Күдік, күмән, толқу. Кеңес Одағынан ыдырап шыққан Қазақ жұрты үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тар жол, тайғақ кешумен пара-пар болатын. Зауыттардың дерлігі қаңырап бос тұрды, жастар...

Күдік, күмән, толқу. Кеңес Одағынан ыдырап шыққан Қазақ жұрты үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тар жол, тайғақ кешумен пара-пар болатын. Зауыттардың дерлігі қаңырап бос тұрды, жастар жұмыссыз, халықтың көңіл-күйі пәс. Ел тұтқасын қолға алған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің еңсесін тіктеуге барын салды. Сол кездегі елдің жағдайына қанық куәгер азаматтардың бірі - Ермек Келемсейіт. 1995 жылы Парламент депутаты болып сайланды. Ол кезде Қазақ елінің дәл мұндай қуатты мемлекетке айналарына шүбә келтіргендердің көп болғандығын айтады. Содан бері 20 жыл өтті. Қазақстан гүлденген, қуатты, ал халқы бақуатты мемлекетке айналды. Тәуелсіздіктің торқалы тойында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.
Ермек Келемсейіт, Алматы облысы, Панфилов ауданының әкімі:
Күдікті ойлардың барлығының сейілгенін, тәуелсіздіктің нығайып келе жатқанын, тіпті еліміздің бұрынғы өзіміз одақтас республикалар емес, әлемге әйгілі бола бастағанын көріп, мен бір жағынан қуанамын, мақтанамын. Осындай мемлекеттің азаматы екеніме. Бұл әрине оңайлықпен келген іс емес. Қандай да бір корабльдің капитаны болады. Соның басқаруымен, соның белгілі бағытты меңзеуіменен жүретін нәрсе. Сондықтан біздің үлкен корабльмыздың капитаны, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз. Бұл кісінің жолдары өте дұрыс қой деп ойлаймын. Қазір оған ешкім шек келтіре алмайды.
Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы :
Талай мемлекетті аралап жүрміз ғой, сол ойлап қарасам біздің мемлекетіміздің соншалықты жоғары деңгейде өскендігі. Ол біздің бірлігіміз, біздің ниетіміз, ата-бабамыздың армандаған армандары осы еді. Жақсы тұрып, халқым, елім, басқа елдерден артық тұрса екен деген ниетін біз орындаған секілдіміз. Бұған әрине, Елбасыға рахмет. Осынша алға басқанымызға. Бірлік болса, атам қазақ айтқан тірлік болады деп. Бейбітшіліктің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз.
 

Оцените пост

1
Дальше