место в рейтинге
  • 48473
  • 87
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ана құдіреті

Фантастика жанрынан өзімді сынап көргім келіп еді.

 

Оқу кезі. Жылдың ортасы. Ермек өзінің жан досы Қанатпен күндегідей сабақтан қайтып бара жатып, әңгіме айтуда. Қалай екені белгісіз, әңгіменің басы ғарыш тақырыбына қарай ауысып кетті.

- Менің өмірдегі аңсап жүрген ең басты арманым, бұрыннан бері қол жеткізе алмай жүрген мақсатым - ғарышқа ұшу, - деген Еремектің сөзі еді, Қанат келемеждегендей болып, күліп жіберді:

- Ғарыш? ?? Иәәә...Білем және түсінем, балалар мектеп қабырғасында жүріп қайдағы жоқ нәрселерді армандайтынын. Сен - жай ғана 7-сынып оқушысысың. Әрине, арманыңның бірнеше ондаған жылдардан соң орындалуы әбден мүмкін. Бірақ қазіргі таңда «мектеп оқушысы ғарышқа ұшты» дегенді, тіпті, ойға салудың өзі күлкілі, - деп оның сөзін құлаққа алмады.

- Неліктен бәрі де күлкілі немесе мүмкін емес болуы керек? !! ! Менің қолымнан келеді! Мен ғарыш туралы барлық кітаптарды, барлық мүмкін астрономияға қатысты газет-журналдарды оқып шықтым. Мысалы, сен. Ғарышты өз көзіңмен көргің келмей ме? Қалайша сен сондай нәселерге қызықпайсың?

- Мен осы өмірге тән, шынайы нәрселерге ғана қызығамын, ақымақ-ау...- деп тәкаппарлана мұрнын шүртитіп, қадамын жеделдете басып, аялдамаға енді келіп тоқтаған автобусқа қарай жүгіре бастады. Автобустың есігі жабылар-жабылмастан, Қанаттың «кездескенше арманшыл ғарышкер» деген даусы анық естілді.

Үйіне барар жолдың бәрінде де Ермектің ойлағаны бір-ақ нәрсе болды. Оның не екені Қанаттың соңғы сөзінен-ақ айдай анық. Терең ойға батқаны соншалық, тіпті, машинамен жүріп өтетін ұзақ жолдың өзі бірнеше есе қысқарғандай көрінді.

Күндегідей мектеп оқулықтарының беттерін парақтап, сәл-пәл оқығандай болып, кітаптарын сөмкесіне салды. Қолындағы туған күніне анасы сыйлаған сағатқа қарап еді – 23:26. «Уақыт боп қалыпты» деп, Ермек жылы да жайлы төсегін дайындап, тәтті ұйқыға батқалы жатыр. Бірақ арманшыл баланың ойы «ғарыш» сөзінің айналасынан шығар емес. Қанаттың айтқаны ақиқатқа жақын екенін түсінгендей болып, Ермек асқақ арманынан үмітін үзді. Ойын мазалаған нәрселерді ұмытып, басын көрпе астына тығып, ұйқыға шомды. Қызықтың бәрі осыдан басталса керек...

Таң атты. Сағат7:00. Ермек терең шомған тәтті ұйқысымен қоштасқысы келмей, жастықтан басын көтерер емес. Бір уақытта оның арқасынан белгісіз жанның қолы түртіп, итергендей болды. Онымен қоса:

- Ермек тұрсаңшы....ғарышқа ұшатын кез келді ғой, кеш қаласың- деген жағымды сыбыр құлағын шалды.

- Иә, апатай. Міне, міне, тұрғалы жатырмын ғой. Ғарышқа әлі ерте емес пе?.........? ?? ??..........Ғар...ғар..ышшш....? ҒАРЫШҚА? – деп жатқан жерінен электрошокпен ток ұрғандай атып тұрды. Оның көзі бірден ашық қызғылт түсті иықтан келген шашы бар, көргенде жаздың аптап ыстығындағы балмұздақтай еріп кетерліктей күлкісі бар, дене бітімі сіріңкедей арық, бірақ бет-әлпетін сипаттап айтуға сөз жетпейтін сұлу қызға түсті. Ол аузын арандай аша қалды. Ұйқысының қанбағаны ма, әлде басқа себеп болды ма, аузынан қарны ашқан балаша сілекейі аға бастады.

- Сен жедел тұруың қажет. Сенің ғаламшарыңа қауіп төніп тұр! – деді арудың жанында тұрған, көзіне шие түстес көзілдірік, үстіне күмістей жылтыр киім киген Ермекпен жасты бала.

- Жо-жоқ! Бұл мүмкін емес жайт! Бұның барлығы түс, тек қана ТҮС! !! – деп, көзін бес-алты рет ары-бері сипалап, екі бетінен жын қаққандай үш-төрт рет салып қалып, көзін қатты жұмды да, қайта ашты. Қараса, жаңағы екі түсініксіз тіршілік иелері жоқ болды да қалды. – Әрине, солай екенін біліп ем, бұның бәрі түс екен ғой, - деп Ермек кереуетінің үстінде секіре бастады.

- Сенің не үшін қуанып жатқаныңды түсінбейміз. Сенің ғаламшарыңа қауіп төніп тұр, сен қол ұшыңды тигізуің қажет! – деген дауыс Ермектің артынан естілді. Артына қараса, апалы-інілі екі гуманоид ол ойлағандай жоғалып кетпеген, олар тек кереуеттің айналасында жүрген. Тілін жұтып қойған қалпында Ермек бұл екеуіне ұзақ тесіле қарады. Біраз уақыт өткен соң ғана тіл қатты:

- Біздің ғаламшарымызға, шынында да, қауіп төніп тұр ма? Егер бұның барлығы әзіл болмаса, мен әрине қол ұшымды беремін. Тек қана қандай қауіп екенін түсіндіре кетсеңдер....

- Сен қазір жинала бер, біз саған «Гагарин» зымыранында бәрін анықтап түсіндірерміз.

Олар зымыранға кіріп, жайғасты. Ермек болып жатқан оқиғаға сенер-сенбесін әлі білмеуде.

- Сонымен, сендердің сөздеріңе қарағанда, біздің ғаламшарымыздағы адам, сендер тіршілік ететін Марсты жаулап алған. Енді өзі келген әрі біз өмір сүретін Жер ғаламшарымызды жоймақшы. Менің түсінігім дұрыс па?

- Иә, сен сол адамды қалай да болса Жерге қайтаруың керек. Біздегі бар анықтама сәйкес, бұл бала - сенің сыныптасың. Ол жаман микроноидтармен қосылып, мәпелеп өсірген анасын, күліп ойнаған жора-жолдастарын, сыныптастарын, туған жерін – бәрін ұмытқан. Оның бар ойы – Жер планетасын жою. Бізге көмекші ретінде ғаламшарлар жөнінде ең көп білетін онымен жасты бала қажет болды. Біз сёрчметр құралы арқылы сені тауып алдық.

- Сёрчметр, Марс, микроноидтар... Мен өзімнің сүйіп көретін түсімнің бірінде жүргендеймін.

1 сағаттан аз уақыт өткен соң, олар аталмыш ғаламашарға келді. Ермек айналасына таңдай қағып қарады. Зәулім ғимараттардан да биік ағаштар мен талдар, миға қонбас құйрықты, бірнеше қол-аяқты, ондаған көзді жануар аралас адамдар. Үлкен қызығушылықпен ол алға қарай нық сеніммен қадам басты. Басын жоғары көтеріп қарап еді - аспан түсі бірте-бірте қарайланып бастаған секілді. «Бұл жамандықтың белгісі болуы қажет» деп ойлады ол ішінен.

- Біз келдік, - деді Лилиноид. Ермектің алдында дәу темірден жасалған, аздап тракторға ұқсас құрылғы тұрды. Ал оның ең шырқау шегінде Ермектің ең жақын досы – Қанат. Ол осы алып машинаны басқарып отыр екен.

- Сен өз сыныптасыңды таныған шығарсың? – деді Билиноид, көзілдірігін шешіп.

- Иә..., әрин..., - деп сөзін бітірмей, жүгіріп барып машинаның қақ алдына тұрып алды да: - Қанат, бұл мен ғой, Ермек. Сен бұлай істей алмайсың, бері түс, өзіміздің сүйікті Жер планетасына қайтайық, - деді бар даусымен айқайлап.

- Қашаннан бері Жер планетасы мен үшін сүйікті? ?? – деді Қанат зілді дауыспен.

- Ол барлығын ұмытқан, есіңде ме, Ермек? Сондықтан да сен оның өміріндегі ең қызықты сәттерін айтуың керек.

- Ең қызықты сәттер дейсіңдер ме? Қазір, қазір.......

- Ермек, тездет! !! Қанат машинасындағы бір батырманы баса қалса болды, Жер планетасын жоқ деп ойлай берсең болады! !!

- Есіме түсті! Қанат, егер сен ғаламшарды жойсаң, сен үшін әрқашан киелі де қасиетті болып қалатын анаңмен ешқашан кездесе алмайсың!

- Ана? ?? Ана....ана....– деді Қанат бір нәрсені түсінгендей болып.

- Иә, ана! Ана – әлемдегі ең ыстық та жанға жақын сөз! Анаң Гүлайымды есіңе түсірсеңші. Есіңде ме, екеуіміз 8 наурызда аналарымызға сыйлық жасауды ұмытып, сабақтан қашқанымызды және сол үшін мектеп директорынан сөз естігенімізді.

Қанаттың бетінде жимыған секілді күлкі пайда болды, қолы батырмадан алыстай берді.

- Тоқтама, жалғастыра бер! – деді Лилиноид пен Билиноид қорқыныштан бір-бірінің қолын қатты қысып ұстап.

- Ал біздің туған күнімізде аналарымыз бізге қолсағат сыйлады. Міне, менің сағатым, - деп қолындағы қолсағатты нұсқады. – Енді өзіңдікін көрсетші.

Қанат қолына қарап еді, жылтылдаған сағатты көрді. – Анашым менің! – деп машинадан секіріп түсіп, Ермекке қарай бар жылдамдықпен жүгірді де, оны құшағына қысты. Көзінен мөлтілдеп жас тамшылай берді.

- Барлығы да жақсы болады. Ал енді қайтайық, - деді Ермек.

Лилиноид пен Билиноид оларды алып кеткен жеріне қайта әкелді.

Қуанышы қойнына сыймай, Ермек өз бөлмесінде айнала жүгіре бастады. Тоқтай қалып еді, артынан біреу:

- Ермек, тұрсаңшы, сабаққа баратын кез келді ғой, кеш қаласың! - деп түрте бастады.

Ермек басын көтерсе, кереуеттің үстінде жатыр екен, алдында анасы отыр. Басынан кешкенінің барлығының түс екендігін түсініп, анасын құшақтай жөнелді.

- Анашым, мен сені шексіз сүйемін! !! – деді.

- Балақай, мен де сені сүйемін! !! – деді анасы.....

 
Мәдина Торғаева madina-adaika
инженер-программист madblog.kz
19 декабря 2011, 21:12
2417

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Респект. Бір деммен оқып шықтым. Персонаждарды қазақша жақсы суреттеп қояды екенсіз. :)
Мүлдем күтпеген коммент :D Үлкен рахмет соңына дейін оқығаныңыз үшін =)

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6179
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2875
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1740
  • 32
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
вчера / 18:42
  • 1769
  • 36