Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:07, 08 ноября 2009

Ғашық жанның хатынан

Жаңбырлы түнде келесің қарап аспанға,
Көзіңде неге мұң тұнды, жаным, неліктен?!
Бетіңнен сүйген тамшыдан салқын жасқанба,
Мен деп біл оны мас болған сендік көріктен.

Құшаққа алып аймалап жүрмін айнала,
Көрмейсің мені адасқан сен деп есінен.
Шашыңнан сенің сипайтын барып жай ғана,
Жел болып соғып, самал боп мәңгі есілем.

Серуендеп жүрген жолыңа жарық түсіріп,
Жұлдыздар жағып нұрлы бейнеңді көрем де,
Қалаған сәтте жарықты бір сәт өшіріп,
Ай болам, жаным, ай болам түнде төбеңде.

Оянған сәтте ұйқыңнан тәтті, аяулым,
Өзіңнен сұлу, өзіңнен көркем болмайды-ау.
Таң шапағыменен алтынға, шіркін, бояулы,
Күн болып, жаным, күн болып сүйем маңдайдан.

Daure6 (c)

0
383
2