындарын да аралайтын болады. Ол жерде кадрлық қызметтер арқылы тіркеу деректеріне тексеру жүргізеді.

Көші-қон полициясы органдары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының Қазақстан Республикасы азаматтарының мекенжайлық мәліметтерін түзету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу регламентін бекіту

0
717
0