Бүгінгі тәуелсіздік мейрамына орай, кеншілер астанасы Қарағандыда биіктігі 47 метрлік тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ұшар басындағы шарда алтынмен апталған, шапағын шашқан күн...

Бүгінгі тәуелсіздік мейрамына орай, кеншілер астанасы Қарағандыда биіктігі 47 метрлік тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
Ескерткіштің ұшар басындағы шарда алтынмен апталған, шапағын шашқан күн мен қыран тәуелсіздікті білдірсе, төрт бұрышындағы 4 пырақ еркіндікке ұмтылған ел нышаны. Композицияның авторы және сәулетшісі Мұрат Байысбай. Монументті құру кезінде айналасындағы алаң абаттандырылып, жаңа субұрқақ салынды. Бұл ескерткіш өткен күндердің белгісі ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор табысының, оның жарқын болашаққа, асқаралы асуларға деген ұмтылысының символы болмақ. Ескерткішті орнатуға облыс бюджетінің 250 млн. теңге бөлінген.
Арман Қырықбаев, облыс әкімінің орынбасары:
Естеріңізде болса осы Тәуелсіздік монументі орнатылған  жерде, пролетариат «көсемі» Ленин ескерткіші тұрған. Бір жыл бұрын ғана ол тұғырынан түсіп, оның орнына төбесінде алтындатылған күн мен төрт бұрышын 4 пырақ қорғап тұрған тәуелсіздік белгісі - Тәуелсіздік  монументі орнатылды.

Оцените пост

0